"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАС ЖОСПАР — ЖАҢАРУДЫҢ БАСТАУЫ

25.02.2024
БАС ЖОСПАР — ЖАҢАРУДЫҢ БАСТАУЫ
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта бейсенбісінде Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласының жаңадан әзірленген бас жоспарының жобасы таныстырылды.

Әлібек КЕМЕЛХАН,
«Semey tany»
Семей қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дархан Сейтханов Бас жоспарға қатысты бірқатар мәселелерге тоқталды. Жаңа жоспарға сәйкес, Семей қаласы жоспарлы екі ауданға бөлінетін болады. Аудандар Ертіс өзені арқылы бөлінеді. Әрбір жоспарлы аудан, жаңа Бас жоспарға сәйкес, төрт тұрғын ауданнан тұрады. Олар, өз кезегінде, темір жол магистральдарымен бөлінеді.

Дархан Сейтханов атап өткендей, қаланың орталық бөлігінде негізгі әкімшілік-іскерлік және қаржы мекемелері, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, оқу орындары, темір жол және автомобиль вокзалдары, ғибадатханалар, сонымен қатар ірі сауда нысандары шоғырланған.
— Жалпы, Бас жоспар бойынша, қала орталығының солтүстік-батыс жағында Батыс тұрғын ауданы орналасқан. Онда тұрғын үй және өндірістік-коммуналдық құрылыс шоғырланған. Солтүстік-шығыс жағынан Ақсай тұрғын ауданы жалпықалалық орталыққа іргелес орналасқан. Бұл ауданда, бірқатар өндірістік және коммуналдық кәсіпорындармен қатар, жеке секторға басымдық берілген. Қазіргі уақытта Шығыс тұрғын ауданының шығыс бөлігін саяжайлар алып жатыр, — деп атап өтті Дархан Сейтханов

БАС ЖОСПАР - ЖАҢАРУДЫҢ БАСТАУЫ

БАС ЖОСПАР - ЖАҢАРУДЫҢ БАСТАУЫ

Бөлім басшысы қала іргесіндегі саяжайлар мәселесіне де тоқталды. Жер заңнамасына сәйкес, қала шегінде бау-бақша өсіруге арналған учаскелер берілмейді. Дегенмен бас жоспарды әзірлеушілер қаланың саяжай алаптарын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныс әзірлеуде.
Дархан Бақытұлы атап өткендей, кейбір саяжай алаптары, жаңа Бас жоспарға сәйкес, дамытуға жататын болады.
— 2011 жылғы бас жоспарда олар саяжай алаптары ретінде көрсетілді. Жаңа жоспар бойынша кейбір саяжай алаптары одан әрі дамытылуға жатқызылып, аз қабатты және орта қабатты ғимараттар салынады. Нақты жоспарлау жобасын әзірлеу бұл саяжайларды тұрғын үй алаптарына айналдыруға мүмкіндік бермейді. Алайда жаңа бас жоспар әлі бекітілген жоқ, бізге 4 наурызға дейін уақыт берілді. Осы уақыт ішінде саяжайларды жаңа бас жоспарда қалай көрсетеміз, осы туралы ұсыныс жасаймыз, — деп атап өтті спикер.

Жаңа бас жоспар бекітілгенге дейін және оны жүзеге асыру басталғанға дейін саяжайлар мәселесін бір жақты шешу әзірге мүмкін емес.
— Біз бұл мәселені жобалық институтпен бірлесіп, қалаға залал келтірмеу жағын да ойластырып, тұрғындарға ыңғайлы нұсқаны ұсыну үшін әлі де зерттеп жатырмыз. Егер бас жоспар дамытуға бекітілсе, біз тұрғын үй құрылысының, іскерлік және әкімшілік ғимараттардың, әлеуметтік объектілердің қай жерде болатынын анықтайтын нақты жоспарлау жобасын әзірлейміз. Осыдан кейін саяжайлардың орындары анықталады, — деді Дархан Бақытұлы.
Семей қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеушілер мен жобалаушылардың айтуынша, тарих және сәулет ескерткіштері үшін қорғау аймақтары белгіленіп, мемлекет тарапынан қадағалауға алынатын болады.
— Жаңа бас жоспарды іске асыру кезінде біз «Тарих және мәдениет объектілері мен ескерткіштері» бөлімін де қарастырдық. Бұл бөлімде біз ескерткіштер ретінде ресми түрде танылған нысандар туралы мәліметтерді жандандырамыз. Жаңа бас жоспар аясында оларды арнайы қорғау аймақтарына орналастырамыз, — деп атап өтті спикер.
Жобалаушылар қатарындағы Нұрбек Аужанов тарихи құрылыс пен мұраны сақтау Семей қаласының жаңа Бас жоспарына қатысты негізгі мәселелердің бірі екенін айтты.
— Семей — тарихы бай қалалардың бірі. Маңыздылығы бойынша еліміздегі Орал, Петропавл қалаларымен салыстыруға болады. Бас жоспардың құрамында жеке корғау аймағы бар тарихи және сәулет ескерткіштерінің тізімі болады. Қаланың орталық бөлігі, сонымен қатар бірнеше шағын аудандар да тарихқа өте бай. Бас жоспардың бір ерекшелігі – қаланың өмірінен сыр шертетін тарихи құрылыстарға баса назар аударылады, — деді Нұрбек Аужанов.
Айта кететіні, жаңа Бас жоспар әлі қабылданған жоқ, ал ол бекітілгеннен кейін егжей-тегжейлі жоспарлау шаралары жүргізілетін болады.
— Бас жоспар қаланың жалпы даму стратегиясын айқындайды. Басты мақсаты — алаңдарды, қаланы аймақтарға бөлу. Әрі қарай біз әрбір нысан бойынша, әр көше бойынша нақты жоспар дайындаймыз, — деп қорытындылады сөзін Дархан Сейтханов.
Брифинг соңында бөлім басшысы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап қайтарды.

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 часа бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС