Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Ажар Асхат жарысты сәтті бастап, алғашқы белдесуінде Таиланд спортшысын жеңді. Ширек финалда Қытай Тайпейінің өкілінен басым түссе, жартылай финалда Моңғолия спортшысын ұтып, финалға жолдама алды.
Шешуші белдесуде жергілікті Жапония спортшысына есе жіберген Ажар Асхат Азия ойындарының күміс медалін иеленді.
Бұл жүлде Абай облысының спортшылары үшін Азия ойындарындағы маңызды нәтижелердің бірі болды. Ажар Асхаттың табандылығы мен шеберлігінің арқасында Қазақстан қоржынына кезекті медаль қосылды.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтуде. Байрақты додаға Азияның 45 елі мен аумағынан спортшылар қатысып, спорттың 43 түрінен бақ сынауда.








