"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТЫҢ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ

14.05.2022
ТЫҢ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ТЫҢ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ

 

Өткен наурыз айында елорда төрінде өткен кезекті бір жиында Қазақстанның Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Халықтың табысын арттыру бағдарламасын түсіндірген болатын. Премьер-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына орай, азаматтардың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайы мемлекеттің басты назарында болуы керек. Сондықтан да Халықтың табысын арттыру бағдарламасы азаматтардың тұрмысын жақсарту және әлеуметтік-еңбек саласында тәсілдерді жаңалау үшін әзірленген.

Осы орайда Шығыс Қазақстан облысында бүгінгі таңда Даниал Ахметовтің бастамасымен бірқатар іргелі шаралар қолға алынып, нәтижелі жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтар болсақ, халық табысын арттыруға бағытталған  негізгі шаралар бірінші кезекте халықтың нақты табысын арттыруға және жұмыспен қамтуға бағытталып отыр. Ол жүйелі индустрияландыру, экономиканы әртараптандыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы іске асырылуда.

Айта кетер жайт, оқу бітіретін түлектерді жұмысқа орналастыру үшін университеттер жанынан карьерлік орталықтар құру көзделуде. Ал бос жүрген жастарды жұмысқа тарту деңгейлік әкімдіктерге тапсырылған.

Сол тәрізді аймағымыздағы барлық мемлекеттік ұйымдардың алдында ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыру және тұрақты жұмыс орындарын құру міндеті тұр.

Жалпы, Үкімет бірінші кезекте ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасап, жеке қосалқы шаруашылықтардың кірістерін едәуір арттыруды көздеп отырғаны белгілі. Бұл орайда, мәселен, Семей қаласының іргесіндегі бірқатар шаруа қожалықтары азық-түлік белдеуін қамтамасыз етіп, өңірдегі баға тұрақтылығына да ықпал етеді. «Ауыл – табыс көзі» жобасы шеңберінде үй шаруашылығы кооперативтерінің бірлестіктерін қолдау көзделеді. Ауыл әкімдерінің рейтингісінде осы кооперативтерді қолдауы назарға алынатын болады. Яғни, Үкімет әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға да ниетті.

Ал облысымыздағы өңдеу өнеркәсібін жаңғырту, импортқа тәуелділікті еңсерумен қатар, халықтың табысына да әсер ете алады. Бұл, бір жағынан, бизнес өкілдеріне кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, қазіргі таңда Семейдегі консерві өнімдерін шығаратын зауытқа 200 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінгені белгілі. Бүгінде жұмыстың 40%-ы толықтай аяқталды. Жабдықтың бір бөлігі сатып алынып, жеткізілді. Алдағы уақыттарда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жаңа жобаларға да қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасында креативті индустрияны дамыту көзделген. Айта кетерлігі, әлемдегі шығармашылық индустрияларды капиталдандыру бүгінде шамамен 2,3 трлн долларды құрайды. Мәселен АҚШ-та индустрия аясында 30 млн-нан астам жұмыс орны құрылды. Креативті индустриялар біртіндеп дамыған және дамушы елдерде экономиканың драйверлеріне айналуда. 2016 жылы кореялық креативті индустриялардың экспорты 6 млрд доллардан асты. Бүгінгі таңда жастар мәдениет, кино, шығармашылық, IT-технологиялар саласындағы отандық креативті жобаларға қатысады. Олардың алдында қазақстандық мәдениетті, бірегейлікті, өнерді дәріптеу міндеті тұр.

Бұл орайда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық әкімдікте өткен кезекті бір жиын барысында аймағымызда да креативті индустрияларды дамытудағы алғашқы жедел шаралар іске қосылғанын атап өткен болатын. Бұл – креативті индустрияларды қолдаудың мемлекеттік емес қорын тіркеу, шығармашылық өсу үшін қолжетімді инфрақұрылымды анықтау, тағы басқалар. Мәселен, Серебрянск бейорганикалық өндірістер зауытын қалпына келтіру, Өскемен іргесінен жаңадан май зауытын ашу сынды іргелі жобалар осы бағытты қамтиды. Мұның барлығы, түптеп келгенде, мемлекетіміздің қолға алған халықтың табысын арттыру бағдарламасына елеулі серпін беретін шаралар санатына жатады.

Баса атап өтерлігі, аталмыш бағдарлама аясында елімізде импортталатын азық-түлік тауарларын 100% отандық тауарлармен алмастыру іске асырылады. Бұл орайда Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Парламент төріндегі бір сөзінде:

— Қазіргі кезде азық-түлік бойынша 80 пайыз деңгейінде өзімізді-өзіміз қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Өнімдердің 20 пайызын ғана сырттан әкелуге мәжбүрміз. Енді 2025 жылға дейін өнімнің алты түрін толықтай жабуға мүмкіндік болады. Тек қант қана 80 пайыз деңгейінде қалады. Басқа тауарлардың ішкі өндіру көрсеткіші жөнінде 100 пайыз деңгейге шығарамыз. Бұл – ең үлкен жобалардың бірі. Сондықтан импорттық тәуелділікті болашақта жою үшін 900 инвестициялық жоба іске асырылады, — деген болатын.

Бұл бағыттағы шаралар қазіргі таңда облысымызда сәтімен жүзеге асыпрылуда. Мәселен, осыдан біраз бұрын ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан Ұлан ауданында жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Даниал Ахметов «Багратион» және «Украинка» шаруашылықтарында әрқайсысы 600 басқа арналған екі роботтандырылған сүт-тауар фермасының құрылысын көріп қайтқан болатын. Осы сапары барысында Даниал Кеннжетайұлы ауданның аграршылары картоп өсіру бойынша тамаша жоба әзірлегенін, алаңдар мен тұқым қоры дайындалғанын көріп, осыған дейін бос жатқан 9,8 мың гектар жайылымдық жерлер мемлекетке қайтарылғанын, жалпы, ауданның шаруа қожалықтарының басшылары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жақсы үлгісін көрсетіп отырғанын айтқан еді. Жергілікті кәсіпкерлер бүгінде жолдарды жөндеп, жас мамандарға арналған пәтерлер мен ауылдық клубтар салуда және қалпына келтіруде.

Бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламасы бойынша Таврия мен Бозанбайда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталуда, жолдар асфальтталды. Ал келесі жылы кенттегі жылумен жабдықтау желілерін жөндеу басталады. Осылайша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезінетін қожалық иелері қосымша жұмыс орындарын ашып, халықтың күнкөріс деңгейін ғана емес, өмір сапасын да арттыруға ықпал етіп отыр.

Жалпы еліміз бойынша, соның ішінде облысымызда халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрақты табысын қалыптастыру бағытында да кешенді жұмыстар жүргізілетін болады. «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде гранттармен қамтылады. «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы аналар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарға біліктілігін арттырып, үйден шықпай-ақ табыс табуға мүмкіндік жасалады. Бұл жобалар аясында әйелдер еңбек нарығында сұранысқа ие 14 мамандық бойынша қысқа мерзімді курстан өтіп, өз ісін ашу бойынша тегін консультациялар алады.

Жалпы, жобадағы ең үлкен бағыттардың бірі – жастар. Оларға қатысты нақты жобалар бар. Колледждер жанынан студенттерге тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін 100 шағын кәсіпорын құрылады. Алғаш рет жоғары оқу орындарында студенттердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін 103 мансап орталығы ашылады. Бұдан бөлек, 7 мыңнан астам мектепте 7-сыныптан бастап мамандық таңдауға баулитын «педагог – кәсіптік бағдар беруші» мамандығы енгізілетін болады. Мұның барлығы да Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Оны бақылау жергілікті атқарушы органдарға тапсырылған.

Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама аясында жалпы ішкі өнімдегі еңбекақы үлесін арттырудың да маңызы зор болып отыр. Ең бастысы, бағдарлама арқылы ел азаматтарына өзінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, табысын арттыруға жол ашылуы керек. Халықтың табысын арттыру мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың мойнында.

Сонымен қатар Қазақстанда 220-дан астам мамандық трансформацияланып, 239 жаңа мамандық пайда болады. Компанияларда жалақы 5-тен 40 пайызға дейін өседі. Қазақстан тарихында еңбекақы төлеу деңгейі бұлай көтерілген емес.

Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысындағы көптеген компанияларда еңбекақы көтерілді, ал бюджеттік салада, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау салаларында жыл сайынғы пайыздық өсім бар. Сондықтан нақты қаржы ресурстары бар.

Енді Семей өңірі бойынша атқарылуы тиіс іс-шаралар қатарына ойысалық. 2026 жылға қарай қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында, оның ішінде Кешенді жоспарды іске асыруда халық табысын арттыру бойынша көптеген нәтижелерге қол жеткізіледі деп күтілуде. Жаңа жобаларды іске асыру нәтижесінде, оның ішінде Кешенді жоспар шеңберінде 2026 жылға қарай Семей өңіріндегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,6 есеге ұлғайып, 300 млрд теңгені құрайтын болады, атап айтқанда өңдеу өнеркәсібінде 1,7 есеге  көбейеді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттардың жүктемесін арттыру және де жаңа кәсіпорындардың ашылуы есебінен мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жаңа кәсіпкерлік объектілерін салу және көліктік-инженерлік инфрақұрылымды дамыту есебінен бөлшек тауар айналымының көлемі 2018 жылдың деңгейіне қарағанда екі есеге өседі деп болжанып отыр, бұл 460 млрд-тан астам теңгені құрайтын болады.

Кешенді жоспарды іске асыру аясында қала аумағында шағын құрылыстар салынады, төрт мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құра отырып, жаңадан инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды тиімді пайдалануға толықтай қол жеткізілмек.

Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар халықтың табысын көбейтуге, өмір сүру сапасын жақсартуға және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға молынан ықпал етеді. Демек, мемлекетіміз қолға алып отырған жаңа бағдарламаның нәтижесін алдағы үш-төрт жыл ішінде көретін боламыз.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Мақалада: ТЫҢ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ

Ұқсас жаңалықтар

 Студент жетістігіне жол ашатын интеллектуалды көмекші

14.05.2026
 Студент жетістігіне жол ашатын интеллектуалды көмекші

Қазіргі таңда әлемдік білім беру кеңістігі қарқынды цифрлық трансформация кезеңін бастан өткеруде. Әсіресе, жасанды интеллект технологиялары жоғары білім беру жүйесіне...

Толығырақ...Details

«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

12.05.2026
«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Семей қаласындағы Водный кентінде «Таза қала – таза орта» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Тазалық шарасына...

Толығырақ...Details

Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

12.05.2026
Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

Аймақ басшысы Берік Уәлидің тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов бастаған делегация іссапармен Австралияға келді. Делегация құрамында ауыл шаруашылығы...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

12.05.2026
Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

Semeytany.kz - 2026 жылғы 12–15 мамыр аралығында Бесқарағай, Жаңасемей және Бородулиха аудандарының аумағында «Қанжар-Антитеррор-2026» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылады. Іс-шараны Шығыс Қазақстан,...

Толығырақ...Details

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

12.05.2026
Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

Жүректерді біріктірген ізгілік – қоғамның рухани деңгейін, адамдар арасындағы өзара сыйластық пен жанашырлықты айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Мұндай игі бастамалар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

 Студент жетістігіне жол ашатын интеллектуалды көмекші

15 минут бұрын

«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

2 дня бұрын

Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

2 дня бұрын

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

2 дня бұрын

Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

2 дня бұрын

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

2 дня бұрын

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

3 дня бұрын

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

4 дня бұрын

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

5 дней бұрын

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС