"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр. 2026 жылы атқарушылық іс жүргізу және жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты заңнамаға бірқатар маңызды түзету енгізілді. Негізгі мақсат – процестерді цифрландыру, олардың ашықтығын арттыру, бюрократиялық кедергілерді азайту және азаматтардың, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың құқықтарын қорғауды күшейту.
Жаңа талаптардың бірі – алимент алушылардың қаражатын қорғау. Енді алимент төлемдерін тыйым салудан және өндіріп алудан толық қорғалған арнайы банктік шоттарға аудару тәртібі заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Бұл өзгеріс балаларға арналған қаражаттың өз мақсатына жұмсалуына кепілдік беруге бағытталған. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерден ұстап қалудың ең жоғары мөлшері де шектелді. Белгіленген тәртіпке сәйкес, мұндай ұстап қалу 25 пайыздан аспауы тиіс.
Борышкерлердің кірісін анықтау тетіктері де жетілдірілді. Енді интернет-платформа операторлары жеке сот орындаушыларына борышкерлердің табыстары туралы ресми мәліметтерді ұсынуға міндетті. Бұл атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Отбасылық құқықтарды қорғауға да ерекше мән берілген. Атап айтқанда, борышкерлердің бірыңғай тізілімінен баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне қатысты атқарушылық құжаттар бойынша бұзушылықтары жоқ тұлғаларды шығару мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте ата-ана мен баланың арасындағы байланысты қорғауға бағытталған құқықтық тетіктер күшейтіледі.
Атқарушылық іс жүргізу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған өзгерістер де бар. Оңайлатылған өндірісті қолдану үшін белгіленген шекті сома екі есеге арттырылып, 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін жеткізілді. Сондай-ақ атқарушылық әрекеттер кезінде куәгерлерді тартуға балама ретінде бейнежазбаны пайдалануға ресми түрде рұқсат берілді. Бұл атқарушылық әрекеттердің барысын тіркеп, олардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мүлікті бағалау мәселесінде де нақты мерзім белгіленді. Атқарушылық іс жүргізу тараптарына хатталған мүлікті бағалау нәтижелерімен танысу үшін 10 күндік мерзім беріледі. Мұндай тәртіп тараптардың өз құқықтарын уақытылы пайдалануына жағдай жасайды.
Жеке сот орындаушыларының жауапкершілігін күшейтуге қатысты да бірқатар талап енгізілді. Сот актісі негізінде берілген атқарушылық құжатты ұсыну мерзімі бес күнге дейін қысқартылды. Сонымен бірге сот орындаушыларының қаулыларына сот бақылауын күшейту көзделіп отыр. ЖСО қызметіне қойылатын кәсіби талаптар да қатаңдатылды. Атап айтқанда, аттестаттаудан өту, тағылымдамадан өту, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру және мамандыққа қайта оралу тәртібіне қатысты талаптар жетілдірілді.

Атқарушылық өндірісті цифрландыру бағытындағы жұмыстар да жалғасады. Соның бірі – борышкерлердің мүлкін электрондық сауда-саттық арқылы өткізу тәртібінің жаңартылуы. Жаңа тәртіп 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жалпы, атқарушылық өндіріс саласындағы бұл өзгерістер сот актілерін орындау рәсімдерін жүйелеуге, сот орындаушыларының жұмысын ашық әрі бақылаулы етуге және азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған. Әсіресе алимент, әлеуметтік төлемдер мен отбасылық құқықтарға қатысты жаңа нормалар азаматтардың әлеуметтік мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Заңдағы жаңалықтарды білу әр азаматқа өз құқығын дұрыс қорғап, атқарушылық іс жүргізу барысында белгіленген тәртіпті түсінуге көмектеседі.

А.К. ШАГИРОВА,
Жарма ауданаралық мәжбүрлеп орындату бөлімінің басшысы

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС