"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР – ҚОҒАМНЫҢ БІР ТІРЕГІ

29.02.2024
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР – ҚОҒАМНЫҢ БІР ТІРЕГІ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың қатысуымен алқалы жиын өтті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекетіміздің ең сенімді тірегі іспеттес. Мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамдық ұйымдар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді.
Бүгінде елімізде 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді. Ал Абай облысы бойынша 500-ден астам азаматтық қоғам институттары тіркелген.
Дөңгелек үстел барысында Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев ядролық қаруға қарсы «Семей-Невада» қозғалысы Қазақстандағы тұңғыш үкіметтік емес ұйым екенін атап өтті.
— Біз бүгін Дүниежүзілік ҮЕҰ-дар күнін атап өтудеміз. Үкіметтік емес ұйымдар — қашанда азаматтық қоғамның алдыңғы қатарында болып, белгілі бір мәселелер бойынша халықтың ұстанымын білдіріп келеді. Азаматтық қоғам мен Үкімет арасындағы алтын көпір де осы – үкіметтік емес ұйымдар. Сіздер әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып келесіздер. Мемлекет басшысы да ҮЕҰ-ның рөлін ерекше атап көрсеткен. Осы орайда Қазақстандағы азаматтық қоғам дамуының басында тұрған, биыл құрылғанына 35 жыл толған «Невада-Семей» қозғалысының басы-қасында жерлестеріміз тұрғанын атап өту қажет. Өткен жылдан бері күш-жігеріміз бен барлық ресурстарды біріктіріп, Абай облысында бірыңғай ҮЕҰ орталығын құру жөнінде келіссөздер жүргізіп келеміз. Оның басты міндеті — ҮЕҰ қызметіне бөлінген қаражатты жинақтау және оны басым бағыттарға сәйкес бөлу. Азаматтық сектордың даму деңгейі — қоғам өркениетінің көрсеткіші, сондықтан бұл өте маңызды,- деді Жасұлан Сәрсебаев.
Жиынға қатысушылар аймақтағы ҮЕҰ-ды дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, үкіметтік емес ұйымдарға қатысты мәселелерді көтерді. Іс-шараға қатысушылар бала құқығын қорғау мәселесіне де тоқталды.
Дөңгелек үстел соңында Жасұлан Бірлікұлы ҮЕҰ жетекшілерін алғыс хаттармен марапаттады.

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

2 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

2 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

2 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

3 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

3 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

3 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

3 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС