"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ӘР АЛУАН…

31.05.2022
ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ӘР АЛУАН…
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Бұл жолғы қабылдауда Шығыс кентінің тұрғындары болды. Қабылдауға келген азаматтар, негізінен,  әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Қабылдауға алғашқы болып келгендердің бірі Айнұр Иманғалиева қызының жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді сұрады.  Қызы облыс әкімінің гранты бойынша білім алған. Оқу орны оның қызына тек облыс орталығынан жұмыс іздеуі керектігін  айтқан. Бірақ олар Семей қаласында тұрады.

Бақытжан Байахметов жоғарғы оқу орнының түлегіне туған қаласында жұмысқа орналасуына көмек көрсетуге уәде берді.

Қала әкімінің көмегіне жүгінген І топтағы мүгедек Зәуреш Әубәкірова 30 жыл бойы пәтер жалдап тұрады. Қызы мен немерелері бар. Баспана кезегінде 2014 жылдан бері тұр, кезек нөмірі – 882. Зәуреш Әубәкірова жақын арада тұрғын үйге қол жеткізе алмайтынын айтып,  әкімнен баспана мәселесін шешуге көмек көрсетуді өтінді.

Қала басшысы өтініш берушіге, заңнамаға сәйкес, жалдау ақысын субсидиялауға Отбасы банкіне құжаттар тапсыруға ұсыныс жасап, тұрғын үй инспекциясы бөліміне құжаттарды рәсімдеуге, сондай-ақ қолайлы тұрғын үйді іздестіруге көмек көрсетуге тапсырма берді. Жалдау ақысының жартысын мемлекет өтейді.

Чернобыль ардагері Т.Нүрпейісов қызымен және немерелерімен бірге жеке сектордағы үйде тұрады. Ол  пәтер сатып алуға көмек көрсетуді сұрап келді. Тұрғын үй кезегінде 2018 жылдың ақпан айынан тұр, кезек нөмірі – 2326. Т.Нүрпейісов осыған дейін өзіне ұсынылған жатақхана бөлмесінен бас тартқан.

Қала әкімі тұрғын үй инспекциясына екі баласы бар қызын «Толық емес отбасы» санаты бойынша есепке қоюға көмек көрсетуді тапсырды. Чернобыль ардагеріне Отбасы банкінде қажетті құжаттарды ресімдеу қажет. Сол кезде жаңа тұрғын үй алу әлдеқайда жылдам болады.

Шығыс кентінің тұрғыны Гаухар Мүслимова тұрғын үйге кезекке қою мәселесін шешіп беруді сұрады. Оның әкесі — Ұлы Отан соғысының ардагері тұрғын үй кезегінде тұрған. Бірақ 2011 жылы қайтыс болды. Заң бойынша, ол қайтыс болғаннан кейін пәтер алу құқығы жұбайына және балаларына ауысуы керек болған. Алайда кейбір себептерге байланысты майдангердің әйелі мен балалары отбасы құрамына кірмеген. Ал оның жұбайы — 97 жастағы Шәрипа Мүслимова 1358 нөмірімен басқа кезекте тұр. Шәрипа Мүслимова жарына тиесілі пәтерді алуға тиіс болатын.

Қала әкімі Гаухар Мүслимовға тұрғын үй комиссиясына өтініш жазуды ұсынды, тұрғын үй алу мәселесінде әділдікті қалпына келтіру үшін барлық құжаттарды тапсыру қажет.

Мәкен Давлетчина Шығыс сол жақ кентінде тұрады. Онда су құбыры болмағандықтан, 5 шақырым жерде орналасқан құдықтан су алуға мәжбүр екенін айтады. Сондай-ақ ол кенттегі дүкендерді зейнеткерлер мен көп балалы аналар үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етуге көмек көрсетуді сұрады.

Азаматшаға қазіргі күні әзірленіп жатқан Шығыс оң жақ және Шығыс сол жақ саяжай алаптарының егжей-тегжейлі жоспары туралы түсініктеме берілді. Қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізілгеннен кейін сумен жабдықтау желілерін салу жобасын әзірлеу мәселесі қаралады.

Ауыз су тапшылығы мәселесі өткір тұрғандықтан, блокты-модульді жүйе орнату мәселесін қарастыруға тапсырма берілді. Арнайы жұмыс тобы мәселені зерттеу үшін аталмыш аумаққа барады.

Қала әкімі сондай-ақ тиісті мамандарға зейнеткерлер мен көп балалы аналарға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бойынша есеп дайындауды тапсырды. Бұл тауарлар тиісті куәліктерді көрсеткен тұрғындарға саудаланатын болады.

Водный кентінің белсенділері Айгүл Қанафина, Гүлнар Малчибаева және Валерия Кәкенова кенттің егжей-тегжейлі жоспарына қатысты өтініштерін білдірді.

Восход және Водный кенттерінің «Жұмыс кенті жылу электр алабы-3» егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары қаланың бас жоспары негізінде белгіленген тәртіппен әзірленіп, бекітілген. Жоспарлау жобасына сәйкес, Водный кентінде 4 жалпы білім беретін мектеп пен 5 балабақша салу көзделген. Қазіргі таңда білім бөліміне Водный кентінде 600 орындық мектеп салу үшін жер учаскесі берілді. Сонымен қатар балабақша салуға да жер телімі белгіленген.

Восход кентінде қазіргі уақытта № 34 мектеп жұмыс істейді, 230 орындық балабақша құрылысы үшін жер телімі қарастырылған.

Биыл Шығыс сол жақ саяжай алаптарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленетін болады. Шығыс сол жақ саяжай алабында 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Ал инженерлік инфрақұрылым ағымдағы жылы аяқталады. Мектеп жанында 320 орындық балабақша құрылысына арналған жер телімі қарастырылған.

Шығыс оң жақ саяжай алабында 300 орындық мектеп және 140 орындық балабақша құрылысы көзделіп отыр.

Шығыс кентінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын 2023 жылға әзірлеу жоспарланған.

Белсенділер кентте балалар ойын алаңын, футбол алаңын және автобус аялдамасын салатын орындарды ұсынды. Қала әкімі өзінің орынбасарына жоғарыда аталған нысандарды орналастыруға ыңғайлы болатын жерлерді қарап шығуды тапсырды.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мақалада: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ӘР АЛУАН...

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС