"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

“Ауыл” партиясы ауылмен бірге!

15.11.2023
“Ауыл” партиясы ауылмен бірге!

“Ауыл” партиясы шалғайдағы ауылдарға мән беріп, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жұмыс жасап келе жатқан бірден бір партия.

“Ауыл” партиясының негізгі жұмыс бағыттары аграрлы секторды мемлекеттік реттеу мен қолдауды күшейту, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мүддесін қорғау, қоғамның демократиялануы үшін саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуына көмек көрсету, нарықтық экономиканың дамуы, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге ықпалдасу болып табылады.

Еліміздің барлық аймақтарында партия филиалдары белсенді жұмыс нәтижесін көрсетуде.

Абай облысы құрылғалы бері, бір жылдан астам уақыт өтті.  Осы аралықтағы партияның біздің облысымыздағы жұмысына тоқтала кету жөн шығар.

Мониторингтік топтар құрып,  ауылдарды аралап, мәселелерді көтеріп, оны барынша шешуге тырысып жүрміз. Біз шекаралық аймақта орналасқан облыс болғандықтан, шалғай ауылдарымыздың қаңырап бос қалмасы үшін, интернет желісі, жарықтандыру, жол салу, таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді алға қойдық. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ біздің облыста “Ауыл” партиясының атынан сайланған Курчатов қаласы мен Үржар ауданында маслихат депутаттары бар.  Абай ауданың әкімі және Саржал ауылдық округінің әкімі мен Көкпекті ауданы Үлкенбөкен, Аягөз ауданы Қарағаш, Үржар ауданы Барқытбел және де Жаңа Семей ауданы Айнабұлақ ауылдық округ әкімдері бар.  Ауылдық округ әкімдерінің бастамасымен қазіргі таңда өз округтері бойынша интернет желісін қосу жұмыстарын жасап, Саржал мен Барқытбел округ әкімдері оң нәтижеге жетті.

Партиямыздың сайлауалды бағдарламасына сәйкес, облыстық филиал тарапынан әйелдер мен балалар құқығын қорғау үшін “Ашық есік күні” сынды акциялар ұйымдастырылып келеді. Психологиялық, заңгерлік тегін консультациялар берілуде. Сот процесстеріне де қатысып, заңды түрде жәбірленуші әйелдер мен балалардың құқығын қорқап жүрміз. “Ауыл” партиясының жанынан “Ауыл әйелдер” әйелдер қанаты мен “Мейірім құшағы” комиссиясы осы бағытта өз жұмыстарын жалғастыра бермек.

Сонымен қатар, спортты дамыту, жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында футзалдан чемпионаттар жылда дәстүрлі түрде өтеді.

Тәуелсіздік қарсаңында жыл сайын дәстүрлі түрде, жас жазба ақындар арасында облыстық мүшайра өткізудеміз.

Біздің болашағымыз -жастар! Осы орайда біз жастарымыздың жан-жақты дамыуына ықпал ету мақсатында жастарға арналған түрлі мастер-класстар мен семинарлар ұйымдастырылды. “Ауыл” партиясының жанынан құрылған “ Ауыл жастары” жастар қанатының да осы таұырыпта қосып жатқан үлесі ерекше.

Президентіміз  Қасым- Жомарт Кемелұлының ауылды аймақтарды, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бастамасына сәйкес, партия Төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты- Егізбаев Серік Рахметоллаұлының тапсырмасымен әрбір ауылдық округтерде, бірінші партиялық ұйым негізінде Партия ошақтары ашылуда. Ол дегеніміз, ауылдағы тұрғындарымыз мәселесін немесе шағымын айтып бара алатын және ауыл ішінде бастама жасап, мәселені оң әрі тезірек шешуге тағы бір мүмкіншіліктің пайда болғаны, ауыл тұрғындармен тығыз байланыс орнатудың оңтайлы тәсілі.

Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы бағдарламаларды кеңінен насихаттауға, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, жастарға арналған жеңілдетілген несиелер жөнінде үлес қосудамыз.

Ауыл шаруашылығы мен ауылдарымыз дамыса, ата-бабадан қалған аманатымызды қорғай, салт-дәстүрімізді сақтай білсек, еліміздің жарқын болашағына сенімді боламыз.

Осы орайда, қараша айының үшінші демалысында тойланатын, ауыл шаруашылық күніне орай жарияланып отырған, бұл мақалада ауыл шаруашылық саласында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарды құттықтай кеткім келеді.  Сіздер қажырлы еңбектеріңіздің арқасында  еліміз өркендей түспек. Ауыл шаруашылық қызметкерлерін шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еңбектеріңіз еленсін!

Серік Байғалиев,
“Ауыл” Халықтық- демократиялық патриоттық партиясының Абай облысы бойынша филиалының Төрағасы

Ұқсас жаңалықтар

Инвестиция және өнеркәсіп: Қазақстанның экономикалық жаңғыруының маңызды бағыттары

27.11.2026
Инвестиция және өнеркәсіп: Қазақстанның экономикалық жаңғыруының маңызды бағыттары

Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы инвестициялық белсенділікті арттырумен, өнеркәсіптік өндірісті кеңейтумен және заманауи технологияларды енгізумен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Заңды құрметтеу және азаматтық жауапкершілік – әділетті қоғамның негізі

27.11.2026
Заңды құрметтеу және азаматтық жауапкершілік – әділетті қоғамның негізі

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына ғана емес, олардың өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына да байланысты. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

27.11.2026

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағына бағытталған стратегиялық бағдар

26.11.2026
Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағына бағытталған стратегиялық бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын...

Толығырақ...Details

Адами капиталға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға, цифрландыруға және алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарауға басымдық беру.

26.11.2026
Адами капиталға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға, цифрландыруға және алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарауға басымдық беру.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын үлкен...

Толығырақ...Details

Заңдылық – әділетті әрі қуатты мемлекеттің негізі

26.11.2026
Заңдылық – әділетті әрі қуатты мемлекеттің негізі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауы еліміздің одан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Инвестиция және өнеркәсіп: Қазақстанның экономикалық жаңғыруының маңызды бағыттары

1 день бұрын

Заңды құрметтеу және азаматтық жауапкершілік – әділетті қоғамның негізі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағына бағытталған стратегиялық бағдар

2 дня бұрын

Адами капиталға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға, цифрландыруға және алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарауға басымдық беру.

2 дня бұрын

Заңдылық – әділетті әрі қуатты мемлекеттің негізі

2 дня бұрын

Инфрақұрылымдық жобалар өңірдің дамуына жаңа мүмкіндік ашады

2 дня бұрын

ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ ЖАСАМПАЗ ҚАДАМДАРЫ

2 дня бұрын

Аға буын нені күтеді? Абай облысында Президент Жолдауы талқыланып, ардагерлердің пікірі тыңдалды

2 дня бұрын

Қазақстанда тіс емдетуге шетелдіктердің қызығушылығы артқан

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС