"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ТАЛАПҚА САЙ

19.06.2022
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ТАЛАПҚА САЙ

Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Дана халқымыз «Бірінші байлық — денсаулық» дейді. Ал денсаулығымыз дәрігерлердің біліктілігіне, медицина мекемелерінің жабдықталуына тікелей байланысты. Емханалар мен ауруханаларда дұрыс қызмет көрсетіліп, жақсы жағдай жасалуы керек. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласы бойынша өзге өңірлермен салыстырғанда көш басында келеді. Оған себеп те бар: облыстық әкімдік тарапынан, әсіресе аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тарапынан аталған салаға зор көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Бір ғана мысал: соңғы бес жылдың ішінде өңірдің медициналық әлеуетін арттыру мақсатында халықаралық стандарттар мен қатаң талап сүзгісіне төтеп бере алатын үш мыңнан астам заманауи медициналық құрал-жабдық сатылып алынған екен.

Облыстағы жедел жәрдем паркінің автокөліктері жаңартылып, 200-ден астам жаңа көлік алынды. Бұл күнде әлем денсаулық саласында ядролық медицинамен емдеуді үлкен күшке айналдырып, шарапатын көріп отыр. Өркениеттің көшінен біз де қалмауымыз керек. Шығыс өңірінде диагностика және терапия қарқынды дамып келеді. Мәселен, Семей қаласында радиофармпрепараттар өндіретін, радионуклидтік диагностика мен терапия жүргізуге дейінгі процестерді іске асыратын Ядролық медицинаның бірегей орталығы ашылып, іске қосылды. Радионуклидтік терапия бөлімшесі – еліміздегі теңдесі жоқ жалғыз орталық. Емдеу ісі әлемнің осындай орталықтарымен шендесе алады. Радионуклидтік терапия «емі жоқ аурудың» өзін емдеуге мүмкіндік тудырады. Қаншама науқас ем алып, диагностикалық зерттеулерден өтті. Семейдегі перинаталдық кешенде балаларды оңалту және катамнез орталығына жаңарту, жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында маммология мен гинекологияның жансақтау бөлімшесіндегі ота жасалатын блогы жөндеуден өтіп, жаңғыртылды. Республикамызда әзірге баламасы жоқ Гематология орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жасушалық әрі гендік-инженерлік технологияларды пайдаланудың ресурсы жоғары.

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын күшейтіп, жаңғырту мақсатында екі компьютерлік томограф, бірнеше рентген аппараты алынды. Үржар ауданындағы Алакөл көлінің жағалауында фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Мұның барлығы халық сұранысына сай жүзеге асырылуда.

Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде тәжірибе жинау, шеберлік шыңдап, білімін жетілдіру ісі де кезең-кезеңімен жүйелі жүргізіліп келеді.  2017 жылдан бастап кардиология, оның ішінде кардиохирургия, инсульт орталықтары, нейрохирургия, медициналық оңалту, онкология, акушерлік және гинекология салалары бойынша Англия, Германия, Польша, Ресей, Италия, Литва, Израиль, Жапония сынды елдердегі алдыңғы қатарлы орталықтарда мамандарымыз тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдап қайтты. Бұл үрдіс әлі де жалғасуда. Медициналық кадрларды оқыту бағдарламасының аясында бес жыл аралығында бес мыңнан астам медицина қызметкері оқып келді.

Өскемен қаласындағы 1947 жылы облыстық онкологиялық диспансер ретінде ашылып, кейінгі жылдарға дейін Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансер ретінде қызмет атқарып келген емдеу мекемесі 2018 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық Көпсалалы онкология және хирургия орталығы деп өзгертілді. Халықтың денсаулығын жақсартуға айрықша көңіл бөліп, тәуекелге бел буудың нәтижесінде медицина мамандары көптеген жетістіктерге жетуде. Орталықтың медициналық құрылғылары да, заманауи жабдықтары да әлемдік стандарттарға сай. Қатерлі ісік патологиясы бар науқастардың сырқатын диагностикалық талдаулар арқылы анықтау және сырқатын емдеу шаралары халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі.

Консультациялық-диагностикалық бөлімшеге консультациялық блок, амбулаториялық хирургия орталығы, амбулаториялық химиотерапия кабинеті, эндоскопиялық блок, оңалту блогы қарайды.

Бұрынырақта шығысқазақстандықтардың сырқатын емдетпестен бұрын дәрігердің алдына барып кеңесін алу, диагностикалық зерттеу жүргізу үшін Алматы, Нұр-Сұлтанға сабылғаны рас. Ал қазір жергілікті халық бұрынғыдай табанынан тозбайды, жақын жерден денсаулығын тексерте алады.

Осы күнге дейін науқастар алдын ала жазылып, уақыты келгенде ғана тексерілуге жететін. Енді жағдай мүлде басқаша, қайта пациент өзі қалаған уақытына жазылып, ыңғайлы мерзімде тексерістен өте алады. Қорытындысын арнайы базадан жергілікті дәрігері арқылы шығарып алуына да мүмкіндік қарастырылған.

Шетелдік компаниялардың озық технологиясын сатып алмас бұрын мамандар оқуға жіберіліп, тәжірибе мен шеберліктерін шыңдады. Шет елдерден мамандар келіп,  тәжірибелерімен бөлісті. Онкология және хирургия орталығы мамандарының басым көпшілігі шет елдерде білімін жетілдірді. Ертеректе тәжірибе алмасуға дәрігерлер екі апта мерзімге баратын болса, енді 1 — 3 ай аралығында оқуына жағдай жасалып отыр.

Баршамызға белгілі, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халықтың денсаулығына баса көңіл бөлуді қадап айтып, тапсырмалар жүктеді. Бұл салада әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Мәселен,  бүгінгі таңда шығыс өңірінде алдыңғы орында өкпе ауруы тұр. Халықтың денсаулығын бақылау мақсатында скринингтік тексеру жүргізіледі. Тіпті сенбі-жексенбі күндері де Ашық есік күндері ұйымдастырлып тұрады. Жұмыс уақытында келе алмаған жандар осындай Ашық есік күнінде тексерілуіне қолайлы жағдай жасалып отыр.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ТАЛАПҚА САЙ

Ұқсас жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

24.01.2023
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ Өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты...

Толығырақ...

КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА

16.08.2022
КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА

КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА Ауылда кім қалады? Бүгінде мемлекет тарапынан айрықша назар аударылып отырған салалардың бірі – денсаулық сақтау саласы. Десек...

Толығырақ...

ЕРТЕ АНЫҚТАЛСА, АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ

03.08.2022
ЕРТЕ АНЫҚТАЛСА, АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ

Саркома – қатерлі ісіктің бір түрі Бұл рак клеткалары ағзаның дәнекер тінінен пайда болады. Саркоманың неғұрлым кең тараған түрлеріне остеосаркома...

Толығырақ...

МАМАНДЫҒЫН СҮЙГЕН ДӘРІГЕР

03.08.2022
МАМАНДЫҒЫН СҮЙГЕН ДӘРІГЕР

Дәрігер - адам өмірі үшін жауапкершілік алып, оның денсаулығына алаң болып жүретін бірден-бір мамандық иесі. Өз ісін сүйіп, халқына адал...

Толығырақ...

РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАТТЫҢЫЗ БА?

13.07.2022
РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАТТЫҢЫЗ БА?

Шілде айының 10-ы күнгі көрсеткіш бойынша, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентімен қамту 100 пайызға...

Толығырақ...

ЕЛ «САРЫ» АЙМАҚҚА ӨТСЕ, ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ?

05.07.2022
ЕЛ «САРЫ» АЙМАҚҚА ӨТСЕ, ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ?

Қазақстан коронавирус бойынша «сары» аймаққа өтсе, Үкімет қандай шараларды қолға алады? Бұл туралы  Премьер-Министрдің орынбасары Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай 2023 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

15 часов бұрын

Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады

16 часов бұрын

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

20 часов бұрын

КӨМІРМЕН ҚАМТУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

21 час бұрын

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ТҮЙТКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

21 час бұрын

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

21 час бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНА 1,9 ТРЛН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛМАҚ

21 час бұрын

Семейден бірнеше бағытта әуе рейсіне субсидия беріледі

2 дня бұрын

Абай облысында 14 мың жұмыс орны құрылады

2 дня бұрын

Арман Дүйсеновтың неден қайтыс болғаны анықталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС