"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

26.08.2026
Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде Semey Hub ұйымдастырған «GovTech саласындағы жасанды интеллектіні дамытудың перспективалары» тақырыбында дәрістік-практикалық workshop өтті. Оған мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор басшылары, сондай-ақ цифрландыру саласының мамандары қатысты.

Қатысушыларға жасанды интеллектінің мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін қалай өзгертіп жатқаны түсіндірілді. Негізгі назар ЖИ-ді практикалық қолдануға — міндет қоюдан және деректермен жұмыс істеуден бастап, нәтижеге дейінгі үдеріске аударылды.

Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы жасанды интеллектіні енгізу мәселелерді жедел шешудің қуатты құралы екенін атап өтті. Спикердің айтуынша, бұл технология мемлекеттік басқару жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

– Қазіргі таңда цифрландыру Абай облысының дамуының негізгі бағыттарының бірі болып отыр. Біз жаңа технологияларды жай ғана енгізуді емес, халықтың күнделікті өмірін жеңілдететін, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыратын нақты шешімдер табуды көздейміз. Мемлекеттік аппарат пен IT-қоғамдастықтың ынтымақтастығы – біздің жетістігіміздің негізгі кілті. Өйткені шынайы инновациялар мемлекеттің қажеттіліктері IT-саланың икемділігімен ұштасқан жерде пайда болады. Біз сіздердің идеяларыңыз бен батыл көзқарастарыңызға әрдайым ашықпыз. Жасанды интеллект – басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеруге қабілетті қуатты құрал. Оны қағазбастылықты азайтуға, талдау жұмыстарын жетілдіруге және азаматтармен кері байланысты жақсартуға қалай пайдалануға болады? Бүгінгі workshop осы сұрақтарға жауап табатын алаң болады деп сенемін, – деп атап өтті Абзал Серікұлы.

Workshop барысында GovTech ұғымы және ЖИ-агентінің чат-бот пен қарапайым ақпараттық жүйеден айырмашылығы түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар Қазақстанда жасанды интеллектіні қолданудың құқықтық негіздерімен, соның ішінде «Жасанды интеллект туралы» ҚР Заңы және Цифрлық кодекспен танысты.

Semey Hub директоры Анет Тұрсынжанның айтуынша, воркшоп барысында мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері туралы көбірек ақпарат алып, оның артықшылықтарымен танысты.

– Бүгін Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесіп, «Мемлекеттік қызметтегі жасанды интеллект» тақырыбында workshop өткіздік. Спикеріміз Владислав Набока кеңсе жағдайында ЖИ-агентін қалай құруға болатыны жөнінде шеберлік сабағын өткізді. Сондай-ақ жасанды интеллектіні қандай мекемелерде енгізуге болатынын талқылап, киберқауіпсіздік пен кибергигиена мәселелерін қозғадық. Бұдан бөлек, KAZ LLM моделін қолдану мүмкіндіктері туралы айтылды, – деді Анет Тұрсынжан.

Қолданыстағы мемлекеттік ЖИ сервистері, соның ішінде eGov GPT, eGov AI, Smart Data Ukimet және «Цифрлық отбасы картасы» мысалында қатысушыларға «міндет – деректер – модель – нәтиже» қағидаты бойынша жасанды интеллект шешімдерінің қалай құрылатыны көрсетілді.

Кездесу барысында 2030 жылға дейін GovTech саласында жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттары да талқыланды. Олардың қатарында проактивті мемлекеттік қызметтер, ішкі процестерге арналған ЖИ-агенттері, тәуекелге бағдарланған бақылау және болжамды талдау, нормашығармашылық пен құқықтық талдауда ЖИ-ді қолдану, сондай-ақ деректердің бірыңғай архитектурасы мен ведомствоаралық ақпарат алмасу бар.

Ұқсас жаңалықтар

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды. Атап айтқанда, қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 минуты бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

16 минут бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

23 минуты бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 час бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 час бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

1 час бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

1 час бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

1 час бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

2 часа бұрын

Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС