"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРМЫСТЫҚ ХИМИЯ ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕЙДІ

26.06.2014
ТҰРМЫСТЫҚ ХИМИЯ ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕЙДІ
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде тұрмыстық химия өндіретін зауыт салынады. Сейсенбі күні қала әкімі Айбек Кәрімов пен польшалық «Сан Профи» компаниясының өкіл-дері серіктестік жөніндегі ке-лісімшарт құжатына қол қойыды.  Жоспар бойынша жоба уақытылы іске асса, жылдың соңында алғашқы өнім өндіріледі деп күтілуде. Жалпы, заманауи зауыттың қуаты жылына 700 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Зауыт кір жуатын ұнтақ, сабын, тазалауға қажетті заттар шығара алады.

 

Қала әкімі Айбек Кәрімовпен кездесуі кезінде «Сан Профи» компаниясының  өкілі Тимур Қайдаров қазіргі таңда Еуропа нарығында тұрмыстық химия өндіру саласында танымал болып отырған компания жайында мәлімет беріп өтті.

— Жоба қуаты жылына 700 тонна өнім өндіре алады. Сәйкесінше, жыл сайын өндіріс көлемі де арта береді. «Сан Профи» компаниясының басты мақсаты – мемлекеттік бағдарламаларға қатысу. Әлеуметтік маңыздылығы жағына тоқталар болсақ,  аталмыш жоба тұрғындарды жұмыспен қамтуды көздейді.   Мүмкіндігі шектеулі жандардың да бізде жұмысқа тұруына тиімді тұстары бар. Атап айтқанда, екінші және үшінші топтағы мүмкіндігі шек-теулі жандарды жұмысқа тарту жағы қарастырылған. Ал, маркетингте сатыл- ған  өнімнің әр данасынан 1 теңге балалар үйінің қажетіне жаратылатын болады, — дейді Тимур Қайдаров.

Польшалық компания өкілдерінің айтуынша, тұрмыстық химия өнімдері  алдымен Семей қаласында өндірілетін болады. Қуаты  артып, жұмыстары жүретін болса, ШҚО басқада аймақтарында, көршілес Павлодар облысына және Алматы, Астана сияқты үлкен қалаларға шығарылу  жоспарлануда. Бір сөзбен айтқанда, алдағы жылдары Қазақстан нарығына шығу жағын мықтап қолға алмақ. Компанияның басты артықшылығы – сапасының жақсы болуында, ал, бағасы халыққа тиімді болмақ. Экологиялық жағынан алғанда таза өнім жаңа технология әдісімен өндірілмек.

 

{jcomments on}Польшалық компанияның өндірістік қуатымен жіті танысқан Айбек Мүталапханұлы  жаңа өндіріске әрқашан көмек қолын созуға әзір екендігін айтты.  Сонымен қатар, шаһарымыздың тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы сөз қозғай келіп, бүгінгі таңда қаланың экономикалық тұрғыда дамып келе жатқандығын, Елбасымыз Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, шет елдерден серіктестік құруға инвесторлар тартылып, бірқатар жобалар сәтті жүзеге асып жатқандығы жайында компания басшылығын хабардар етті.

 

— Семей – шағын және орта бизнестің ошағы.  Қаланың географиялық орналасуы шағын және орта бизнес саласына өте қолайлы. Шаһар халқының саны жыл санап өсіп келеді. Бізде инвесторлар тарту ісі де дұрыс жолға қойылған.  Жуырда ғана 5 млрд. 600 млн. теңге  көлеміндегі серіктестік меморандумдарға қол қойылды. 5 миллион теңге инвестиция құятын Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерін күтіп отырмыз. Жуырда Ислам даму банкінің өкілдерімен кездестік. Біздің экономикамыздың тірегі – шағын және орта бизнес, — деген Айбек  Кәрімов Семей қаласы компания үшін оңтайлы жұмыс жасауға қолайлы қала екендігін атап өтті.

«Сан Профи» компаниясының президенті Марек Серафиньски семейліктердің қонақжайлылығы, ыстық ықыластары үшін алғысын айтып, Қазақстанда тұрмыстық химия өндірісі өркен  жайып, осы салада бәсекелестіктің бәсі жоғарылап келе жатқандығын, бұл жерде аталмыш кәсіп түрін дамытуға мүмкіндіктің мол екендігін айтты. Ал, Польшада компания өнімдері өз елінде нарықтың 60 пайызын қамтамасыз етіп отыр.  «Сан Профи» осындай    жетістіктерін қазақстандықтармен бөлісуге әзір. Зауыт құрылысы мен іске қосылуы үшін 1 миллион доллар қаржы бөлінген екен. Кездесу барысында  Семей қаласының әкімі Айбек Мүталапханұлы мен «Сан Профи» компаниясының өкілдері екі жақты келісімшартқа қол қойды.

Міне, бұйырса, біздің қалада тағы бір іргелі өндіріс ошағы салынады. Әлбетте, біріншіден, Семейдің әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан дамуына өзіндік үлес қосса, екіншіден, жаңадан жұмыс орындары ашылары анық.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

31.10.2026
Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

Білім – қоғамның дамуы мен елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына кепілдік...

Толығырақ...Details

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

11 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

12 часов бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

12 часов бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

1 день бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 день бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

1 день бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

1 день бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

1 день бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

1 день бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС