"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

25.12.2023
ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
80
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

22 желтоқсан күні Қалалық мәдениет сарайында «Жыл үздігі – 2023» атты Абай облысының үздік спортшылары мен спорт саласындағы қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Сымбат ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»
Іс-шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Абылқасымов қатысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде үздіктерді қорытындылайтын шараға Әлем және Азия чемпионаттарында көк туымызды желбіретіп жүрген спорт саласының майталмандары және олардың жаттықтырушылары жиналды.
Салтанатты рәсім басталар алдында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев құттықтау сөз сөйлеп, облыстағы спорттың дамуына қосқан үлесі және жарқын жеңістері үшін сала өкілдеріне алғысын білдірді.
Салтанатты кеш барысында жыл қорытындысы бойынша олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерімен айналысушылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері облыс әкімінің қолынан алғыс хат алды.
Атап айтқанда, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Зарина Сарипова, шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының спорт шебері Ернар Нүрсбеков, «Елімай» футбол клубының капитаны Еркебұлан Нұрғалиев, пара дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ерлан Конкиев, жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Хижнякова, ММА-дан ҚР спорт шебері Сайран Сағындықов, Еуропа кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы Берікбол Жұманбеков, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының спорт шебері Аяна Исахан марапатталса, «Ең үздік спорт клубы» аталымын «Елімай» футбол клубы жеңіп алды. Спортшыларға 500 000 мың мен 250 000 мың теңге ақшалай сертификат және статуэтка табысталды.
Сондай-ақ грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының Жазғы спартакиадасының жеңімпазы, «Токио» олимпиада ойындарының қатысушысы, «Париж 2024» жазғы олимпиада ойындарына жолдама иегері, «2023 жылдың жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшысы» аталымының иегері жеңімпазы, Нұрсұлтан Тұрсыновқа пәтер кілті табысталады.
«2023 жылдың үздік аудан жаттықтырушысы» номинациясын Айдар Қайрбаев алса, «2023 жылдың Паралимпиадалық спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы» номинациясы Мадина Тоқтамысоваға бұйырды. Айбек Жұманбаев «2023 жылдың ұлттық спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы», Махаббат Советханқан «2023 жылдың олимпиадалық емес спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы», Ерик Жұмабеков
«2023 жылдың үздік спорт төрешісі» атанды.
Шыңғысбек Тұрсынов «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен, Қайрат Чармұхаметов «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Мұхсин Нұртазин және Юрий Друзь «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

26.08.2026
1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

Қазақстанда сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау кезең-кезеңімен енгізілуде. 1 қыркүйектен бастап жаңа талаптар шыны бөтелкелерге құйылған өнімдерге қолданылады....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

26.08.2026
Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

Семейде Semey Hub ұйымдастырған «GovTech саласындағы жасанды интеллектіні дамытудың перспективалары» тақырыбында дәрістік-практикалық workshop өтті. Оған мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, ведомстволық...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

26.08.2026
2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – террористік сипаттағы қатерлерге жедел ден қоюға тартылатын күштер мен құралдардың әзірлігін арттыру. Іс-шара аясында нақты жағдайларға...

Толығырақ...Details

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

25.08.2026
«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның...

Толығырақ...Details

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

25.08.2026
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

25.08.2026
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

14 часов бұрын

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

14 часов бұрын

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

14 часов бұрын

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

2 дня бұрын

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

2 дня бұрын

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

3 дня бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

3 дня бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

3 дня бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС