"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

19.10.2022
ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталды. Аталған пилоттық жоба туралы, Мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмалары аясында әлеуметтік саладағы өзгерістер жайлы толығырақ Абай облысының аймақтық коммуникациялар қызметінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департамент басшысы Анар Ерембаева,  Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Әсем Ахметова, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Абай облысы бойынша филиалының директоры Ермек Қуанышев және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Отбасының цифрлық картасы – әлеуметтік мәртебесіне байланысты, кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқықтары туралы ақпарат беретін азаматтардың күн сайынғы «электрондық жаршысы», көрсетілетін мемлекеттік қызметтің проактивті форматының құралы. Яғни, мемлекет ақпараттық жүйе арқылы азаматқа тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады.

— Бастапқы кезеңде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде отбасылардың әл-ауқатының деңгейін және оларға жүктелген мемлекеттік қолдау шараларын анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Қазірдің өзінде цифрлық картада шамамен 6 млн отбасы және 19 млн оның мүшелері туралы деректер қамтылған, сондай-ақ «отбасы портреті» деп аталатын деректер қалыптастырылған. Карта деректері отбасы және оның мүшелері мәртебесінің өзгеруіне қарай жаңартылып отырады. Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы белгіленген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін әлеуетті алушыға СМС-хабарлама жіберіледі. Келісім алғаннан кейін әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлері тағайындалып, кейін алушының банк шотына аударылады, — дейді Анар Айдарбекқызы.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департамент басшысы жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын жеткізді. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызмет алу мүмкіндігі ұсынылды. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтілетін болады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларында мемлекеттік кепілдіктер енгізіліп, 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.

Анар Ерембаева медициналық әлеуметтік сараптама қызметін трансформациялау жайлы да айтып өтті. Анар Ерембаеваның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 705,5 мың мүгедек жан бар, оның 28 мыңнан астамы біздің облысымызда тұрады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мүгедектікті белгілеудің проактивті немесе «сырттай куәландыру» форматына көшу басталған. Оның мәні — азаматтың денсаулық жағдайына қатысты ақпарат пен осыған байланысты тіршілік қалыбының өзгеруі жөніндегі дәрігердің қорытындысы медициналық ақпарат жүйесіне енгізіледі.

Баспасөз мәслихатында сондай-ақ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Әсем Ахметова зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруда қолға алынған жаңа шаралар жайлы жан-жақты түсіндіріп берді.

Әсем Ахметова бала күтімі кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылатынын, әйелдердің зейнетке 61 жаста шығатынын, елімізде жаңа жылдан бастап ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері өсетінін айтты. Сондай-ақ жұмыс берушілердің қаражаты есебінен қосымша зейнетақы жарналарын аудару кезең-кезеңімен жүргізіледі – 2023 жылы 1,5 пайыздан басталып, 2027 жылға қарай 5 пайызға дейін жеткізіледі. Бұл шара зейнетақысының мөлшері зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болатын жас азаматтарды (1975 жылдан кейін туған) қолдауға мүмкіндік береді.

«МӘСҚ» АҚ Абай облысы бойынша филиалының директоры Ермек Қуанышев міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың жай-күйі туралы ақпарат берді.

Бүгінгі күні міндетті әлеуметтік сақтандырумен 6,6 миллион адам қамтылған. 8 ай ішінде Абай облысы мен ШҚО-да 21,2 млрд теңге төленген.

Мақалада: ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары

06.03.2025
Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары

Заманауи инновациялық технологияларды қолдану салықтық әкімшілендіруді дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтереді. Мәселен, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізудің арқасында ҚР ҚМ Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Цифрлық Әділет: Абай облысында құқықтық IT-шешімдер енгізілді

13.02.2025
Цифрлық Әділет: Абай облысында құқықтық IT-шешімдер енгізілді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет департаменті тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын бастады. Абай облысының Әділет...

Толығырақ...Details

Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

12.02.2025
Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

 «Халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 408 шақырым жол жөнделеді

14 часов бұрын

Абай облысында 32 бағыт бойынша 200 өңірлік грант тағайындалды

16 часов бұрын

1 қазаннан бастап Алматыда жарық құны өседі

20 часов бұрын

Газаға құрлықтан кірді: Израиль әскері операция ауқымын кеңейтті

20 часов бұрын

АҚШ бақылауындағы иелікке беру: TikTok бойынша негіздемелік келісім жарияланды

20 часов бұрын

Зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге жұмсау тәртібі өзгеруі мүмкін

21 час бұрын

Елде егіннің жартысына жуығы жиналды: 11,6 млн тонна астық бастырылды

21 час бұрын

Абай облыстық ПД-ға жаңа басшы келді: Эльдар Данияров қызметке кірісті

21 час бұрын

Абай облысына тұмауға қарсы 60 мың доза вакцина жеткізіледі

2 дня бұрын

Алла Пугачеваның жиені Никита Пресняков ғашық болған қазақ қызы Аида мен Никитаның бүгінгі тағдыры қалай?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС