"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНЕН ӨШПЕК ЕМЕС 

14.05.2025
ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНЕН ӨШПЕК ЕМЕС 
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биылғы жыл біз үшін ерекше жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы  03 қаңтарда «Ана тілі» газетіне берген сұқбатында «Биылғы мемлекеттік іс-шаралардың ішінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ерекше орын алады. Жеңістің биылғы мерекесі Қазақстанның бірде-бір азаматын бей-жай қалдырмайтынына сенімдімін. Өйткені біздің елде сұрапыл соғыстың зардабын тартпаған отбасы жоқ деуге болады. Соғыста қаза тапқандарды ұмытпай, қаһарман ерлеріміздің рухына тағзым ету, ел ішінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау – баршаға ортақ парызымыз» деген болатын.

Осы ретте 2019 жылдың 19 мамырында құрылған«Atamnyn Amanaty” қоғамдық бірлестігінің қызметін айта кету керек. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалған қазақстандық  жауынгерлерді мұрағаттар мен майдан даласынан жүйелі түрде іздестірумен айналысатын жалғыз ұйым.

Миссиясы — жастарға рухани-адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбие беру арқылы ұрпақтар сабақтастығы мен тарихи жадының сақталуына ықпал ету.

Қызметінің негізгі бағыттарын былайша жіктеуге болады:

-Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстаннан шақырылған солдаттар мен офицерлердің тағдырын анықтау және олардың ұрпақтарын іздеу мақсатындағы мұрағаттық зерттеулер.

-Қазақстанда жасақталған құрамалар мен дивизиялар ұрыс жүргізген жерлердегі далалық іздестіру экспедицияларына қатысу.

-Екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздестіру және олардың есімдерін қастерлеу бойынша халықаралық ынтымақтастық.

-Қазақстандық батырлардың есімдерін ел есінде сақтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.

-Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен және қайтыс болған боздақтарды мәңгі есте қалдыру мақсатында жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жүргізу.

Бірлестік құрылған 2019 жылдан бастап “Atamnyn Amanaty” ресми  сайты, әлеуметтік желілер және байланыс телефондары арқылы хабарсыз кеткендерді іздестіруге 10 мыңнан астам өтініш келіп түскен. 4500-ден астам қазақстандық жауынгерлердің жерленген жерлері мен жеке бастарын анықталды.

Ресей, Беларусь және Шығыс Еуропа аумағынан табылған 19 сарбаздың сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, әскери құрметпен салтанатты түрде жерленді.

Мұрағаттық іздестіру жұмыстарымен тәжірибелі мамандар айналысады. Олардың еңбегінің өтеуі – 80 жылдан астам уақыт өткен соң елге оралған сарбаздардың ұрпақтары мен туыстарының алғыс сөздері. «Атамның аманаты» ҚБ еріктілері тәжірибе алмасу үшін  түрлі форумдарға, соның ішінде жыл сайынғы халықаралық «Солдат тағдыры: архивтік зерттеулердің теориясы мен тәжірибесі» халықаралық конференциясына тұрақты қатысады.

“Atamnyn Amanaty” ҚБ халықаралық ынтымақтастық аясында 100-ден астам меморандумдар мен келісімдерге қол қойып, олар сәтті жүзеге асуда. ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп Еуропада жерленген қазақстандық сарбаздар туралы мәліметтер базасы жасалды. Онда шамамен 28 000 адамның аты-жөні бар. Қазіргі уақытта олардың Қазақстандағы ұрпақтары мен туыстарының тізімін жасау үшін «кері іздестіру» жұмыстары белсенді жүргізілуде.

“Atamnyn Amanaty” ҚБ жыл сайын ««Ортақ тарих. Ортақ жеңіс. Ортақ көзқарас» атты халықаралық конференцияны өткізіп келеді. Бұл конференция ТМД елдерінің үкіметтік емес ұйымдары мен іздестірушілер үшін өзара әрекеттесу, пікір алмасу алаңына айналды.

Форумның мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдердің аумақтарында мұрағаттық және далалық іздестіру жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін талқылау. Табылған сарбаздардың сүйектерін отанына жеткізуде іздестіру жасқтарының өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстарды қалыптастыру және боздақтардың есімдерін мәңгі есте қалдыру бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізу.

“Atamnyn Amanaty” ҚБ әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында түрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Ұйым құрылғалы бері жалпы саны 10 000-нан астам (дөңгелек үстелдер, конференциялар, челлендждер, квесттер, сенбіліктер, ағаш отырғызу, спорттық және бұқаралық жарыстар) сияқты іс-шаралар өткізіліп, олар 2 000 000 астам адамды қамтыды.

«Atamnyn Amanaty» ҚБ Астанадағы Триатлон паркінде Екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған жарыс өткізуді дәстүрге айналдырды. Аталған марафонға жылда ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланының әскери қызметшілері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, кәсіби мен әуесқой спортшылар қатысады.

Кеңес Одағының Батыры С.Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде қазақстандық батырлардың құрметіне жыл сайын волейболдан ұлдар мен қыздар арасындағы турнир, сонымен қатар мини футболдан жарыстар өткізіп тұрады.

 

Әскер жасына дейінгі жастармен жқмыс өз алдына бөлек сала.  Астана қаласындағы барлық дерлік колледждермен (олардың барлық саны 33) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл жұмыс Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына арналған дөңгелек үстелдер, конференциялар, жалпы қалалық викториналар, спорттық жарыстар, квесттер мен ойындар сияқты патриоттық шараларды жүйелі ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

«Аталар аманатына адалмыз» акция аясында Қазақстанда жасақталған құрамалар мен дивиязиялардың тарихын зерделеу үшін әр колледж жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.  Бүкіл оқу жылы бойы колледждерде  ҚР Қарулы Күштері ардагерлерінің қатысуымен «Ерлік сабақтары», сонымен қатар «Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігі» тақырыбына «Батыр баба тарихы» атты интеллектуалдық ойындар тұрақты өтіп келеді.

ҚР ҚК Ақмола гарнизоны мен ҚР Ұлттық Ұланының әскери бөлімдеріне  студенттерді алып бару дәстүрге айналды. Сапар барысында олар сарбаздардың тыныс-тіршілігімен, қару-жарақтармен, әскери техникалармен танысады.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің делегациясы былтыр Ресейде өткен «Даңқты Волхов майданының жолымен» атты әскери-тарихи мемориалдық жорығына қатысып қайтты. Жорық Новгород облысы аумағындағы бір кезде қиян-кескі ұрыстар жүрген жерлерді қамтыды.

Аталған шараға «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық ұйым төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов және 1941 жылы Ақмола қаласында жасақталған 310-ы Қызыл Тулы Ленин орденді Новгородтық атқыштар дивизия жауынгерлерінің бүгінгі ұрпақтары қатысты. Дивизияның жартысына жуығы, яғни 40 пайызы қазақтардан құралғанын және олардың Новгород қаласын азат етуде өздерін өшпес даңққа бөлегенін айта кету керек.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің делегациясы «Даңқты Волхов майданының жолымен» әскери-тарихи мемориалдық жорығына ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде сақтаулы тұрған 310-шы атқыштар дивизиясының Жауынгерлік туын алып барып, асқақтата алып жүрді.

Осының бәрі өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеудің қамы, өтйкені оларға кешегі от кешкен ата-бабаларының өмірі үлгі-өнеге болуға тиіс.

                                                                     Мұрат Молдағалиев,

                                                                      «Atamnyn Amanaty» ҚБ Басқарма төрағасы     

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

2 дня бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

2 дня бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

2 дня бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

2 дня бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

2 дня бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

3 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

3 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

3 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС