"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абаттандыру аймақ басшысының назарында

23.06.2023
Абаттандыру аймақ басшысының назарында
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының сапасына қатысты тұрғындар тарапынан түскен шағымдар бойынша Семей қаласындағы бірқатар демалыс орындарын аралады. Облыс басшысы жұмысы сапасыз әрі уақтынан кешігіп жатқан мердігерлерге қатаң ескертулер жасап, қала әкімдігіне, қажет болған жағдайда, басқа мердігерлерді де тарту мәселесін қарастыруды тапсырды.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев алдымен 2019 жылы ауқымды қайта жаңартудан өткен Орталық саябаққа барды. Саябақта жаяу жүргіншілер жолдары жөнделіп, орындықтар мен демалыс алаңдары, спорт тренажерлері, шағын сәулет нысандары және балалар ойын алаңдары орнатылған болатын. Велосипед жолдары жасалып, тақтатас төселді.
Дегенмен демалыс орнында жөндеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Мұнда қазіргі күні жұмыс істемей тұрған субұрқақты жөндеп, көгалдандыру жоспарланған. Бұл жұмыстарға мердігер мекеме «Зеленстрой Семей» ЖШС жауапты. Алайда саябақта көгал әлі өсірілмепті.
— Менің мамандығым — агроном, жақсы газон шығу үшін тұқымды тамыздың 10-нан кейін себу керек. Қазір сепсек, шықпай қалады,- деп жауап берді мұның мәнісін сұраған аймақ басшысына саябақты күтіп ұстауға жауапты «Зеленстрой Семей» ЖШС өкілі Мұратхан Сәкенов. Бұл жауап аймақ басшысының көңілінен шықпады.
— 10 тамыздан кейін деген не сөз? Үйімнің ауласындағы жазда себілген газондарды көрсетейін онда. Ақша бөлінді, бірақ жұмыс нәтижесі жоқ. Жұмысты атқара алмаса, басқа мердігерге тапсыру керек,- деп мекеме жұмысын сынға алған Нұрлан Тельманұлы қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовқа кемшіліктерді жедел түрде жоюды тапсырды.
Бір бұл емес, жаздың алғашқы айы аяқталуға шақ қалса да мұндағы субұрқақтың әлі іске қосылмағаны қынжылтады. Облыс әкімі айтқандай, қыркүйек айында іске қосылатын субұрқақтың қажеті шамалы.
Жөндеу жұмыстары ұзаққа созылған тағы бір нысан – Жеңіс саябағы. Мұндағы жөндеу жұмыстары жуырда ғана басталды десек те, біраз шаруа істеп үлгеретін уақыт болды. Жұмыс баяу жүріп жатқаны бірден көзге түседі.
Аймақ басшысы қала әкімі мен мердігерге қатаң талап қойды.
— Мұндай қарқынмен, жұмыс мерзімінде аяқталмайды. Егер алған міндеттемелерін орындай алмаса, тапсырысты орындайтын басқа мердігер табыңыздар!- деді облыс басшы.
Облыс басшысы арнайы барған кезекті нысан — Мұхтар Әуезов даңғылындағы «Абай Жолы» жаяу жүргіншілер аймағы. Бұл аллеяны ұлы ақынның 175 жылдығы қарсаңында Алматы облысы өз қаражатына абаттандырған болатын. Әуезов пен Селевин көшелерінің қиылысынан ет комбинатына дейін созылып жатқан аллея — сол жағалау тұрғындары жиі баратын демалыс орны. Алайда жаяу жүргіншілер аумағын күтіп ұстауда кемшілік жетіп артылады. Бұл орынды күтіп ұстауға жауапты — тағы да сол «Зеленстрой» ЖШС. Мұнда көргеніміз ыстықтан сарғайып кеткен көгал мен қурап қалған ағаштар болды. «Зеленстрой» ЖШС басшылығы тағы да қатаң ескерту алды.
Бұл күні облыс әкімі әскери техникалар паркіне де барды. 2008 жылы ашық аспан астында ашылған бірегей мұражай экспонаттары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей гарнизоны жеке құрамының күшімен жинақталған. Мұнда Ұлы Отан соғысы жылдарында, одан кейінгі уақытта да пайдаланылған жауынгерлік техниканың үлгілері бар. Әскери саябақ орналасқан аумақ қала басшылығына тиесілі. Нұрлан Тельманұлы айтқандай, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы саябақ орналасқан аумақты өз меншіктеріне алуға ниетті болса, жөндеу жұмыстары жүргізілген соң осы мәселе қарастырылмақ.
Аймақ басшысы Павлодар тас жолында орналасқан бейіттер аумағында да болды. Мұнда жерді заңсыз иелену проблемасы өзекті болып тұр. Аумақта 100 гектар жер бар, оның 17,4 гектары меншік иелеріне тиесілі болса, қалғаны заңсыз пайдаланылып отырғаны белгілі болды. Нұрлан Ұранхаев заңсыз иеленіп отырған азаматтардан жерлерді қалаға қайтарып, бейіттер аумағын қоқыстан тазартуды тапсырды.
Осыдан соң аймақ басшысы Мирный кенті аумағындағы Ертіс өзені жағалауына ат басын бұрды. Жағалаудың тазалығы сын көтермейді, тағы да ескерту.
Осы аумақта орналасқан балалар алаңқайы да Нұрлан Тельманұлының назарынан тыс қалмады. Аймақ басшысы қала әкіміне ойын алаңын да жөндеуден өткізуді тапсырды.
Бұл күнгі жұмыс сапарында облыс басшысы жақында қолға алынған Би Боранбай, 11 «А» мекенжайындағы көп қабатты үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда мұнда құбыр тартылып жатыр. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, ауладағы жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталады.
Келесі кезекте Нұрлан Тельманұлы Селевин көшесінде орналасқан 38, 40 үйлердің ауласын барып көрді. Топырағы борпылдап, шаңы көтеріліп жататын бұл аулалар да абаттандыруды қажет етіп тұр.
Тұрғындарға мейлінше жайлы жағдай туғызу қажеттігін ескерткен облыс басшысы аталған аулаларды абаттандыру тізіміне қосуды тапсырды.
Айтылған сын мен ескертулерден жауапты бөлімдер мен мердігерлер қорытынды шығарып, кемшіліктерді түзетеді деген ойдамыз, дегенмен алда көре жатармыз.

Ұқсас жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

10.06.2026
101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов пен дәстүрлі әнші Қайрат...

Толығырақ...Details

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

10.06.2026
Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

На пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций о предстоящем культурном проекте рассказали проректор по стратегии и социальному развитию Университета имени Шакарима...

Толығырақ...Details

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

10.06.2026
В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

В Департаменте полиции области Абай в рамках реализации Концепции по продвижению идеологии «Закон и порядок» на 2025–2030 годы состоялось мероприятие...

Толығырақ...Details

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

10.06.2026
«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» тақырыбында дөңгелек үстел...

Толығырақ...Details

«Заң керуені» акциясы өтті

10.06.2026
«Заң керуені» акциясы өтті

«Заң керуені» көшпелі акциясы аясында құқық қорғау және облыстық мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мобильді топ Семей қаласының тұрғындарына құқықтық көмек...

Толығырақ...Details

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

09.06.2026
Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымға орай шомылуға арналған 16 ресми орын белгіленіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді және қауіпті учаскелерде тәулік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

13 часов бұрын

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

13 часов бұрын

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

13 часов бұрын

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

14 часов бұрын

«Заң керуені» акциясы өтті

1 день бұрын

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

1 день бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар саны төрт есеге артты

1 день бұрын

Абай облысында демалыс орындарының санитариялық жағдайы тұрақты қадағаланады

1 день бұрын

Абай облысында банкроттық рәсімін пайдаланғандар саны 2,4 мыңнан асты

1 день бұрын

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС