"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

KAZ Minerals Aktogay: ИНДУСТРИЯЛЫ ӨНДІРІСТІҢ ЦИФРЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

06.06.2024
KAZ Minerals Aktogay: ИНДУСТРИЯЛЫ ӨНДІРІСТІҢ ЦИФРЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Негізінен, мыс кені өндірілетін Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты тек Абай облысындағы ғана емес, республикамыздағы, тіпті әлемдегі әлеуеті жоғары ірі индустриялы өндіріс ошағы саналады. Бүгінде KAZ Minerals Тобының 10 жылдық белесінде оның құрамына кіретін «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС да жаңадан құрылған Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып отыр.

Қуаныш ҚОЖАЕВ,

«Semeı tańy»

Өткен аптада Ақтоғайға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері арнайы сапармен барып, кәсіпорынның барлық алаңдарында болып, өндіріс барысымен танысып қайтты.

Мұндағы өндіріс процесі әуелгі кезекте ашық карьерден басталады. Қайнаған еңбек ортасы саналатын аспан астындағы алаңда заманауи алып ауыр жүк көліктері тынбай жұмыс істеуде. Жер қыртысын қопарып, кен қазып, тасымалдап жатқан алып техникалардың гүрілі аумақты жаңғырықтырып тұр. БАҚ өкілдерін карьер бастығы Думан Сүлейменов қарсы алды.

Қазіргі таңда мұнда оксидті және сульфидті мыс кені ашық әдіспен өндірілуде. Айта кетерлігі, карьердің ең терең жері 230 метр болса, орташа ұзындығы екі шақырымды құрайды. Мұндағы жұмыстар тәулік бойы еш үзіліссіз жүргізіледі.

Думан Сүлейменовтің айтуынша, қазіргі күндері карьер басындағы тау-кен массасын өндіруде әлемде кеңінен танымал шетелдік кен өндіру техникалары қолданылады. Атап айтсақ, Жапонияның Hitachi компаниясы шығаратын заманауи экскаваторлардың бес данасы қызмет көрсетуде. Ауыр салмақты мұндай техниканың өндірістік қуаты аса жоғары, әрқайсысы орташа есеппен алғанда сағатына 2 700-ден 3 700 тоннаға дейін кен өндіре алады.

— Сонымен қатар кеніштен алынған кенді тасымалдаудың өзін жеке процесс десек болады. Оған да шетелдік ауыр жүк көліктері қолданылады. Мәселен, САТ 777 – екі дана, 785 – 18 дана және 793 – 17 дана қолданылады. Мұның барлығы еліміздегі ең ірі техника. Атап айтсақ, 793 жүк көлігі салмағы 240 тоннадан асатын аса ауыр жүкті тасымалдай алады. Сондай-ақ Hexagon компаниясының тау-кен өндірісін тиімді түрде басқаруға және барлық үрдістерді нақты уақыт режимінде бақылап, есепке алып отыруға арналған диспетчерлік жүйесі де бар, — дейді карьер бастығы.

Бұл дегеніміз руда тиелгеннен бастап діттеген жерге жеткізілгенге дейін автоматты түрде бақыланып, толық назарда ұсталады деген сөз. Компанияның басты ұстанымы – қызметкерлердің амандығы. Осы орайда ақтоғайлық кеншілер техникалық қауіпсіздік талаптарына сай жасалған заманауи технологияның қызметіне сүйенеді.

Жалпы, кеніштегі жұмыстың қауіпсіздігі үшін жоспарлау-инженерлік, геотехникалық, геология-маркшейдерлік қызмет сынды бірқатар көмекші қызметтер де қарастырылған. Олар кеніштің жағдайын тәулік бойы бақылап, талдау жасайды.

Кеніштің геотехникалық тұрақтылығын қадағалайтын озық жүйесі бар геотехникалық қызметті ерекше атап өткен жөн, ол арқылы каръер ернеуінің жағдайы үнемі қадағаланады. Маркшейдерлік қызмет сканерлер мен ұшқышсыз ұшу аппараттары сынды геодезиялық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Жалпы, қазіргі таңда карьерде бір ауысымда 500-ден аса адам еңбек етуде. Сондай-ақ жүзден аса техника тұрақты қызмет көрсетеді.

Ал осыдан соң фабрикаға жеткізілген кенді дайындаудың келесі операциялары бойынша руданы алғашқы үгіту жұмыстары басталады. БАҚ өкілдері тау болып үйілген руданы алыстан бақылады. Осы жерден кен үгітілген кен қоймасына жеткізіледі. Ол жақтан тағы да ұнтақтау диірменіне жөнелтіледі. Айта кетерлігі, мұндағыдай алып үгіткіштер бүкіл Қазақстанда, тіпті ТМД елдерінде де жоқ. Оның өнімділігі сағатына 4 800 тонаға дейін жетеді.

Мұндағы процестер оператор бөлмесінде компьютерлендірілген басқару пульті арқылы басқарылады екен. Яғни, жалпы жұмыстың технологиялық көрсеткіштері бақыланады. Оператор жігіттер арнайы датчиктер арқылы барлығын айнадағыдай көріп отырады. Сондықтан да болар, ешқандай ақаулық, тосын жат орын алмайды.

Осылайша, бірнеше сатылы диірмендерден өткен кен әбден ұнтақталған соң арнайы техникалық су, кен массасынан мысты бөліп алу үшін химиялық реагенттер қосылып, ауа жіберіледі.  Соның нәтижесінде қоймалжың зат, яғни, кеншілер тілімен айтқанда, пульпаның құрамындағы мыс минералдары ауа көпіршіктерімен бірге қалқып судың бетіне шығады да, ернеуінен асып, арнайы науаларға құйылады. Бұл процесті сүттің бетіндегі қаймағын кілкіп алумен салыстыруға болады.

Ал науаға түскен көбік — бұл дайын болуға жақын мыс. Оны сүзгіден өткізіп, кептірген соң мыс концентраты дайын болады. Кәдімгі құрғақ цементті еске түсіретін бұл зат арнайы орында қапталып, вагондарға тиеледі. Алынған өнім осы арадан еліміздің әр түкпіріндегі  металлургиялық зауыттарға немесе экспортқа жөнелтіледі.

Жалпы, мұнда кен оксидті кешен мен сульфидті екі фабрикада өңделеді. Әр сульфидті фабриканың өнімділігі, игерілетін кен көлеміне қарай, жылына 25 млн тоннаға дейін жетеді. Алынатын мыс көлемі жылына 252,4 мың тоннаны құрайды. Бұл тек еліміздегі ғана емес, әлемдегі теңдессіз көрсеткіш саналады.

Расында, мұндағы іркіліссіз жұмыс тек бақылау мен тәртіптің ғана емес, қосымша тың жобалардың қолға алынуы мен үлкен жауапкершіліктің нәтижесінде де сәтімен атқарылады. Мәселен, барлық техникалар мен жабдықтардың қызмет сапасы тұрақты  түрде назарға алынады. Олардың істен шығуының алдын алу үшін арнайы бекітілген мамандар кешенді жұмыстар жүргізеді. Ол үшін зертханалық сараптау, зерттеу іс-шаралары жолға қойылған. Кәсіпорында жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз ету жеке бөлімі бар. Ондағы мамандардың міндеті — ауыр жүк көліктерінің істен шығуының алдын алу. Одан бөлек, қажетті техникаларды құрастырып, күрделі жөндеуден өткізіп, жоспарлы түрде бабына келтіріп отырады.

— Әрбір құрылғыда электронды датчиктар бар. Олар онлайн режимінде бізге ақпараттар жолдап отырады. Компьютердегі сол ақпараттар бойынша сараптама жасаймыз. Құрылғылардағы температуралар мен қысым ұдайы есепке алынады. Алынған сараптамалардың қорытындыларына қарап, алдын ала болжам жасап, кейбір техникалық құрал-жабдықтардың істен шығуының алдын аламыз, — дейді бұл орайда ғылыми қызметкер Назерке Сағындықова.

Бұл жұмыстардың маңызы өте зор. Себебі өндіріс барысында сынып қалған, істен шыққан әр техниканың бос тұрған әр сағаты үлкен шығын әкеледі. Қаншама уақыт пен қаражат ысырап болады. Сол себепті техникалық ақаулықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді.

Мұнда сонымен қатар көліктердің дизельдік жанар-жағармайына да сараптама жасалады. Ауыр жүк көліктерінің қозғалтқыштары ұзақ әрі сапалы қызмет көрсетуі үшін әрбір жанармайдың құрамы жіті тексеріліп отырады. Бұл ретте бөлімдегі лаборатория тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді.

— Сараптама жұмыстарының нәтижесі бойынша алдын алу іс-шаралары арқылы, мәселен, карьердегі самосвал көлігіндегі қозғалтқыштың қызметін 15 мың сағаттан 30 мың сағатқа дейін күрделі жөндеусіз пайдалануға болады. Былайша айтқанда, ауыр салмақты көліктің өмірін ұзартамыз. Ол үшін заманауи технологиялық тәсілдерді өндіріске енгізудеміз. Сонымен қатар дизельді қозғалтқыштарға ультрафиктивті сүзгілер мен әлемдегі ең соңғы жағармайды қолданамыз, — дейді Назерке Сағындықова.

Кәсіпорындағы мамандар жаһандық озық инновациялық тәсілдерге де арқа сүйеуде. Мәселен, жас маман өз тәлімгері — колумбиялық осы саланың майталманы Дэвид Энрике де Кастромен бірлесіп, әлемдік тәжірибелерді өндіріске енгізуді қолға алыпты. Қазіргі таңда тау-кен комбинатында ғылыми ізденістерге жол ашық. Сондықтан да болар, осы қызметке келгеніне небары екі жыл ғана болған Назерке Сағындықова тағылымгерден аға инженер дәрежесіне дейін жоғарылап үлгеріпті.

Бұл жетістіктердің барлығы заманауи және цифрлық технологиялар қолданылатын, жасанды интеллектіге негізделген бағдарламалары бар Ақтоғай кен байыту комбинатының әлемдегі мыс концентратын өндіретін ірі кәсіпорындар қатарына қосылуға мүмкіндік беріп отыр. Осылайша, аталған ірі өндіріс ошағы KAZ Minerals Тобынының Бозшакөл комбинатымен қатар, Қазақстан тарихына соңғы жарты ғасырдың ең ірі, айтулы индустриалды өнеркәсіп орны ретінде енді десек болады.

Сөз соңында осынау кешенде үш жарым мыңға жуық адам жұмыс істейтінін, сондай-ақ жергілікті Ақтоғай мен Қопа ауылының тұрғындарын жұмысқа тартып, олар үшін көптеген әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларын жақсарту жолдары қарастырылғанын да айта кету ләзім. Ол енді басқа мақалаға арқау болатын тақырып.

KAZ Minerals Aktogay: ИНДУСТРИЯЛЫ ӨНДІРІСТІҢ ЦИФРЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІKAZ Minerals Aktogay: ИНДУСТРИЯЛЫ ӨНДІРІСТІҢ ЦИФРЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІKAZ Minerals Aktogay: ИНДУСТРИЯЛЫ ӨНДІРІСТІҢ ЦИФРЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

23 часа бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

23 часа бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС