"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

5 МЫҢНАН АСА КӨЗ АУРУЛАРЫ ЕМДЕЛДІ

20.12.2022
5 МЫҢНАН АСА КӨЗ АУРУЛАРЫ ЕМДЕЛДІ
72
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының офтальмологтері балалардың көз қитарлығын ерте жастан емдеуге кеңес береді.  Жыл басынан бері МӘМС шеңберінде облыста мыңнан астам сәбиге көз ауруларын емдеу қызметтері көрсетілген.

Офтальмологтер балалардағы көз ақауларын емдеуді ертерек бастау керектігін, асқынып кеткен жағдайда, көз жанарын қалпына келтіру мүмкін емес екендігін ескертеді. Осы жылдың 10 айында Абай облысындағы 200-ден астам сәбиге 5 мыңнан аса көз ақауларын аппараттық емдеу қызметтері көрсетілген.

Атап өтейік, аймақта медициналық қызметтің бұл түрлері Өскемен қаласындағы облыстық Ана мен бала орталығы және Семей қаласындағы Astana Vision клиникасында қолжетімді.

Мамандардың айтуынша, көз қитарлығы — балаларда жиі кездесетін көз ақауы. Баланың келбетіндегі ақау — бұл косметикалық ақау. Аурудың негізгі қаупі — көру қабілетінің біртіндеп төмендеуі, уақыт өткізіп алса, оны ересек жаста емдеу мүмкін емес.

«Көз қитарлығының түрі көп. Туа біткен қитарлық бірден байқалады. Жаңа туған нәрестенің көзқарасы екі айға дейін бір нүктеге тұрақтамай тұруы қалыпты жағдай деп саналады. Алайда екі айдан кейін де тоқтамаса, онда дәрігерге қаралу керек. Ең жиі кездесетін түрі – екі-үш жастағы екі көздің де қитарлығы. Бұл — туа біткен емес, ерте пайда болған ақау. Оның себептері көп», — дейді дәрігерлер.

Офтальмологтердің айтуынша, аурудың себептерінің бірі – аметропия, көздің жарық сәулесінің сынуын қабылдау қабілетінің өзгеруі. Көбінесе көз қитарлығы рефракцияның ауытқуларымен байланысты болады.

Хирургиялық жолмен емдеу ақаудың түріне байланысты бірінші кезеңде немесе соңғы кезеңде жүргізілуі мүмкін. Алдымен оптикалық түзету тағайындалады, мысалы көзілдірік тағу ұсынылуы мүмкін. Әрі қарай қитар көзден миға өтетін, ұйықтап жатқан жүйке жолдарын ояту керек. Ол үшін жақсырақ көретін көзге жапсырмалар жапсырады немесе қарашықты ұлғайтатын көз тамшылары қолданылады, бұл қитар көздің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Содан кейін офтальмолог арнайы құрал – синоптофордың көмегімен баланың миын екі көздегі суреттерді бір суретке «біріктіруге» мәжбүрлейді екен.

Емдік курс аяқталғаннан кейін нәтижені бекіту үшін және көз қитарлығының қайтып келуіне жол бермеу үшін арнайы компьютерлік бағдарламалар қолданылады.

Айта кетейік, осындай патологиясы бар балалар өздері тіркелген емханадан берілген жолдамамен МӘМС шеңберінде тегін аппараттық ем ала алады.

Абай облысы бойынша МӘМС баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар

No Content Available

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

10 часов бұрын

Абай облысында цифрлық бақылау күшейеді

10 часов бұрын

Жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру тәртібіндегі өзгерістер туралы

10 часов бұрын

Абай облысында өрт қаупі жоғары маусым басталды: негізгі қауіп жаз айларына сәйкес келеді

1 день бұрын

ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

1 день бұрын

Биыл өңірде 3 262 бас қаңғыбас жануар ауланды

2 дня бұрын

Абай облысында жылу желілері жаңартылып, Семейде ірі инженерлік жобалар іске асады

2 дня бұрын

Семейде жаз мезгілінде ыстық су кезең-кезеңімен беріледі

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс

5 дней бұрын

Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту — аса маңызды міндет ️– Мемлекет басшысы

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС