"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КУРЧАТОВТАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА ІІ ДЕҢГЕЙГЕ КӨШЕДІ

02.03.2023
КУРЧАТОВТАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА ІІ ДЕҢГЕЙГЕ КӨШЕДІ
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде Курчатов қаласының әкімі Олег Чугунковтың қатысуымен баспаөз мәслихаты өтті. Қала әкімі шағын шаһардың өткен жылғы даму көрсеткіштерімен таныстырып, биыл жүзеге асатын жобалар туралы айтып берді.  Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Курчатов қаласында он мыңнан астам адам тұрады.

 Курчатовқа жаңа тазарту қондырғылары қажет

 Баспасөз мәслихаты барысында қала әкімі Олег Чугунков Курчатовтағы 1968 жылы пайдалануға берілген тазарту қондырғылары кешенінің тозығы жеткенін, онда 3,9 млн теңгеге технологиялық зерттеу жүргізілгенін айтты.

– Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғыртудың қазақстандық орталығына техникалық тапсырма құрастырылып, жіберілді, – деді қала әкімі.

Шаһардағы 78 көп қабатты тұрғын үй мен 44 заңды тұлға орталықтандырылған жылуға қосылған. Қалада барлығы жалпы қуаттылығы 34,4 Гкал/сағ, қосылған қуаттылығы 23,1 Гкал/сағ құрайтын 4 жергілікті қазандық бар.

– Жылыту маусымын үздіксіз өткізу мақсатында қатты отын сатып алуға облыстық бюджеттен 80,0 млн теңге бөлінді. Қаланың барлық қазандықтары қалыпты жұмыс істеп тұр, — деді Олег Чугунков.

Шаһар басшысының айтуынша, қаладағы №1 шағын аудандағы 100 тұрғын үйді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «Курчатов қаласының №1 ықшам ауданын кварталішілік желілермен сумен қамту» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 2023 жылға арналған республикалық бюджет қаражатынан аталған жобаны аяқтауға 106,3 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Жоба аяқталғаннан кейін жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдері беріледі.

– 2022 жылдың желтоқсанында «Семей азаматтар жобасы» жобалау институтымен «Абай облысының Курчатов қаласында кәріз тазарту құрылыстарын қайта жаңарту» нысанының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша өтеусіз негізде меморандумға қол қойылды және «Абай облысының Курчатов қаласындағы сүзу-насосты станциясының жүйесін жаңғырту» нысаны бойынша ЖСҚ  2023 жылдың соңына қарай дайын болады. Бірыңғай жылу көзін салу үшін жоба авторымен келісе отырып, 49 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама түзетіледі. Облыстық бюджеттен қазірдің өзінде 20 миллион теңге бөлінді,- деді О.Чугунков.

Өткен жылы қаланы абаттандыру мақсатында 20 бейнебақылау камерасы, 3 балалар ойын алаңы, аула аумақтарына 15 жарықтандыру бағаналары орнатылып, Жеңіс көшесінің бойындағы Халықтар достығы саябағы «Халықтың қатысу бюджеті» бағдарламасы аясында жабдықталған.

Мектептер 19,1 млн теңгеге бейіндік кабинеттермен жабдықталды

Сонымен қатар мектептер мен балабақшалардың аумақтарын абаттандыру, құрал-жабдықтар сатып алу жалғасуда.

Курчатов қаласының әкімі Олег Чугунковтың айтуынша,  мектептерге 2,7 млн теңгеге 5 интерактивті тақта, сонымен қатар 1,4 млн теңгеге музыкалық аппарат сатылып алыныпты.

– Мектептерде ата-аналардың төлемі есебінен ыстық тамақ ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасылардан шыққан 186 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. 174 балаға 5,5 млн теңгеге бюджет есебінен мектеп формасы және аяқ киім берілді. «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер 94 балаға 1,2 млн теңге көлемінде көмек көрсетті,- деп атап өтті Олег Чугунков.

Қаланың 4 орта мектебінде 1639 оқушы, 5 мектепке дейінгі мекемеде (3 балабақша және 2 шағын орталық) 610 бала тәрбиеленуде. Бүгінде мектептерде 26 инклюзивті сынып және балабақшаларда 4 инклюзивті топ бар.

Аурухана жөндеуден өтті

Сонымен қатар екі қабатты аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, лифтілер жөнделіп, резервтік қуат көзі орнатылған.

Курчатов қаласының әкімі Олег Чугунков Курчатов қалалық ауруханасында 26 дәрігер мен 80 орта медициналық қызметкер жұмыс істейтінін атап өтті.

— Аурухананың іргелес аумағы абаттандырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кіреберісте пандус орнатылған. Қажетті жөндеу жұмыстарымен қатар, қалалық аурухананың маңызды мәселесі – білікті мамандардың жетіспеушілігі. Халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту үшін кем дегенде 6 маман — анестезиолог-реаниматолог, педиатр, тіс дәрігері, кардиолог, акушер-гинеколог және сарапшы қажет. Мәселе ішінара шешілді, мысалы, 2022 жылы 4 дәрігер келді, оның екеуі пәтер алды, қалғандарының жеке баспанасы бар,-  деп атап өтті Олег Чугунков.

Сондай-ақ операциялық блокты, реанимация және неонатология бөлімдерін жаңарту жоспарда бар.

Қазіргі уақытта Курчатов қалалық ауруханасы тек шұғыл босану жағдайларын және ұрықтың дамуында паталогиясы жоқ әйелдерді ғана қабылдай алады. Қалған жағдайда жүкті әйелдер Семей қаласына  баруға мәжбүр.

– Курчатов қаласының ауруханасы бірінші деңгейде. Аурухананың  төртінші қабатына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтар алынғаннан кейін 2024 жылы бұл мәселе шешімін таппақ. Аурухананы екінші деңгейге көшіруді жоспарлап отырмыз. Сонда жүкті әйелдердің басым бөлігі өз қаламызда босанатын болады, – деді Олег Чугунков.

Баяндамадан соң Олег Чугунков БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

ОБЛЫС  ӘКІМІ БЕСҚАРАҒАЙДА

28.02.2023
ОБЛЫС  ӘКІМІ БЕСҚАРАҒАЙДА

  Өткен сенбіде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барды. Іссапар аясында аймақ басшысы аудан тұрғындарымен кездесу...

Толығырақ...Details

ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

07.02.2023
ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде әкімдердің халықпен кездесулері тоқсан сайын өткізілуде. Бұл ретте қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семейге қарасты елді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

14 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

14 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

14 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

14 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС