"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Президент сайлауына кандидат ретінде кімдер ұсынылды

08.10.2022
Президент сайлауына кандидат ретінде кімдер ұсынылды
107
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 7 қазан 20.00-дегі жағдай бойынша Мемлекет басшысы лауазымына 5 кандидат ұсынылды. Кандидаттар кімдер? Оларға қандай талап қойылады? Кезектен тыс президент сайлауы қашан және қалай өтеді? Биылғы сайлаудың ерекшелігі неде? Жылдың басты саяси науқанына қатысты ең өзекті төрт сұраққа жауап іздеп көрелік.

1. Биылғы президент сайлауының ерекшелігі неде?

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Әділетті Қазақстан құру жолында кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа сенім мандаты қажет екенін атап өтті. Сонымен қоса өкілеттілігінің мерзімі жайлы да ұсыныс білдірді. Бұдан былай Қазақстан Республикасының президенті бір мерзімге ғана – 7 жылға сайланады. Яғни жеті жылдан кейін президент болған адам қайтадан сайлауға қатыса алмайды.

«Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын», – деді өз Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осылайша Президент «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау» туралы Жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс сайлау 2022 жылдың 20 қараша күні өтетін болды. Осыған орай Президент Қазақстан халқына үндеу жолдады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Сонымен қоса ол сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік берді.

Мемлекет басшысы Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу барысында бұрын-соңды болмаған Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы не үшін қажет екенін түсіндірді.

«Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа — демократия жолындағы батыл қадам. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін. Бұл реформа не үшін жасалмақшы деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Мәселе мынада: Президенттік лауазымға көп жыл бойы бір ғана адам ие болмауы керек. Әлемде болсын, біздің елімізде болсын көп жыл бойы бір ғана адам ең жоғары лауазымға ие болса, мұндай жағдай елге де, Мемлекет басшысына да абырой әкелмейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

2. Мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде кімдер ұсынылды?

Кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанға дейін жалғасады. Партиялар мен қоғамдық ұйымдардан Мемлекет басшысы лауазымына барлығы 4 кандидат ұсынылды.

Президенттікке алғашқы үміткер «Ауыл» партиясының өкілі болды. 30 қыркүйекте өткен кезектен тыс ХХ съезінде партия төрағасы Әли Бектаев кезектен тыс саяси кеңестің шешімі бойынша президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев ұсынылатынын айтты. Съезге қатысқан делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясына Жигули Дайрабаев құжаттарын тапсырды.

1 қазан күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Ол бүгін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді.

3 қазанда «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі президенттікке кандидат ретінде «Астана» халықаралық ғылыми кешені Экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Қажыкенді ұсынды. Мейрам Қажыкен де Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

6 қазанда қолдаушылар форумында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынды. Форумға AMANAT, «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы секілді саяси партиялардың және 30-дан астам республикалық қоғамдық ұйымның өкілдері қатысты. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

Бүгін, 7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ретінде Қарақат Жақсылыққызы Әбденді ұсынды.

3. Кандидаттарға қандай талаптар қойылады?

ҚР азаматы болуы;

ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;

Жоғары білімінің болуы;

Жасы 40-қа толған болуы;

Белсенді сайлау құқығының болуы;

Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін сайлау жарнасының мөлшері бүгінде 3 миллион теңгені құрайды.

Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттаманы, дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші және кандидаттың сайлау жарнасын төлегенін растайтын түбіртекті өткізгеннен кейін 5 күн ішінде Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтайды.

4. Сайлау қашан және қалай өтеді?

Кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді.

21 қазан аралығында кандидаттың Конституция және Конституциялық заң талаптарына сәйкестігі анықталады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысы 21 қазан мен 18 қараша аралығында өтеді. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады. 19 қараша — сайлау алдындағы тыныштық күні, ал 20 қараша — дауыс беру күні.

Сайлау 20 қараша күні таңғы сағат 07:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады. 21 қараша мен 27 қараша аралығында алдын ала қорытынды шығарылады. 27 қараша күні нәтижелерді белгілеу және сайланған президентті тіркеу өтеді.

Айта кетейік, ҚР Президенті сайлауы бюллетеньдерінде «Барлығына қарсымын» графасы болады. Яғни сайлаушылар барлық кандидатқа қарсы дауыс бере алады.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС