"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МӘДЕНИЕТ — ӨМІР МӘЙЕГІ

22.05.2022
МӘДЕНИЕТ — ӨМІР МӘЙЕГІ
61
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, елімізде 2013 жылдан бері 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленеді.

Осы күні рухани байлығымызды арттыруға, мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуына зор үлес қосып жүрген мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады.

Бүгінде аймағымызда мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтіп жүрген өнер адамдары көп. Бұл ретте әсіресе Семей өңірінің тума таланттары еліміздің мәдени-рухани саласының дамуына орасан үлес қосып жатыр десек, қателеспейміз. Семей өңірінің мәдениет саласын сан тарауға бөліп қарастыруға болады. Оның ішінде мұражай қызметін бөле-жара атап өтуге болады.

Бүгінгі таңда Семейде төрт мұражай жұмыс істейді: Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық үй-мұражайы, Невзоровтардың бейнелеу өнері мұражайы, Абайдың мемлекеттік тарихи және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы және Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.

Республикадағы ең ірі және халық жиі баратын мұражайлардың бірі — Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы. Музейде Абай өмір сүрген уақыттың атмосферасы жасалған, мұнда ақын тегінің генеологиялық ағашы бейнеленген.

— Мұражайлардың біздің өмірімізде алатын орнын еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Мұнда ата-бабамыздың өткен тәжірибесі шоғырланған. Мұражайларға барған кезде біз тарихпен танысып қана қоймай, рухани жағынан дамимыз.

Қазіргі таңда қала мұражайларында 298 адам қызмет етеді. Осы салада абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерге алғысымды білдіремін. Сіздер біздің тарихымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келесіздер. Сіздердің қызметтеріңіздің арқасында біз тарихымызды тереңірек біліп, қиялымызды дамытамыз, — деп жазды мұражай қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған қала әкімі Бақытжан Байахметов өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Қоғамның мәдени деңгейі мен талғамын көтеруде театрлардың да алатын орны ерекше. Семей қаласындағы Аб ай атындағы қазақ музыкалық — драма театры — қазақ театр өнерінің қара шаңырағы. 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды. Осы Ойқұдықта маздаған шоқ бүгін егемен еліміздің өркендеген өнеріне айналып отыр.

Осы қара шаңырақта тәжірибе жинақтаған талай әртістер қазіргі таңда республикадағы театрларда жемісті қызмет етіп жүр. Аға буын режиссерлер мен актерлердің дәстүрін бүгінде талантты жастар жалғастырып жатыр.

«Дариға-ай» жастар театры профессор Дариға Тұранқұлқызы мен белгілі қоғам қайраткері,  ашылды. Сонымен қатар профессор Майра Омарбаева, аға оқытушы Мейрамгүл Алепарова, театрдың режиссері және көркемдік жетекшісі болған Ақбарәлі Айтибаев сынды азаматтар да өнер ошағының іргетасын қаласты. Бүгінде театрдың репертуарында Қазақстанның ғана емес, шетел драматургтерінің де шығармалары бар.

Өнер ордасының алар асулары әлі де болса алда екені анық.

Қазақстандағы ең көне кітапханалардың бірі – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана. Мыңдаған оқырманның ыстық ықыласына бөленген мәдениет ошағының шаңырақ көтергеніне ғасырдан артық уақыт өтті. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің шешімі бойынша кітапханаға қазақтың кемеңгер ақыны Абай есімі берілді. Семей тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерінен орын алатын кітапхана тарихы ұлы ақынның есімімен тығыз байланысты.

Сонау XIX ғасырдан бері ғұламалар мұрасын ғасырдан-ғасырға жеткізіп, талай оқырман үшін руханияттың ордасы болған киелі шаңырақ бүгінде жаңа заман талаптарына сай қызмет көрсетуде. Бүгінгі кітапхананың мақсаты — қала жұртшылығының сұранысын қамтамасыз ету үшін ақпараттық әлеуетін нығайту, оқырман қауымның ақпараттарды білуге деген талап-тілектеріне қолдау көрсету, электрондық ресурстарды тиімді қолдануға үйрету. Жалпы, оқырман сұранысына жауап беретін ақпараттық орталық ретінде кітапхананың алар орны ерекше. Қазір бұл кітапхананың кітап қоры 340 мыңнан асады, оны 17 000-ға жуық оқырман пайдаланады. Жыл сайын 400 мыңға жуық кітап өз оқырманын тауып, кітапханаға келушілер саны 176 000-ға жетіп  отыр. Жылына кітапхана 200-ге тарта мерзімді басылымдарды жаздырып алады.

Қалада қазіргі таңда орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен балалар мен жасөспірімдер кітапханасы да жемісті қызмет атқаруда. Екі мәдени мекеменің де келушілері көп, кітап қоры жыл сайын жаңартылып тұрады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканың негізгі бағыттарын дамытуға басымдық бере отырып, мәдениет саласын ілгерілетуге де баса назар аударып отыр.
«Мәдениет қызметкерлерін қолдау қажет. Біз мәдениет саласында еңбек ететін адамдарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл, ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдікпен берілетін тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде», – деген еді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында.

21 мамыр — халқымыздың бай мəдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтардың еңбегі бағаланатын күн. Қаламға серт еткен ақын-жазушының, өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерінің, білім бұлағымен сусындатқан кітапханашының, мазмұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нəрін сыйлайтын театр, кино жəне опера əртістерінің, өңірлердегі мəдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегі ұшан-теңіз. Осы ретте өңіріміздегі мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт пен сәттілік, қажымас қайрат, мұқалмас жігер тілейміз.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: МӘДЕНИЕТ - ӨМІР МӘЙЕГІ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

29.10.2026
Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

Семей медицина университетінде өткен «Bir Tolqynda» диалогтік алаңында Мемлекет басшысының Жолдауындағы маңызды бастамалар талқыланды. Жастар инфрақұрылымды дамыту, ең төменгі жалақыны...

Толығырақ...Details

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

29.10.2026
Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

Бүгін аймақ башысы Берік Уәлидің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты...

Толығырақ...Details

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

28.10.2026
1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент...

Толығырақ...Details

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

28.10.2026
Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласындағы кемшіліктерге тоқталып, оларды жою жөнінде тапсырмалар берді. Оның сөзінше, тағы...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

28.10.2026
Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес. Бұл ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз....

Толығырақ...Details

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

28.10.2026
Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

3 часа бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

3 часа бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

23 часа бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

23 часа бұрын

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

23 часа бұрын

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

23 часа бұрын

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

23 часа бұрын

Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

23 часа бұрын

Мемлекет басшысы Қазақстанның үлкен мақсатын атады

23 часа бұрын

Негізсіз жәрдемақылардың көбеюі мемлекеттік басқарудың әлсіздігін көрсетеді – Тоқаев

23 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС