"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУДЫҢ ЖЫРЫ БІТЕР ЕМЕС

06.12.2022
ЖЫЛУДЫҢ ЖЫРЫ БІТЕР ЕМЕС
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен,  орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия төрағасы ретінде Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов тағайындалды. Комиссия құрамына Бас прокуратураның, жоғары аудиторлық палатаның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тексеру жұмыстарын он күн ішінде аяқтап, қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Осыған орай арнайы комиссия Абай облысындағы жағдаймен танысу мақсатында Семей қаласындағы жылу электр орталықтарын аралады. Министрдің айтуынша, шаһарға қосымша жылу электр орталықтарын салу қажет.

— Семейдегі жағдай керемет деп айта алмаймын. Жылумен және сумен қамтамасыз ету жеткілікті емес. Жаңа жылу көздері қажет. Бұл мәселені депутаттармен, әкімдермен ақылдасып, талқыладық. Қосымша жылу электр станцияларын немесе орталықтарын салу жоспарға енді. Алайда бұл алдағы 1-2 жылда шешіле салатын мәселе емес. Бүгінгі күннің проблемасы — көмірдің жетіспеуі. Көмір бар, бірақ жеткілікті көлемде емес,- деді Тимур Сүлейменов.

Энергия өндіруші ұйымдардың жылу желілері мен технологиялық жабдықтарының тозуы жылу энергиясын өндіру мен тасымалдауда үлкен ысырапқа әкелуде. Осыған орай, бүгінгі таңда Семей қаласы мен Абай ауданы Қарауыл ауылына жылу желілерін тартуға 1,3 млрд теңгеге 3 жобалық-сметалық құжат әзірленді. Сондай-ақ желілердің тозуын азайту мақсатында табиғи монополиялар субъектілері инвестициялық бағдарламалар аясында шаралар қабылдауда.

Абай облысы қуаттылығы 100 Гкал/сағ асатын 4 ірі жылу көзімен (ЖЭО-1, ҚР 1, Жезкент кентіндегі қазандық және орталық қазандық) және өнімділігі 100 Гкал/сағ төмен (Семей қаласында 19 бірлік және облыстың 6 ауданында 21 бірлік) 40 жылу көзімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар облыста 273 автономды қазандық жұмыс істейді.

Жылумен қамтамасыз ету саласындағы негізгі проблемалардың қатарында жылу желілерінің тозуы да бар. Желілердің тозуы орташа пайызбен есептегенде 63,8 пайызды құрайды.

Абай облысын 2027 жылға дейін дамытудың кешенді жобасына енгізілген бірінші кезектегі шаралар жоспарында 149,1 млрд теңгені құрайтын 29 жоба бар. Сондай-ақ Аягөз қаласында жылу электр орталығы мен Курчатов қаласында орталық қазандық салу қажет.

Кездесу барысында, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Энергетика министрлігі Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Семей қаласының жылу көздерін аралаудан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен Абай облысының  әкімі Нұрлан Ұранхаевтың, орталық органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің, басқармалар мен коммуналдық кәсіпорындардың, сондай-ақ, энергетикалық компаниялар басшыларының қатысуымен жиын өтті. Күн тәртібінде Абай ауданында жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша менің жетекшілігіммен республикада орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі қызметін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғарғы есеп палатасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Президент тапсырмасы бойынша комиссия өз жұмысын он күн ішінде нақты қорытындылар мен ұсыныстарымен аяқтауы қажет, — деді Тимур Сүлейменов.

— Жылумен қамту саласындағы негізгі проблемалардың қатарында жылу желілерінің де жоғары тозуы бар.  Желілердің орташа тозуы 63,8%-ды құрайды.  Соның ішінде Семей қаласы бойынша 68 пайыз жылу желілері тозған. Энергия өндіруші ұйымдардың жылу желілері мен технологиялық жабдықтарының жоғары тозуы жылу энергиясын өндіру мен тасымалдауда үлкен шығынға әкеледі. Осыған орай, бүгінгі таңда Семей қаласы мен Абай ауданы Қарауыл ауылында жылу желілерін тартуға 1,3 млрд теңгеге 3 жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, — деді кездесуде облыс әкімі.

Кеңес қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов облыстың барлық жылу көздерін тиісті сападағы көмірді жеткізуді, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қаражыра» АҚ сұранысына сәйкес облыстың елді мекендеріне көмір жеткізу үшін қажетті вагон санын көбейтуді, «Бірыңғай энергетикалық сервистік компания» АҚ-қа жылу беру маусымында Абай облысының тұтынушыларын электрмен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Абай облысының әкімдігі

Мақалада: ЖЫЛУДЫҢ ЖЫРЫ БІТЕР ЕМЕС

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

20 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

21 час бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС