"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли мен өңірдің қала-аудандарынан келген ардагерлер қатысты.

Аймақ басшысы қарияларды мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына қосқан үлесі мен кейінгі ұрпаққа берер өнегесінің маңызын атап өтті.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген қазақтың қанатты сөзі бар. Үлкенді сыйлап, ақсақалды төрге шығарып, ақ жаулықты ананы ардақтау – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі. Бүгінгі кездесудің «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» деп аталуы да осы құндылықты айшықтайды. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен елге сіңірген еңбегі кейінгі буын үшін баға жетпес қазына», – деді Берік Уәли.

Шара барысында өңірдің түрлі салаларында ұзақ жылдар еңбек еткен бірқатар ардагер марапатталды. Оларға «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, облыс әкімінің Алғыс хаты, республикалық Ардагерлер ұйымының «Құрмет» төсбелгісі мен Алғыс хаттары табысталды.

Жылы атмосферада өткен кездесуде қариялар елдің береке-бірлігі мен жастардың болашағына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Абай облысында ардагерлерді әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар да жалғасып келеді. Биыл Ұлы Отан соғысының ардагеріне 5 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсе, Жеңіс күні қарсаңында 1 146 адамға 158 мың теңгеден әлеуметтік төлем берілген.

Қазіргі таңда өңірде 2 639 зейнеткер арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Сонымен қатар облыста 395 бастауыш ардагерлер ұйымы, 2 қалалық және 10 аудандық ардагерлер кеңесі жұмыс істейді.

Қарттардың белсенді өмір салтын жалғастыруына да мүмкіндік жасалған. Өңірде 2 «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жұмыс істейді. Биыл олардың қатарына Курчатов қаласында ашылған жаңа орталық қосылды. Семейдегі орталықтың 3 филиалы бар. Қазір бұл орталықтарда 608 зейнеткер түрлі қызметтермен қамтылып отыр.

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫардагерлерәлеуметтік қолдауБерік УәлизейнеткерлерҚарттар күніСемей

Ұқсас жаңалықтар

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

18.11.2026
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кірістерді төмендету және жасыру фактілерін анықтау, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындау...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

18.11.2026
Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

Қазақстанда ғылыми әлеуетті нығайтуға, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және отандық ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 часа бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 часа бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 часа бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

22 часа бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

22 часа бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

23 часа бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

1 день бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

1 день бұрын

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

1 день бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС