"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

04.10.2022
ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы кешенін қолдауға 22 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, биылғы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 94 млрд теңгеге жуықтап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім деңгейі 113 пайызға жеткен. Жыл басынан бері азық-түлік тауарларының өндірісі 62,5 млрд теңгені құраған. Мүйізді ірі қара мал саны 4,2 пайызға, жылқы 8,3 пайызға, шошқа саны 8 пайызға өссе, қой мен ешкі саны өткен жылғы деңгейде қалды.

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 22,7 млрд теңге субсидия бөлініп, оның 5,6 млрд теңгесі өсімдік шаруашылығын, 8,8 млрд теңгесі мал шаруашылығын, 5,8 млрд теңгесі инвестициялық субсидиялауға, 0,5 млрд теңгесі қайта өңдеу саласын қолдауға, ал 1,9 млрд теңгесі басқа субсидиялау бағыттары бойынша қарастырылыпты.

Облыста мал бордақылауға қатысты жаңа жобалар қолға алынып жатқанын айта кету керек. Қазіргі таңда өңірде жеті мың басқа арналған үш мал бордақылау алаңдарының құрылысы басталған. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 92 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп жатса, жыл басында тірідей салмақта сатылған мал еті 65 мың тоннаға жеткен. Бұдан бөлек, облыс аумағындағы шаруашылықтар мен халықтан 234 мың тонна сүт жиналып, 40 млн дана құс жұмыртқасы сатылымға шығарылған. Сондай-ақ өткен жылы 219 мың бас ірі қараны асылдандыру жұмыстары қолға алынып, бүгінгі таңда оң нәтижелер көрсетуде.

Аймақта тауарлы сүт өндіру ісі де қарқын алып келеді. Бүгінгі күні аймақта 67 сүт-тауарлы фермасы бар. Сонымен қатар алдағы уақытта облыс аумағында 1350 бас сиырды саууға арналған үш сүт-тауарлы ферманы жаңадан салу және 680 бас сиырға арналған 2 ферманы қайта жөндеу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда шығыс өңірінде 63 сүт қабылдау пункті қалыпты жұмыс істеп тұр.

Сүт өнімдерін шығарумен айналысатын өскемендік «Эмиль» компаниясы жылына 45-тен 90 мың тоннаға дейін тауар ассортименті мен көлемін кеңейтіп жатыр. Бұл ретте «Восток-Молоко» және «Эмиль» корпорациялары жоғары сапалы дайын өнім шығара отырып, сүтті қайта өңдеудің толық циклын жандандырса, «Багратион» кәсіпорны ірімшіктер мен сары май өндірісін ұйымдастырды.

Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты саналатын мал шаруашылығының үлесіне жалпы өнімнің бүкіл көлемінің 60 пайызынан артық бөлігі тиесілі. Бүгінгі күні шаруашылықтарда 1044,9 мың бас ірі қара, 3,7 млн қой мен ешкі, 74,1 мың шошқа, 347,3 мың жылқы, 4,4 млн құс, 9,6 мыңнан артық марал және бұғы өсірілуде, сонымен қатар 77,4 мың ара омартасы тіркелген. Облыс бірегей ауылшаруашылық қорларына ие, ал географиялық орналасуы жан-жақты, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

Ауыл халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде де мал шаруашылығы маңызды салалардың бірі болып отырғанын айта кеткен жөн. Облыстық әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, қой шаруашылығы, жылқы, шошқа және құс өсірумен қатар, соңғы жылдары марал шаруашылығы және ара шаруашылығы да дамып келеді екен.

Бүгінде мал шаруашылығында да өндіріс пен қайта өңдеу көлемін ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, асыл тұқымды мал басын көбейтіп, саланы одан әрі дамыту үшін қосымша мал азығы, жайылымдық жерлер мен бордақылау алаңдары қажет. Бұл қажеттілік пайдаланылмай жатқан жерлерге толық талдау жүргізіп, мемлекетке қайтарып алу және жайылымға мұқтаж шаруа қожалықтарына беру арқылы қамтамасыз етілмек. Пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекетке қайтарып алу арқылы жем-шөп мәселесін шешуге болады.  Бұл ретте мақсатты пайдаланбаған жерлерін мемлекетке өз еріктерімен қайтарып жатқан кәсіпкерлер де бар.

Өскемендегі құс фабрикасы қайта жаңартуды аяқтап, құс етін шығару көлемін жылына 55 мың тоннаға дейін ұлғайтуда. Сондай-ақ қуаты жылына 1,5 мың тонна балық және балық өнімдерін құрайтын акваферма пайдалануға берілді.

Мәселен, қазіргі уақытта Ұлан ауданында бекіре тұқымдас балықтардың Бестер гибридінің уылдырығы мен етін өндіретін зауыт («OstFish» ЖШС) жұмыс істейді. Бұл — сыртқы нарықтарды игерудің алғашқы қадамы.

Ерасыл КЕНЖЕБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Ұқсас жаңалықтар

2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі

22.03.2025
2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі

Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде Қазақстан тұрғындарының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 млн. адамды...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді

07.02.2025
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Енді, АӘК 12 айға емес, тек тоқсанға тағайындалатын болды. Бұл туралы Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС