"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚҚА ИЕ БОЛДЫ

21.04.2023
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚҚА ИЕ БОЛДЫ

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары кезекті ғылыми туынды үшін авторлық құқыққа ие болды. «Ұлулар қоршаған ортаның ластануының биоиндикаторы ретінде» тақырыбындағы жобалары арқылы шәкірттеріміз Аружан Абаева мен Назым Мұратқанова экология, соның ішінде топырақтың ластануы, оның тіршілік иелеріне әсері жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2 жылға жуық уақыт жұмсалған зерттеу нысаны ретінде өте ірі өнеркәсіп орындары орналасқан Өскемен қаласының топырағы алынды.

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берген мәліметтерге сәйкес, адам денсаулығының 20%-ы қоршаған орта жағдайларына байланысты. Соның ішінде топырақтың адам өмірінде алатын рөлі ерекше. Күнделікті тұтынатын түрлі көкөніс, жеміс-жидек осы топырақ арқылы өсіріледі. Біз өз зерттеуімізге Achatina Fulisa ұлуын пайдаландық. Себебі былқылдақ денелілердің бұл түрі зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіз. Оларды тамақтандыру, белгілі бір орнына орналастыру аса қиындық туғызбайды. Зертханалық жағдайларға бейімделу үшін ұлулар қиярдың тек бір сортымен тамақтандырылды, — дейді жас зерттеуші Аружан Абаева.

Зерттеу жұмысы бірнеше кезеңді қамтыған. Алдымен таңдалған субстраттағы ауыр металдар мен макроэлементтерді айқындау үшін масс-спектрометриялық талдауға жіберген қыздарымыз биоиндикаторлардың зертханалық жағдайға бейімделуі мақсатында 2 апталық жұмыстар жүргізді. Одан әрі оларды топыраққа орналастырып, белгілі бір аралықта ағзаларындағы ауыр металдардың, макроэлементтердің жинақталу динамикасын зерттеді. Сонымен қатар статистикалық өңдеу жұмыстарын жүргізу және зерттеу нәтижелерін интерпретациялады.

— Әдетте, бізге «Егер топырақ улы болса, бала қалай жұмыс істеген?» деген сауал жиі қойылады. Біз зерттеу жұмысын бастамас бұрын топырақты Курчатов қаласындағы зерттеу орталығына жіберіп, тексерістен өткіздік. Тексеруші мекеме топырақтың құрамындағы улы заттардың дозалық мөлшері қалыпты жағдайда екенін анықтап берді. Демек, жұмыс тиісті мамандардың қорытындысынан кейін басталды, — дейді екінші шәкіртіміз Назым Мұратқанова.

Жас ғалымдардың ұзақ жылғы ізденістеріне мектебіміздің биология пәнінің ұстаздары, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айнұр Қыдырмолдина мен Ләззат Оберкуловалар жетекшілік жасаған.

Зерттеу нәтижесінде ауыр металдар мен макроэлементтердің ұлулардың ағзасында жинақталуы уақытқа байланысты тәуелді болатыны дәлелденді. Макроэлемент пен ауыр металдар мөлшері бір ай уақыт арасында бір-біріне пропорционалды өзгеріске ұшырап отырады, егер ауыр металдар мөлшері артса, сәйкесінше, макроэлементтердің де мөлшері артады. Алынған зерттеу нәтижелері эколог, биолог және қоршаған орта мәселелері қызықтыратын ғалымдар үшін іргелі зерттеу болып табылады.

Шәкірттеріміздің аталмыш зерттеу жобасы ғылыми туынды ретінде Авторлық құқық куәлігін алып қана қоймай, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Биология» пәні бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсынан да жүлделі орын иеленгенін атап өткеніміз абзал.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Халықтың әл-ауқатын арттыру – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты

24.11.2026
Халықтың әл-ауқатын арттыру – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты

Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясында халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту маңызды орын алады....

Толығырақ...Details

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

24.11.2026
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

Тәуелсіздік – қоғам үшін ең басты бағдар, оның мәні  мемлекеттілік тарихымен ғана емес, Қазақстанның қазіргі даму үдерісіне деген қоғамдық көзқараспен де...

Толығырақ...Details

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

24.11.2026
Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

23 қарашада Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангты компанияның президенті және бас директоры лауазымдарына қайта тағайындағанын жариялағанға дейін, оны Қазақстан мен...

Толығырақ...Details

ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

23.11.2026
ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ҚР ҰФҒО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) супраұлттық референс-зертханаларымен бірлесіп, туберкулезді зертханалық диагностикалаудың заманауи...

Толығырақ...Details

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

23.11.2026
ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Қазіргі қоғамда цифрлық технологиялардың дамуы құмар ойындар мен букмекерлік кеңселерде бәс тігуді кез келген адам үшін қолжетімді етті. Бүгінде оған...

Толығырақ...Details

Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

23.11.2026
Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

Орман байлығын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті күшейту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – бүгінгі күннің маңызды міндеті. Осы бағыттағы Мемлекет басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Халықтың әл-ауқатын арттыру – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты

5 часов бұрын

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

8 часов бұрын

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

11 часов бұрын

ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

1 день бұрын

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

1 день бұрын

Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

1 день бұрын

Ақылды қалалар мен цифрлық инфрақұрылым: Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндіктері

1 день бұрын

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

4 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС