"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ

23.10.2022
ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде қала тұрғындары тарапынан жолаушылар тасымалының сапасы мен
автобустардың жай-күйіне қатысты шағымдар жиі айтылып, әлеуметтік желілерде
де талқыға түсіп жататыны белгілі. Семейліктер жолаушылар тасымалына қатысты
мәселелер облыстың құрылуымен өз шешімін табады деген сенімде. Осы ретте Абай
облысының автобус тасымалы кәсіпорындары басшыларының жиналысы өтіп,
қордаланған мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Яғни қалалық, қала
маңындағы, облысаралық, халықаралық автобус тасымалы, қоғамдық көлік
қызметінің сапасы, көліктердің жағдайы, саланы ары қарай дамыту, сондай-ақ
тасымалдаушылар қауымдастығын құру мәселесі төңірегінде сөз қозғалды.
Жиынға «Қазақстан автокөлікшілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі басшысы
Сәбит Аманбаев, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті, Абай облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшылығы, «Атамекен» ұлттық
кәсіпкерлер палатасы өкілдері және тасымалдаушылар қатысты.

Жиын барысында айтылғандай, Семейде тасымалдаушылар қауымдастығын құру
жоспарланып отыр. Бұл қауымдастық қала және облыс бойынша жолаушылар
тасымалына қатысты қордаланған бірқатар мәселелердің шешімін табуға септігін тигізбек.
«Атамекен» ҰКП өкілі, «Қазақстан автокөлікшілер одағы» ЗТБ бас директоры Сәбит
Аманбаев Семейдегі автобустарға байланысты мәселелер ұзақ уақыт шешімін таппай келе
жатқандығын атап өтті.
– Қазақстан автокөлікшілер одағының міндеті – автокөлік саласындағы проблемаларды
және осы саладағы кәсіпкерлікке қатысты басқа да мәселелерді талқылау, жолаушылар
тасымалын ұйымдастыру бойынша өңірлік қауымдастық құру. Тасымалдаушылар
қауымдастығы жұмысты жүйелі ұйымдастыру үшін қажет. Соңғы жылдары Семейде
жолаушылар тасымалы саласында жанжалдар болғаны белгілі. Қауымдастық бұл
проблемаларды әкімдікпен бірлесе отырып және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының
көмегімен шеше алады. Бұл тұрғыда тиімді жұмыстар жүргізіп, нақты нәтижелерге жеткен
басқа облыстар мен қалалардың тәжірибесімен бөліскім келеді, — дейді Сәбит
Шаяхметұлы.
Сонымен қатар автокөлікшілер одағының басшысы қауымдастық барлық мәселелердің
түп тамырын анықтап, оны шешудің оңтайлы жолдарын қарастыратынын жеткізді. Оның
айтуынша, елде осы мәселелердің шешілуін қамтамасыз ететін Автомобиль көлігі туралы
Заң, субсидиялау ережелері, тарифтерді есептеу әдістемесі сынды заңнамалық база бар.
Бірақ бұл ретте жергілікті жерлердегі дұрыс әрі үйлесімді іс-қимылдар: тарифтік комиссия
тарапынан мақұлданған тасымалдаушылар берген субсидияларға қажеттіліктің дұрыс
есептелуі маңызды. Мұның бәрі уақтылы жасалуы керек.
Сәбит Аманбаевтың айтуынша, әкімдік және бизнес өкілдері осы саладағы мәселелерді
шешуге белсене қатыспайынша, тіпті тарифтер мәселесі де шешілмейді.
— Мұның барлығы ең алдымен бизнес пен әкімдіктің үйлесімді жұмысына байланысты.
Әрбір тасымалдаушы өз деректерін қауымдастыққа тапсырады, оны жинақтап, тарифтер
деңгейін сақтап отыратын тарифтік комиссия отырыс өткізуі қажет. Деректер
расталғаннан кейін мәслихат бұл бағаларды бекітеді және әкімдік оларға субсидия
бөледі,- деді ол.
Автокөлікшілер одағының басшысы электронды билет мәселесіне де қатысты ойын
жеткізді. Электронды билет ыңғайлы болғанымен, тасымалдаушыларға ауыртпалық
түсірмеуі керек. Бұл оларға операциялық шығындар ретінде өтелуі керек. Сәбит Аманбаев
әкімдіктерге субсидиялау ережелері мен тарифтерді есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу
бойынша салыстырмалы кесте жіберілгенін айтты, бұл ақпарат тасымалдаушыларға да
жеткізілуі керек.
Жиында сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы
бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов
кәсіпкерлерге проблемаларын шешуге, субсидиялауға көмектесуге дайын екенін атап өтті.
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Сондықтан халықтың мемлекеттік органдар алдына қойған барлық мәселелерін біз
әрқашан қарастырамыз. Субсидиялау мәселесі бойынша кәсіпкерлер тарапынан қандай да
бір сұрақ туындаса, олардың пікірін тыңдауға дайынбыз. Бұл мәселені шешуде қолдау
көрсетеміз,- деді Рүстем Тасанбиеұлы.
«Таксомоторлық парк» ЖШС атқарушы директоры Асқар Зиядановтың айтуынша, бүгінгі
күнгі ең басты мәселе — жүргізушілердің жетіспеушілігі.
– Бүгінгі таңда ең күрделі мәселе – D санатындағы жүргізушілердің жетіспеушілігі, желіге
шығатын автобустар бар, бірақ жүргізуші жоқ. Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес,
мамандарды қайта даярлау қажет. Ал қайта даярлауға бес жылға дейін уақыт кетеді, — деді
Зияданов.
Сәбит Аманбаевтың айтуынша, ведомство бұл мәселемен бір жылдан астам уақыттан бері
айналысып келеді.
— Бұл мәселеде Ішкі істер министрлігінің өз ұстанымы бар. Министрлік мына деректерді
келтіреді: елде D санатындағы куәлігі бар 349 мың жүргізуші бар және олардың саны жыл
сайын бірнеше мыңға артуда. Тасымалдау желілерінде 11 мың автобус бар, ал оларға 27
мың жүргізуші қажет. Еңбек нарығында 349 мың жүргізуші бар, яғни кадр тапшылығы
жоқ. Бірақ бұл ретте кадрлар болса да, біз оларға лайықты жалақы төлей алмай
отырғанымызды атап өту керек, – деді С.Аманбаев.
Антикор өкілі де Абай облысы бойынша автопарктердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін
D санатындағы жүргізушілер жеткілікті екенін айтады.
— Облыста алты мыңға жуық D санатты жүргізуші бар, тіпті оның жартысын алып тастасаң
– үш мың. Бізге 290-300 автобус қажет, тіпті мың болсын. Менің ойымша, бұл проблема
емес, — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Рүстем
Тоқбергенов.
Айта кетейік, «АвтоТрансСемей» ЖШС өз жүргізушілеріне бір жұмыс күніне 1000 теңге,
кешке – 1300, түнгі уақытта – 1700 теңге төлейді. Таңертеңнен кешке дейін қызмет ететін
жүргізушілер жұмысы ауыр екені белгілі, ал автобустар жиі бұзылады.
Алайда тіпті жоғары жалақымен де жүргізушілерді жұмысқа шақыру мүмкін болмай тұр.
— Біз жүргізушілерге бір сағаттық жұмыс үшін 2000 теңге төлеуді ұсындық. Үш адам ғана
қоңырау шалды, олардың өзі зейнеткерлік жастағы адамдар, — деді «Таксомоторлық парк»
ЖШС атқарушы директоры Асқар Зияданов.
Кездесуге қатысушылар Абай облысында тасымалдаушылар қауымдастығын құру қажет
деген қорытындыға келді. Тек кешенді тәсіл арқылы ғана нәтижеге қол жеткізуге болады.
Бұл ретте Қазақстан автокөлік одағы өз кезегінде толық әдістемелік көмек көрсетуге
дайын.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Мақалада: ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлт рухы – домбыра үні»: NIS Семей оқушылары ұлттық өнерді ұлықтады

27.10.2026
«Ұлт рухы – домбыра үні»: NIS Семей оқушылары ұлттық өнерді ұлықтады

Республика күніне орай Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен «Ұлт рухы – домбыра үні» атты домбырашылар флешмобы өтті. Қаланың ірі...

Толығырақ...Details

Семейде қайырымдылық балы өтті

27.10.2026
Семейде қайырымдылық балы өтті

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайырымдылық Вена балы өтті. Өнер мен қайырымдылықты ұштастырған кеш екі ай бойы ұйымдастырылған игі бастамалардың...

Толығырақ...Details

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Ұлт рухы – домбыра үні»: NIS Семей оқушылары ұлттық өнерді ұлықтады

9 часов бұрын

Семейде қайырымдылық балы өтті

9 часов бұрын

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

4 дня бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

4 дня бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

6 дней бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

1 неделя бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

1 неделя бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1 неделя бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

1 неделя бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС