"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ӘКІМІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ

18.11.2022
ОБЛЫС ӘКІМІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қаладағы бірнеше колледжді аралап, оқу кешенін көріп, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Нұрлан Тельманұлы алдымен геологиялық барлау колледжіне барды. Қазіргі күні сұранысқа ие мамандарды даярлайтын оқу орнында мыңға жуық студент білім алуда. Оларға 80-нен астам білікті педагог сабақ береді. Колледж директоры Ардақ  Әділғазыұлының айтуынша, оқу орнында 2018 жылдан бастап «Жас маман» жобасы іске асырылып, 2021 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы екі аудитория мен бір зертханаға 70 дана аппараттар мен жабдықтар сатылып алынған.

— Бұл жабдықтың бұрғылау тереңдігі 800 метрге дейін жетеді. Жер қойнауынан тау жыныстарының цилиндрлі үлігісін алады. Сол арқылы жер астында тау жыныстарының қандай түрі жатқанын біле аламыз. Ал мына техника жер асты суларын іздеуге, ұңғымаларды бұрғылауға бағытталған. Бұған да «Жас маман» жобасы аясында қол жеткіздік. Қазір колледжде бұрғылау кешені толықтай дайын,- деді колледж директоры Ардақ Әділғазыұлы.

Колледж басшысының айтуынша, өткен оқу жылында 185 түлектің 174-і жұмысқа орналасқан. Ал биыл 241 студент оқу орнын тамамдағалы отыр. Қазірдің өзінде колледжге түрлі компаниялардан 278 сұраныс келіп түскен. Оқу орнының түлектері бүгінгі күні KazMinerals, Полиметалл, Бақыршық, Қаражыра және басқа да көптеген беделді компанияларда еңбек етуде.

Аймақ басшысы оқу қабинеттерін, құзыреттілік орталығын көрді. Колледжің мұржайына кіріп, оқу орнының тарихымен кеңірек танысты.

Нұрлан Тельманұлы барған келесі оқу орны —  Геодезия және картография жоғары колледжі. Бүгінгі күні колледжде 400-ге жуық студент «Геодезия және картография» мамандығы және «Техник-картограф», «Техник-геодезист» және «Техник-аэрофотогеодезист» біліктіліктері бойынша білім алуда.

— Оқытушылардың 90 пайызы — осы колледждің түлектері. Соңғы екі жыл ішінде оқытушыларды кәсіптік ұйымдардан тартып отырмыз. Биыл ұйымдардан төрт мұғалім келді,- дейді колледж директоры Қаныш Мақсұтұлы.

Аймақ басшысы колледждің оқу кабинеттерін, кітапхананы көріп, оқытушылармен, студенттремен сұхбаттасты.

Осыдан соң Нұрлан Тельманұлы Электротехника колледжінебарды. Онда 800-ге жуық студент білім алуда. Аймақ басшысы алдымен колледж базасында орналасқан құзыреттілік орталығын көрді. Мұнда студенттер жұмысшы мамандықтар арасында Астана қаласында өтетін республикалық Wordskills чемпионатына және Австрияның Зальбург қаласында өтетін дүниежүзілік чемпионатқа дайындалуда.

— Қазір біз Германия мемлекетімен ERASMUS+ бағдарламасы шеңберінде дуалды оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Былтыр осы мақсатта 50 млн теңге бөлініп, оқытушыларымыз Германия мен Австрияда білім алып келді. Жобаның екінші кезеңіне де өттік, — дейді колледж директоры Марат Серікболұлы.

Нұрлан Тельманұлы сонымен қатар колледж базасындағы цехпен, соңғы үлгідегі дәнекерлеу құрылғыларымен танысты. Айта кетерлігі, биыл аталған оқу орны Siemens компаниясымен келісімшартқа отырып, заманауи құрылғыларға қол жеткізген.

— Біз Қазақстандағы колледждердің арасында алғаш болып Siemens компаниясымен келісімшартқа отырдық. Нәтижесінде екі оқытушымыз Алматы қаласына барып, шеберлік сыныбына қатысып қайтты,- дейді колледж директоры Марат Серікболұлы.

Аймақ басшысы Семей қаласындағы Бизнес және сервис колледжіне аялдады. Мұнда студенттер «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру», «Есеп және аудит», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Менеджмент», «Маркетинг», «Дизайн», «Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру», «Туризм», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандықтары бойынша білім алуда. Колледж директоры Альмира Хожанова аймақ басшысын оқу орнында ашылған мейрамхана қызметі орталығымен таныстырды. Мұнда даяшы мамандығы бойынша оқитын студенттер мейрамхана қызметін меңгеруде. Осы орайда облыс әкімі аймақта жоғары деңгейде қызмет көрсететін даяшылар жетіспейтінін тілге тиек етті.

— Абай облысы жаңадан құрылғаннан кейін, бізге жан-жақтан келетін меймандар көп. Мейрамханаларда білікті даяшылардың жетіспейтінін байқап жүрмін. Кәсіби даяшыларға, аспаздарға сұраныс әрдайым жоғары,- деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Өткен жылы колледж қабырғасындағы «Жас маман» жобасы аясында «Қоғамдық тамақтандыру», «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» және «Өнеркәсіптік өнімнің дизайны» сынды үш мамандық бойынша 6 зертхана мен 5 шеберхана 47 құрал-жабдықпен, 136 техникамен жабдықталған. Колледж оқытушылары бірнеше шет елде болып, тәжірибе алмасуда. Облыс әкімі қол жеткізген жаңа техникаларды көріп, кондитерлік зертхана жұмысымен танысып, оқу орны директорына әлемдік деңгейдегі чемпионаттарға қатысуды, сондай-ақ жатақхана салу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Мақалада: ОБЛЫС ӘКІМІ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АРАЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 день бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС