"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ӨРКЕНДЕТУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

23.05.2023
Марат Қарабаев Абай облысының халқымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облысымызға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен келді. Екі күндік сапары аясында ИИД министрі аймақ тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бірқатар өндіріс орындарында болып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

«Ашық микрофон» форматында өткен халықпен кездесуде өз сапарының басты мақсаты тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, проблемаларының шешімін бірге қарастыру екендігін атап өткен министр аймақ тұрғындарын облыс мәртебесін алуымен құттықтап, Семей қаласының ұлт тарихындағы орнына тоқталды.

— Халқымыз бұл өңірді Алаш руханияты қалыптасқан қасиетті мекен ретінде қастерлейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Семей тарихи орталық мәртебесін иеленді. Көне шаһарда ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сынды заңғар тұлғалар дүниеге келді,- деді М.Қарабаев.

Кездесуде тұрғындар тарапынан баспана алу тәртібі, Индустрияландыру картасын іске асыру, машина жасау, фармацевтика саласы, автожол құрылысы, құрылыс және жөндеу жұмыстарында пайдаланылатын битум материалын жеңілдікпен сатып алу және басқа да осы салаға қатысты сауалдар жолданды.

Жиында Талдықорған – Қалбатау – Өскемен бағытындағы күре жол мен Қалбатау – Майқапшағай жол учаскесін жөндеу мәселесі сөз болды. Марат Қарабаев биыл Талдықорған – Қалбатау – Өскемен учаскесінде көлік қозғалысын ашып, құрылысты келер жылы толықтай аяқтау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Ал Қалбатау – Майқапшағай жолындағы жөндеу жұмыстары 2024 жылы аяқталмақ.

Тұрғындар тарапынан тұрғын үй құрылысына, баспанамен қамтуға бағытталған бағдарламаларға қатысты сауалдар да жолданды. Ведомство басшысының айтуынша, тұрғын үй кезегі цифрлық форматқа көшеді, сол арқылы тұрғындар енді бірден автоматты түрде өздеріне лайықты бағдарламаларға тіркеледі. Министр жалға берілетін баспаналарға енгізілген өзгерістермен де таныстырып өтті.

—  Бұрын баспана құрылысына қаржы тендер арқылы мердігерге бөлінсе, қазір әкімдікке беріледі. Мердігер мекеме құрылысты өз қаржысына жүргізеді және әкімдік оның тең жартысын ғана сатып алады. Қалған жартысын құрылыс мекемесі өздері сатады. Бұл өзгеріс баспананың сапасын арттыруға жол ашады деп ойлаймын,- деді М.Қарабаев.

Сонымен бірге министр бұрын отандық кәсіпкерлердің жұмысына қолбайлау болмау мақсатында мемлекеттік тексерістерге мораторий жарияланғанын, алайда кәсіпкерлер сапасыз үйлер салып, сенімге селкеу түсіргендіктен, мемлекеттік тексерулер заң жүзінде қайта енгізілгенін атап өтті.

Семей механикалық зауытының өкілі министрден битум материалын жеңілдікпен сатып алуға қолдау көрсетуді өтінді. Өз кезегінде М.Қарабаев жол желісін дамытудың келешегін ескере отырып, Ақтөбе облысында битум зауытын салу туралы «Қазақбитум» ЖШС-мен тиісті уағдаластыққа қол қойылғанын айтты. Атап айтқанда, зауыт мұнайдан, мазуттан, гудроннан жоғары сапалы битум өндіретін болады. Сондай-ақ түрлі маркалы битумдарды ауыстырып тиеу және маусымаралық сақтау жөніндегі жоба биылдың өзінде іске асырылмақ. Зауыт тәулігіне 500 тоннаға дейін битумды эмульсияны және мың тоннаға дейін жол, құрылыс және ғимараттардың төбесіне арналған битумды өндіретін болады.

Кездесуде сонымен қатар Корея елімен фармацевтика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегі мен Корея бизнес капиталының қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Импорттық материалдар мен дәрі-дәрмектің тапшылығына алаңдаушылық білдірген жергілікті стоматологтер бірлескен жобалар дайындау туралы  ұсыныстарын айтты. Марат Кәрімжанұлы аталған бастаманы қолдайтынын айтып, сонымен бірге қазір кореялық кәсіпкерлермен Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған арнайы топ жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

— Корея Республикасы – Қазақстанның өте маңызды стратегиялық серіктесі. Біз аталған мемлекетпен бірлескен өндіріс орындарын құруға мүдделіміз. Өңдеу өнеркәсібіндегі жоғары технологиялық кәсіпорындарды құрып, дамыту біз үшін стратегиялық тұрғыда аса қажет,- деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Кездесуден соң М.Қарабаев Абай облысының азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Министрдің қабылдауында 6 тұрғын болып, баспана алу, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарына жауап алды.

Жұмыс сапары барысында министр Семей халықаралық әуежайына барып, әуе айлағындағы жаңғырту жұмыстарының жоспарымен танысты.

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

16 часов бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

16 часов бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

17 часов бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

17 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

18 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

18 часов бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

2 дня бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

2 дня бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

2 дня бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС