"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

26.07.2024
Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық қоғам қайраткері, саяхатшы, Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бренд-амбассары Ерік Шыныбеков тізгіндеп келді.

Көшпенді Ерік Шыныбеков Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында Парижге Атырау қаласынан шығып, Ресей, Грузия, Түркия, Грекия, Италия және Германия елдері арқылы жүріп өткен. Осы миссиясы аясында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттап, Көшпенділер ойындарының үлгісінде көлігін безендіруді ол — өзінің отандық спортқа деген адалдығын, жанашырлығын білдіретінін айтты.  Көліктің артқы есігінде дала фонында бүркітті ұшырып тұрған бүркітші бейнеленген. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілетін күндері мен (8-13 қыркүйек) Ойындардың ресми сайты wng.kz көрсетілген. Сондай-ақ, көліктің екі жағына Ойындардың ресми логотипінің суреті салынған.

«Менің ойымша, Еріктің ұйымдастырған акциясы оның көшпенділік болмысын бұрынғыдан да аша түседі. Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттауды ұйымдастырушылар, мемлекеттік мекемелер, спорттық ұйымдар ғана емес, Қазақстанның кез келген азаматы, спорт жанкүйерлерінің де белсене кіріскенін көрсетеді.

Біз осындай жанашырларымыздың арқасында әлемдегі ең ірі спорт және мәдениет орталықтарының бірі Парижде жаһандық көшпенділер мәдениетін таныстыру мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Бұл біздің мұрамызды әлемге жариялаудың және жанкүйерлерді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырудың тамаша мүмкіндігі», — деді Ойындар дирекциясының маркетинг жөніндегі директоры Серік Буксиков.

Париж тұрғындары мен қонақтары көлікті сыртынан тамашалап қана қоймай, Ойындар туралы көбірек білуге ​​және көшпелі халықтардың тарихы мен дәстүрімен танысуға мүмкіндік алды.

Өз кезегінде, ДКО ұйымдастыру комитеті Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына шын жүректен сәттілік тілеп, қазақстандық спортшылардың ел намысын абыроймен қорғайтынына сенім білдіреді.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

39 минут бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

40 минут бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

41 минута бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

43 минуты бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

44 минуты бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

45 минут бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

46 минут бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

47 минут бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

49 минут бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

50 минут бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС