"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА

Ауылда кім қалады?

16.08.2022
КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА
73
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА

Ауылда кім қалады?

Бүгінде мемлекет тарапынан айрықша назар аударылып отырған салалардың бірі – денсаулық сақтау саласы. Десек те, денсаулық сақтау жүйесін нығайту, ең алдымен, адами капиталды дамыту стратегиясына келіп тірелері анық. Өкінішке қарай, елімізде медицина кадрларының жетіспеушілігі жайлы жиі айтылуда. Әсіресе облыс орталықтарында, аудандар мен ауылдарда білікті дәрігерлер аз. Былтыр 16 қарашада өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та осы мәселеге айрықша мән беріп, елімізде медицина кадрларының тапшы екеніне, салаға 4 мыңға жуық қызметкердің жетіспейтіндігіне алаңдаушылық танытып, өңір әкімдеріне осы мәселені назарда ұстау төңірегінде тапсырма берген еді. Әрине, бұл ретте аймақтарда медицина қызметкерлеріне қажетті жағдайдың жасалмауы, шалғай елді мекендерде инфрақұрылымы заманауи, соңғы үлгідегі құралдармен толықтай жабдықталған мекемелердің болмауы сынды мәселелер де кері әсер етіп отыр. Қазіргі таңда медицина саласында бұдан да бөлек қордаланған мәселелер жетерлік. Осы орайда, Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Сандыбаевқа медицина саласына қатысты біраз сауалымызды қойған едік.

КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА
Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Сандыбаев

— Марат Нұрланбекұлы, Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында медицина саласына баса назар аударып, бірқатар мәселелерге тоқталды. Бүгінде салаға бөлінген қаржы көлемі артқанымен, әлі де қордаланған мәселелердің бар екені жасырын емес. Жаңадан құрылған Абай облысы аймағының денсаулық сақтау саласында қандай түйткілді мәселелер бар?

— Иә, бүгінде Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев медицина саласына айрықша көңіл бөліп отыр. Бұл туралы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында да айтты. Әрине, медицина саласын дамытуға қаржы бөлініп жатқаны белгілі. Десе де, салаға бөлінетін қаржы көлемі артқанымен, жалпы ішкі өнімді алатын болсақ, бүкіл дүниежүзілік көрсеткіш АҚШ-та 17,1%, Еуропа елдерінде орташа есеппен 11%- ды құрайды. Тіпті дамыған мемлекеттерді былай қойғанда, бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдердің өзінде 5%-дан жоғары. Ал біздің мемлекеттік бюджеттен денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы жалпы ішкі өнімге шаққанда, 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында 2,8% болса, жылдың соңында 2,7%-ды құрады. Яғни, қаржыландыру көлемі өскенімен, қажетті құрал-жабдықтарға, күрделі жөндеулерге, құрылысқа әлі де қаражат жетпейді. Бүгінде үлкен қалаларда тамаша көпсалалы медициналық орталықтар бой көтеруде, ол, әрине, жақсы. Дегенмен, біздің кадрлар мұндай жағдайда қайда барады? Әрине, инфрақұрылымы заманауи, қажетті құралжабдықпен толықтай жабдықталған, бір сөзбен айтқанда, барлық жағдай жасалған ауруханалар мен орталықтарға барады. Қазіргі таңда өңірдің денсаулық сақтау саласында шешілуі кезек күттірмейтін мәселелердің бірі – осы. Яғни, кадр тапшылығы. Ендеше, жас мамандар өзге өңірлерге кетіп қалмауы үшін ауыл-аймақтарда тиісті жағдай жасалуы қажет. Себебі, ертеңгі күні жас мамандар тұрмақ, ауыл тұрғындарының өзі қалаларға көше бастайды, сонда кім, мәселен, ауыл шаруашылығымен айналысады? Бұл — ойланарлық жағдай. Сонымен қатар халық ең алдымен өз денсаулығына жауапкершілікпен қараса, осыны тереңірек сезінсе екен деймін.

— Өкінішке қарай, елімізде сәбилер мен аналардың өлімі көбейген. Сондықтан ана мен бала денсаулығы — Үкімет назарында тұрған мәселелердің бірі. Жақында Президент бұған дейін перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма бергенін, тапсырма қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдануы керек болғанын айтты. Бірақ барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалған екен. Оған қоса, қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай келмей тұрған көрінеді. Бұл ретте облыстағы жағдай қандай?

— Жаңа облыс құрылғаннан кейін, ана мен бала денсаулығына айрықша көңіл бөлуді қолға алдық. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, біздің аймақтағы перинаталдық қызметтерге қатысы бар медициналық мекемелерден минималды стандартқа сай медициналық құрал-жабдықпен және техникамен жабдықталуы жайында мәлімет жиналып, қажетті заттардың тізімі жасалып, тапсырыс беруге өтініш толтырылды. Облыс әкімінің тапсырмасына сай, ең алдымен перинаталдық орталықтың, босандыру үйлерінің және балалар ауруханаларының жұмысын стандартқа сай ұйымдастыруға бұйрық түсті. Семей қаласының перинаталды орталығын күрделі жөндеуден өткізу үшін сараптама жасауға және қосымша жабдықтауға, неонатолог, педиатр, акушер-гинеколог кадрларын дайындауға қаржы бөлінетіні және емханамен бірге көпсалалы балалар ауруханасын салуға құжаттарды дайындау қажеттігі айтылды. Осы айтылған, жоспарланған шараларды енгізе отырып, «Бала мен ана өлімін төмендету бойынша Жол картасын» әзірлеу тапсырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындалып жатыр.

— Қазақстанда созылмалы ауру салдарынан қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары болып тұр. Әсіресе, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда, біздегі ахуал өте нашар. Облыста қандай ауру түрлерінен қайтыс болу көрсеткіші жоғары?

— Иә, өкінішке қарай, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда біздегі ахуал мәз емес. Егер өзіміздің аймаққа келер болсақ, бізде әсіресе жүрек-қан тамырлар ауруларынан қайтыс болу көрсеткіші жоғары болып тұр. Оған коронавирус инфекциясымен ауырғаннан кейінгі тромбоздық асқынулардың орын алуы да да себеп болуда. Екіншіден, аудандардағы және шалғай елдім мекендердегі медициналық мекемелердің тозуы, олардағы медициналық құралдармен жабдықталудың төмен деңгейде болуы, осыған байланысты кадрлардың үлкен мегаполистерге қоныс аударуы мәселені одан сайын күрделендіріп жіберді. Сондықтан бұл мәселеге байыппен қарап, оны жүйелі түрде шешуіміз қажет. Қазіргі таңда барлық мекемеге тиісті зерттеу жүргізіле бастады, соның нәтижесіне қарай, жоспарлау арқылы біртіндеп саты-сатымен қалпына келтіру жұмыстары басталады.

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімсіз болғанына қатысты жиі сын айтылып жүр. Президент те нақты нәтиже жоқ екеніне наразылық білдірді. Бүгінде үш миллионға жуық адам медициналық сақтандырудан тыс қалып, соның кесірінен олар денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді толық пайдалана алмай отыр екен. Біздің өңірде бұл салада қандай кемшіліктер бар?

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімсіз болғаны, нақты нәтиженің әлі де жоқ екені жасырын емес. Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бұл салаға құзыретті бөлімге әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің нәтижелеріне қатысты анализ жасап, жүйені жақсартуға қажетті ұсыныстар беру тапсырылды. Ал біздің Абай облысы аймағында тұрғындарды медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету деңгейін 85 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.

— Тағы бір өзекті мәселе — денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру. Президент бұл жұмыс өте баяу жүріп жатқандықтан, цифрландырудың қазіргі деңгейі дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп отырмағанын айтты. «Денсаулық сақтау саласында 40-тан астам ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Әр жүйенің өз кемшіліктері бар. Министрлік болса, жауапкершіліктен қашып, нақты шешім қабылдамай отыр. Ал мұның зардабын дәрігерлер мен азаматтар тартуда», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Өңірдің денсаулық сақтау саласы цифрландыру мәселесінде қандай проблемалармен бетпе-бет келіп отыр?

— Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру – өзекті мәселелердің бірі. Иә, шынында, денсаулық сақтау саласында бүгінде 40-тан астам ақпараттық жүйе жұмыс істейді, алайда олардың бәрі бір бірімен интеграцияланбаған, себебі бәсекелестік орта қалыптасқандықтан, әрқайсысы әр түрлі бизнес өкілдерінің иелігінде тұр. Демек, бұл олардың өзара интеграцияланбағанын анық көрсетеді. Сондықтан, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге ортақ дөңгелек үстел ұйымдастырып, осы мәселені жақын арада көтеріп, жаңағы айтқан бизнес өкілдермен кездесіп, ортақ бір шешімге келеміз деген ойдамыз. Бұл мәселе бойынша министрлік тарапынан жалғыз оператор жүйесі тетігін қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

— Коронавирус қайта күшейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, коронавирус жұқтырған азаматтар саны күн санап көбейіп келеді. Қазақстанда да ахуал барынша күрделене түсті. Бұл ретте Мемлекет басшысы ревакциналау науқанын жандандыру қажет екенін айтты. Бұл жұмыс біздің аймақта қалай жолға қойылған?

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі таңда коронавирус жұқтырған азаматтар саны шынымен де көбейіп келеді. Мемлекет басшысының ревакциналау науқанын жандандыруға қатысты айтқан сөзі өте орынды. Себебі біз тек ревакцинациялау арқылы ғана сырқаттар санын бақылауда ұстай аламыз. Өткен аптада біздің өңірге коронавирус инфекциясына қарсы тағы да вакцина жеткізілді. Осы орайда, бүкіл халықты вакцинациялаудан өтуге шақырамыз және халыққа түсіндіру жұмыстарына атсалысу үшін сіздерден, БАҚ өкілдерінен де көмек сұраймыз. Себебі ұжымдық қорғанысты қалыптастыру үшін біз халықты ревакцинациялауды 65%-дан жоғары көрсеткішке жеткізуіміз қажет.

— Президент Әкімшілігі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» атты ұлттық пилоттық жобаны әзірлеуді үйлестіріп жатқаны белгілі. Соның нәтижесінде жедел және орта технологиялық медициналық көмек алу қашықтығын 500-ден 200 шақырымға дейін қысқарту көзделіп отыр. Бұл жобаның маңыздылығы туралы не айтасыз?

— Расында да, аталған жоба нақты нәтижелерге бағытталған. Оның аясында барлық ауылды қажетті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көзделген екен. Сондықтан қазіргі таңда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» атты ұлттық пилоттық жобаны жүзеге асыру ең дұрыс шешім дер едім. Сол кезде жоғарыда айтылған, айрықша тоқталған мәселелер де біртіндеп шешімін табар еді. Жобаның 800 мыңнан астам азаматы бар 650 елді мекенді қамтып, бұған қоса, 32 аудандық аурухананы көпсалалы медициналық мекемелер деңгейіне дейін жаңғырту жоспарланып отырғаны, барлық ауылды қажетті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің көзделгені қуантады. Осыған орай, Абай облысының әкімі күрделі жөндеу жұмыстарына сұранып тұрған аудандық ауруханаларға тиісті анализ жасап, оларды жоспарға енгізу туралы тапсырма берді. Алдағы уақытта, біздің аймақта да 19 дәрігерлік амбулаторияны, 44 медициналық және 8 фельдшерлікакушерлік пункттерді салу көзделіп отыр.

— Медицина саласына қыруар қаржы бөлініп жатқанын айттық. Денсаулық сақтау саласы мамандарының еңбекақысы өсті ме?

— Денсаулық сақтау саласы мамандарының еңбекақысы өсті. Президенттің тапсырмасымен 2021 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарда істейтін 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын кезеңкезеңмен көбейту басталды. 2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есе өседі.

 — Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертхананың халықаралық стандартқа сай еместігі, «Дені сау ұлт» жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай келетін жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау қажеттігі айтылуда. Бұған қатысты не айтар едіңіз?

— Иә, жақында Президент 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдар-жабдықтармен жабдықтау қажет екенін айтқан болатын. Болашақта олардың халықаралық талапқа сай болатыны өте дұрыс, онымен толықтай келісеміз. Біздің өңірімізде халықаралық деңгейге сай келетін зертхана және клиникалық зерттеуді халықаралық деңгейде өткізу үшін берілген арнайы сертификаты бар Ядролық медицина және онкология орталығы жұмыс істеп тұр.

— Медицина саласына құйылған қомақты қаржы, ең алдымен, инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс. Әсіресе фармацевтика өнеркәсібі — ерекше көңіл бөлуді қажет ететін сала. Сол үшін жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандырған жөн секілді. Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде?

— Әрине, фармацевтика өнеркәсібі ерекше көңіл бөлуді қажет ететін сала екені бәрімізге мәлім. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – саладағы ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызының ұсынысымен біз ең алғашқы жұмысымыздың бағытын осы мәселеден бастадық. Қазір таңда бізде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең жиі кездесетін сырқат түрлері — артериалды гипертония мен жүректің ишемиялық ауруымен сырқаттанғандарды фокус топтарға бөліп, интервью өткіздік. Соның нәтижесіне сүйеніп, сауалнама құрастырылды. Енді зерттеудің екінші кезеңі басталды, осы зерттеудің қорытындысына сәйкес шешім қабылданып, Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына кіретін енгізулер ұсынылады. Жалпы, бұл бағытта денсаулық сақтау министрлігімен бірге тиісті жұмыстар жүргізілуде.

— Президент өзінің халыққа арнаған Жолдауында медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құруымыз керек екенін айтты. Сіздің ойыңызша, бұл мәселе қаншалықты маңызды?

— Әрине, біз бұл мәселені толықтай қолдаймыз, өте орынды ұсыныс деп есептейміз. Себебі медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталықтың болуы сапалық көрсеткішпен тура пропорцияда.

 — Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана отандық өнім екен. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет деген мәселе көтерілуде. Қазір отандық өнімнің тапшылығы сезіле ме?

— Сіздің сұрағыңызға мен келесідей жауап берер едім. Отандық өнімнің тапшылығынан гөрі, қазір қандай зат болса да, тек сапалы өнім болғаны анағұрлым маңыздырақ болып тұр.

— Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Ләйла НАУАН,
«Семей таңы»

Мақалада: КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА

Ұқсас жаңалықтар

35 жылдан кейінгі жаңару: Семейдегі жылу желісіне жаңа дем берілді

09.07.2025
35 жылдан кейінгі жаңару: Семейдегі жылу желісіне жаңа дем берілді

Semeytany.kz – Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли таңғы сағат 7-ден бастап Семей қаласындағы жылу желілері мен жылу қазандықтарында жүргізіліп...

Толығырақ...Details

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

08.07.2025
Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

Semeytany.kz – Беларусь елінің Минск облысында өтіп жатқан «Достастықтың балалары» атты халықаралық мәдени-танымдық форумға Абай облысының оқушылары қатысуда. Шара 7–16...

Толығырақ...Details

Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

08.07.2025
Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытайдың Xinjiang Huayuan Holding Group Co. Ltd корпорациясының басшысы Ли Цзюнь бастаған делегациямен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

08.07.2025
Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу,...

Толығырақ...Details

Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

08.07.2025
Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

Semeytany.kz – Абай облысында өңір басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Оның ішінде квазимемлекеттік сектордағы...

Толығырақ...Details

Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

08.07.2025
Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

Semeytany.kz – Абай облысында мүлік пен жер салығының мөлшері артты. 2024 жылға арналған төлем мерзімі 1 қазанға дейін белгіленген. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

35 жылдан кейінгі жаңару: Семейдегі жылу желісіне жаңа дем берілді

4 часа бұрын

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

22 часа бұрын

Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

22 часа бұрын

Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

22 часа бұрын

Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

22 часа бұрын

Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

23 часа бұрын

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

23 часа бұрын

Шекарадан жанармай мен ірі көлемдегі ақша алып өтпек болғандар ұсталды

23 часа бұрын

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

3 дня бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС