"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«СЫНЫПТАСТАР. ӨМІР САБАҚТАРЫ»

15.09.2023
«СЫНЫПТАСТАР. ӨМІР САБАҚТАРЫ»
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қыркүйек айының 26 күні Семей қаласындағы Абай атындағы драма театрында «Театр ВТ»-ның (Business Theatre) «Сыныптастар. Өмір сабақтары» атты спектаклі қойылады. Осыған орай Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, театр директоры Айгүл Сұлтанбекова БАҚ өкілдеріне қойылым жайлы айтып, театр тарихымен таныстырды.

Асылхан САДАҚБАЕВ,
«Semeı tańy»

Өзегін өмірден алып, талғампаз көрерменнің көңілінен шыға білген аталған қойылым халықаралық фестивальдерге қатысып, Қазақстан театр өнерін әлемге танытып, еліміздің мәртебесін көтеріп үлгерген екен. Санкт-Петербург қаласында өткен «Алтын маска» халықаралық фестивалінде “Сыныптастар. Өмір сабақтары” қойылымы 149 спектакльдің арасынан бірауыздан жоғары бағаланып, бас жүлдені жеңіп алыпты.
— Қадірлі семейліктер, жолдастар, кездесуге келгендеріңіз үшін алғысымыз зор. Семей — менің туған қалам. Осында бойжеттім, ата-анам осында тұрады. 10 жыл бұрын Алматыда құрылған тәуелсіз театрмен “ Сыныптастар. Өмір сабақтары” атты қойылыммен келіп отырмыз. Бәріміздің де сыныптастарымыз бар. Бұл спектакль сіз бен біз жайлы, шынайы өмірден алынған. Күнделікті өмірде бәріміз де таңдау жасаймыз, қателесеміз. Сол қателіктен сабақ аламыз. Спектакльде қадірін білмей кейіген кей уақыттарда тілдеп алатын өмірдің адамға қаншалықты қымбат екені көрсетіледі. Махаббат, достық, адамдар арасындағы қарым-қатынас суреттеледі,- деді Айгүл Сұлтанбекова.
Көрермен махаббаты арқылы келген тірнектеп жиған абыройдың мәртебесі бәрінен биік. Бұл тұрғыдан алғанда Business Theatre халық қолдауынан кенде емес. Театрдың гастрольдік сапарын өнер сүйер қауым тағатсыздана күтіп отыр.
— Өзім де бұл спектакльді талай мәрте көрдім, әртістерді де жақсы танимын. Соған қарамастан қойылымды әрбір көрген сайын сезімге бой алдырып, көз жасыма ерік беріп қоямын. Бейтаныс, Қазақстаннан келген шағын, әрі танымал емес театрдың халықаралық фестивальден бас жүлде алуы үлкен таңданыс тудырды,- дейді театр директоры.
Айгүл Мұратқызының айтуынша, гастроль идеясы мүлдем кездейсоқ, күтпеген жерден пайда болған.
— Біз қойған спектакльге онлайн билет жүйесі Тикетонның өкілі көрермен болған екен. Ол бізге хабарласып: «Осы қойылымды халыққа мейлінше көбірек көрсету керек»,- деді. Сөйтіп, Тикетон мен Jam.kz бастамасымен Қазақстанның 4 қаласын аралап өнер көрсетеміз,- дейді театр директоры.
Әлемде кең тарап, етек алған «арт-бизнес» деген концепция бар. Бұл мемлекет қолдауынсыз, өз қаражаты арқылы өнерін елге насихаттап, мәдениет нарығында бренд болып қалыптасу. Елімізде өнер саласында жаңашылдыққа жол ашқан «Театр ВТ» Семейге ат басын бұрған екен. Қадамдарына сәттілік тілей отыра, қаламыздың өнер сүйер қауымын «Сыныптастар. Өмір сабақтары» спектаклін көруге шақырамыз.
— Бұл спектакль ешкімнің жан-дүниесін бей-жай қалдырмайды. Көрермендер арасынан алғаш рет ер адамның жылағанын көрдім,- деген Айгүл Мұратқызы қойылым жан-дүниесіне мәдени төңкеріс іздеген адамды рухани биікке шығарып, жаңа әсермен қауыштырады деп сендірді.

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 часа бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 часа бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 часа бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 часа бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

1 день бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС