"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын маңызды құрал.

Халықаралық қарттар күніне орай «Әділет» партиясының «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі аясында Семей қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ұлттық ойындар» зияткерлік-спорттық сайысы өтті.

Сайысқа орталықтың қызмет алушыларынан құралған 6 топ, барлығы 12 адам қатысты. Іс-шараға 100-120 адам қамтылды.

Қатысушылар шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ бойынша өз білімдері мен шеберліктерін сынап, бірнеше кезеңнен тұратын зияткерлік сайыстарға қатысты.

Алғашқы кезеңде қатысушылар шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындарының ережелері мен ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. «Кім жылдам?» кезеңінде ойыншылар шапшаңдығын көрсетсе, «Тапқыр болсаң, тауып көр!» тапсырмасында логикалық есептерді шешті.

Ал практикалық кезеңде шахмат фигураларын дұрыс орналастыру, дойбыда жүріс жасау және тоғызқұмалақтағы отаулар мен қазанды көрсету сияқты тапсырмаларды орындады.

«Ойын шеберлері» жарысында қатысушылар үш бағыт бойынша – шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан жұптасып бақ сынады. Жеңімпаздар жинаған ұпайлары бойынша анықталды.

Сайыс қорытындысында «Үздік шахматшы», «Дойбы шебері», «Тоғызқұмалақ білгірі», «Ең тапқыр ойыншы», «Ең жылдам ойыншы» және «Белсенді қатысушы» номинациялары бойынша қатысушылар марапатталды.

Іс-шараға «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері мен партия филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» мүшелері қатысты. Сонымен қатар, «Әйелдер қанатының» өкілдері қатысушыларға цифрлық сауаттылық бойынша практикалық сабақ өткізді.

«Ұлттық ойындар» сайысы қатысушылардың бос уақытын мазмұнды өткізуімен қатар, олардың зейінін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын және шапшаңдығын дамытуға бағытталды. Шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ арқылы қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жарыс жағдайында ойлау мен шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.

«Әділет» партиясының «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі аясындағы бұл бастама аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қолдауға, ұлттық және зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Ұлттық ойындар арқылы адамдарды біріктіру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және қоғамдағы белсенді араласуға жағдай жасау – іс-шараның негізгі мәні болды.

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС