ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 18 наурыз күні сағат 7:10-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 760 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.9.
MPV магнитудасы — 4.3.
Тереңдігі — 35 км.
Қазақстанда сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.