"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

07.02.2023
ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде әкімдердің халықпен кездесулері тоқсан сайын өткізілуде. Бұл ретте қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семейге қарасты елді мекен тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар туралы есеп беруде.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Шаһар басшысы ең алдымен Алғабас ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Облыс орталығынан 346 шақырым жерде орналасқан ауыл тұрғындарымен кездесу өткен жылы жылы күрделі жөндеу жүргізілген клуб үйінде өтті.

Қала әкімі өткен жылы ауыл көлемінде жүзеге асырылған істер жайында тұрғындар алдында есеп беріп, алдағы жоспарларға, мақсат-міндеттерге тоқталды.

Алғабас ауылына 2023 жылы қалалық бюджеттен 90 млн теңге бөлінді. Оның ішінде нақты жобаларды жүзеге асыруға 52 млн теңге қарастырылған.

Кездесу барысында қала әкімі ағымдағы жылы атқарылуы тиіс жұмыстардан хабардар етті.

— Алғабас ауылының шетіндегі балалар саябағына заман талабына сай қоршау орнату үшін 19 млн теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауыл маңында 9 млн теңгеге спорт алаңын салу және әкімдік ғимаратының алдынан 10 млн теңгеге хоккей кортын жасау жоспарланып отыр. Ауылдық әкімдік ғимаратына санитариялық торапты су құбыры кәрізі өткізіледі, бұл жұмыстарға 8 млн теңгеге жұмсалмақ. 4 млн теңге қаржы ауыл сыртына қар ұстауға арналған қоршау тұрғызуға бөлінеді. Сонымен қатар ауылдағы санитарлық тазалықты сақтау үшін  бюджеттен қаржы бөлінді, — деді қала әкімі Нұрбол Төлегенұлы.

Алғабас ауылы халқын экологиялық жағдай алаңдатып отыр. Кездесуге қатысқан тұрғындар Берікқара кен орнында «Арс Минералс» компаниясы алтын өндіру кезінде қолданатын сілтілі-қышқылдық әдісі қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретіндігін айтып шағымданды. Жергілікті тұрғындар өндіріс барысында экологиялық нормалар қаншалықты сақталатынын анықтау қажет деп санайды, сондықтан кен орнындағы шығарындыларды өлшеуді сұрады. Қала әкімі өз кезегінде Абай облысының экология департаментінің мамандары кен орнында болып, өлшемдер жүргізетіндігін мәлімдеді.

ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Нұрбол Нұрсағатовтың тұрғындарымен кездесуі Қараөлең ауылдық округінде жалғасты. Биыл Қараөлең ауылдық округінде де бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы, ауылдық округте әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

— 2023 жылы 9 млн 574 мың теңгеге Қайнар ауылындағы өрт сөндіру бекеті ағымдағы жөндеуден өткізілетін болады. Сонымен қатар округ әкімдігі ғимаратының сол қанатына ағымдағы жөндеу жүргізу үшін 15 млн 968 мың теңге бөлінді. 23 млн 971 мың теңге қаражат бөлініп, мәдениет үйі алдындағы аллея жаңартылады, заман талабына сай архитектуралық шағын нысандар, орындықтар, жарықтандыру қойылатын болады.
Сондай-ақ Қайнар ауылындағы бірнеше көше жарықтандырылмақ. Абыралы ауруханасының шатыры мен қазандығы облыстық денсаулық басқармасы қаражаты есебінен күрделі жөндеуден өткізілмек.
Ауылдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда қалалық әкімдіктің құрылыс бөлімі соңғы тексеру жұмыстарын жүргізіп, спорт басқармасының қарамағына өткізу үшін жұмыстар жүргізуде,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Есеп беру жиынына келген тұрғындар тарапынан халықтың денсаулығын сақтау, сондай-ақ кәсіп ашу, тағы басқа да мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға  шаһар басшысы мен тиісті сала басшылары жауап берді.

Қала әкімі тұрғындарды алда тұрған жоспарлы жұмыстарды сәтті жүзеге асыру үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

КУРЧАТОВТАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА ІІ ДЕҢГЕЙГЕ КӨШЕДІ

02.03.2023
КУРЧАТОВТАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА ІІ ДЕҢГЕЙГЕ КӨШЕДІ

Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде Курчатов қаласының әкімі Олег Чугунковтың қатысуымен баспаөз мәслихаты өтті. Қала әкімі шағын шаһардың өткен жылғы даму...

Толығырақ...Details

ОБЛЫС  ӘКІМІ БЕСҚАРАҒАЙДА

28.02.2023
ОБЛЫС  ӘКІМІ БЕСҚАРАҒАЙДА

  Өткен сенбіде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барды. Іссапар аясында аймақ басшысы аудан тұрғындарымен кездесу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЖАС САРБАЗДАР АЛҒАШҚЫ АТЫС ЖАТТЫҒУЫНА ҚАТЫСТЫ

1 день бұрын

«Домбыра – ұлттың жаны» атты бірыңғай домбыра сабағы өтті

1 день бұрын

Құрметті Жаңасемей ауданының тұрғындары мен қонақтары!

1 день бұрын

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

2 дня бұрын

ЕРСІН ЕСКЕНДІРОВ: ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУ КЕРЕК

2 дня бұрын

Данияр Шәкәрімов: «Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді»

2 дня бұрын

21 мамырда Семейде Әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

2 дня бұрын

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті төртінші іріктеу басталады

3 дня бұрын

Семей қаласында жаңа өндірістік цех ашылды

3 дня бұрын

Шекара қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС