"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

21.04.2023
ЖАҢА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Әлихан Бөкейхан университетінің жаңа Студенттер үйінің ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы келіп қатысты. Студенттер жатақханасының ашылу салтанатына сонымен қатар Абай облысы әкімдігінің өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары және оқу орнының әлеуметтік серіктестері қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерген бұл ғимаратты Семейде заманауи талаптарға сай салынған алғашқы Студенттер үйі деп айтуға болады. Нысан 6 қабаттан және 136 бөлмеден тұрады. Бір секциядағы екі бөлме алты студентке арналған төсек-орынмен, шкаф, үстел секілді қажетті жиһаздармен жабдықталған, жуынатын бөлме де бар. Жатын бөлмелермен қатар, ас үйлері, коворкинг аймақтар, медициналық кабинеттер, WI-FI желісіне қосылған кітапхана, фитнес залы, кір жуатын бөлме бар.

Жалпы ауданы алты мың шаршы метрді құрайтын жатақхана 400 орынға есептелген. Ғимарат толықтай университеттің өз қаржысына Қазақстанда өндірілген силикат кірпіштен тұрғызылған. Қабырғалар жылуды сақтау үшін суық өткізбейтін материалдармен қапталған. Құрылыс жұмыстарына жалпы жиыны 1,5 млрд теңге инвестиция жұмсалған.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде соңғы үш жылда үлкен демографиялық өсім байқалатынын, бұл білім саласындағы нысандарға деген сұранысты айтарлықтай арттырғанын атап өтіп, университет ректоры Шырын Құрманбаева мен студенттерді қуанышымен құттықтады.

ЖАҢА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

— Қазіргі таңда Қазақстанда үлкен демографиялық өсім байқалады. Кейінгі үш жылда 1,5 млн-ға жуық бала дүниеге келді. Бұл – өте қуантарлық жағдай. Соңғы рет мұндай өсім 1987 жылы ғана байқалған. Бұл жылы елімізде 417 мың сәби дүниеге келіп, ХХ ғасырдың ең жоғары көрсеткіші тіркелді.  Ал 2020 жылы 426 мың, 2021 жылы 456 мың, 2022 жылы да 400 мыңнан астам сәби дүние есігін ашты. Қазақстанда орта есеппен алғанда жыл сайын төрт жүз мыңнан астам бала өмірге келеді деп болжануда. Сондықтан білім саласына үлкен жүктеме түсіп отыр. Мемлекет басшысы жыл сайын он мың орынды қамтитын жатақхана салу туралы тапсырма берді. Бүгінгі таңда республикада 626 мың студент бар. Екі жылдан кейін елімізде 800 мыңға жуық, ал 2030 жылға қарай миллионнан астам студент болады. Жатақханаларға сұраныс өте жоғары, орын тапшылығы анық байқалып отыр. Қазірдің өзінде елімізде 55 мыңға жуық орын жетіспейді. Ертең Ақтау қаласында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінде де 500 орынға арналған жатақхана ашылмақ. Осылайша екі күн ішінде мыңнан астам студент жатақханамен қамтылып отыр,- деді Саясат Нұрбек.

ЖАҢА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ ЖАҢА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығында оқып жатқан ІІ курс студенті Дариға Алмасқызы заманауи әрі жайлы жатақхана студенттерге үлкен қуаныш сыйлағанын айтады.

— Бүгін Әлихан Бөкейхан университеті шаңырағында үлкен қуаныш. Мен Маңғыстау облысынанмын, университетте «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алудамын. Біз секілді шет аймақтардан келген студенттер үшін жатақханамен қамтылу өте маңызды. Бізге жайлы жағдай жасап, әдемі әрі  заманауи баспана тұрғызып берген университет ректоры Шырын Асылханқызына айтар алғысымыз зор,- дейді Дариға Алмасқызы.

Лента қию рәсімінен соң ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғимаратты аралап көріп, жоғары баға берді. Студенттермен жүздесіп, шағын дәріс оқыды. Сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып өтіп, студенттерді ағылшын және қытай тілдерін меңгеруге шақырды.

— Қытай — еліміздің ең ірі сауда-экономикалық әріптесі. Екі ел арасында визасыз режим де енгізілді. Абай облысы Аспан асты елімен көршілес орналасқандықтан, оқу орны қабырғасында Қытай елінің өркениетін, мәдениетін зерттейтін орталық ашу қажет деп ойлаймын. Егер бәсекеге қабілетті маман болғыларыңыз келсе, халықаралық тіл саналатын ағылшын және қытай тілдерін меңгерулеріңіз керек,- деді Саясат Нұрбек.

Салтанатты шараның соңында министр ғимарат алдындағы аллеяға ағаш отырғызды.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

13 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

13 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

13 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

13 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

14 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

14 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

14 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС