"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Цифрлық Әділет: Абай облысында құқықтық IT-шешімдер енгізілді

13.02.2025
Цифрлық Әділет: Абай облысында құқықтық IT-шешімдер енгізілді
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет департаменті тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын бастады.

Абай облысының Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, 2024 жылы “Халық заңгері”, “Әділет кеңес бересі”, “Ашық есік күні” және “Тегін заң көмегі күні” акциялары жоспарға сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылды. Өткен жылы облыстың барлық өңірлерінде 6000-ға жуық халықты қамтитын 477 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілген.

– Ауылдық елді мекендер халқының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 80-ге жуық “құқық кабинеті” ашылды. Олар облыс әкімінің әрбір аудандық, ауылдық аппаратының ғимаратында орналасып “Egov” базасында қызмет атқарады. Нормативтік құқықтық актілерді қолдану мақсатында кабинеттерде “Ашық НҚА” порталы, “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесі, “Заң” дерекқоры орнатылған. Бұдан басқа, e-otinish платформасы арқылы мемлекеттік органдарға өтініштер жіберу, электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін құқықтық кабинеттер қажетті толық техникамен жабдықталған, – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, ведомства басшысы “E-ZanKomegi” ақпараттық жүйесімен қатар “Zan Komegi” мобильді қосымшасы да қолжетімді екенін айтты. Онда азаматтар бейне қоңырау арқылы өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.

– Облыс бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне былтыр 55-ке жуық адвокаттар мен заң консультанттары қатысты. Өткен жылы 6 782 азаматқа мемлекет кепілдік аясында тегін заң көмегі берілді. Бұдан басқа, мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың сенімхаттары мен келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін “Е-нотариат” бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі функционалуда, – деді департамент басшысы.

Аталған жүйедегі тағы бір маңызды жаңалық – робот сот орындаушысын енгізу. Егер 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақтылы төленбесе, уәкілетті орган мәліметтерді ТЖД қатысуынсыз өндірісті робот қозғайды.

– Іс қозғалғаннан кейін азаматтар ол туралы мәліметті бар 1414-тен SMS-хабарлама және EGov Mobile-дан push-хабарлама ала алады. Барлық іс-шаралар онлайн режимінде жүргізілетіндіктен, азаматтар айыппұл сомасының 25%-ын қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады. Бүгінгі таңда цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап Абай облысында роботпен 8 761 атқарушылық іс қозғалды, оның ішінде 2 203 ісі аяқталып, 44 677 588 теңге өндірілді, – деп қорытындылады Ернар Сейдімбек.

Ұқсас жаңалықтар

Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары

06.03.2025
Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары

Заманауи инновациялық технологияларды қолдану салықтық әкімшілендіруді дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтереді. Мәселен, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізудің арқасында ҚР ҚМ Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

12.02.2025
Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

 «Халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан...

Толығырақ...Details

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

19.10.2022
ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталды. Аталған пилоттық жоба туралы,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

17 часов бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

17 часов бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

17 часов бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

17 часов бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

17 часов бұрын

Көлік салығын төлеу қатаң бақылауда

17 часов бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясы өтті

3 дня бұрын

Абай облысында БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

3 дня бұрын

Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады

3 дня бұрын

Семейдегі аспалы көпірдің бір бөлігінде асфальт төсеу аяқталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС