"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Көшпенділер ойындарына 1 метрлік дабыл дайындап жатырмын – абайлық қолөнер шебері

23.08.2024
Көшпенділер ойындарына 1 метрлік дабыл дайындап жатырмын – абайлық қолөнер шебері
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы Абай ауданында тұратын қолөнер шебері, этнодизайнер Сәкен Назарханұлы ағаштан, темірден, күміс пен сүйектен қазақтың көне қару-жарақтарын жасайды. Ет жақынын туған күнінде ерекше сыйлықпен қуантқысы келгендер оған тапсырыс береді. Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі тек қару емес, музыкалық аспаптар, жиһаз бен ұлттық ыдыс-аяқ түрлерін де жасап келеді. Қыркүйек айында Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына ол 1 метрлік дабыл жасап жатыр екен. Бұл туралы шебер Kazinform тілшісіне берген сұхбатында айтты.

— Бойыңыздағы бұл қабілетті қалай байқадыңыз?

— Абай ауданы Саржал ауылының тумасымын. Қолөнермен айналысып келе жатқаныма 40 жылдай уақыт болып қалыпты. Бәрі мектеп қабырғасында басталған-тұғын. Ол кезде комсомол ұйымы деген болған. Соның қатарында жүріп, ұстазымыз Асқар Слямовтан үйреніп, қолөнерге икемім келетінін көрдім. Алғаш рет кәдесый ретінде кішкентай домбыра жасағаным есімде.

дабыл
— Ұлттық бұйымдарды жасауыңызға не түрткі болды?

— 1995 жылы елімізде Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы тойланды. Соған тостаған, қымыз құятын ожау, үстел, орындық және басқа да заттар жасадым. Уақыт өте келе тапсырыс да арта берді. Өзім де бұйымдардың түрлерін көбейте түстім. Қару-жарақтан қылыш, найза, қалқан, шоқпар, садақ, музыкалық аспаптардан домбыра, нарқобыз, сыбызғы, дауылпаз, даңғыра жасаймын. Көрмелерге қойғанға теріге басылған портреттерді де жасайтыным бар.

— Қандай материалдарды пайдаланасыз?

— Торсық, табақ сынды ыдыс-аяқтарды жасағанға көктеректі пайдаланамын. Себебі оның дәмі шықпайды. Ал басқа ағаштан жасалса, ас-судың дәмін бұзып жібереді. Нарқобызды қарағаштан, түйенің терісі мен жылқының жал-құйрығынан жасаймын.

дабыл

Найза жасағанға қайың жақсы. Қылышты болат темірден жасаймын, ал сабы сүйектен, қынабы ағаштан болады. Бір қылышты жасауға 1 жарым ай кетеді. Қалқанға қатысты айтар болсақ, қаңылтыр темірді дөңгелетіп кесіп, оюын саламын. Айтқанда тез болғанмен бұл қыр-сыры көп, ұзақ жұмыс.

Өскемен мен Семейдегі түгел дерлік музейлермен жұмыс істеймін. Оларға реставрациялық жұмыстармен қатар қорларындағы қару-жарақтардың көшірмесін жасап беремін. Үйімнің астында шеберханам бар. Барлығын сонда жасаймын.

— Қай өңірлерден тапсырыс түсіп тұрады?

— Абай облысының әр ауданынан тапсырыстар түседі. Одан бөлек, Астана, Алматы қалаларынан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарынан тапсырыс беретіндер бар. Әр түрлі компаниялардың сұранысымен кәдесыйлар жасап жіберіп тұрамын. 2005 жылдан бастап осы уақытқа дейін елордадағы «Қайысман» дүкеніне кәдесыйлар жіберемін.

дабыл

Ет жақынының туған күніне ерекше сыйлық бергісі келгендер мен әскери адамдар қару-жарақ алып жатады. Садақты өзіне алып, үйіне іліп қоятындар да бар. Ал мамыр айынан күзге дейін қымыз піскен уақытта күбіге деген сұраныс артады. Табақ, астау алатындар да аз емес.

— Кез келген адам қолөнерші бола ала ма әлде бұл үшін туабітті қабілет керек пе?

— Көп адам осындай шұқыма жұмыстан қашады. Қазір енді бұрынғыға қарағанда қолдануға болатын жабдық түрлері мол. Алайда ол қолмен істегенге жетпейді. Оюды да қолмен ойған жөн. Тіпті ол қисық кетсе де, сонысымен әдемі болып тұрады. Қолөнерші болу үшін бір орында тапжылмай отыра алатын шыдамдылық, қол ептілігі керек. Бұндай қабілет екінің бірінде бар деп айтуға келмес.

дабыл

— 8-14 қыркүйекте Астана қаласындағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Абай облысы делагациясының мүшесі ретінде баратыныңызды естідік. Өзіңізбен ала кететін бұйымдарыңыздың ішінде ең ерекшесі қайсысы болмақ?

— Иә. Абай облысынан 10 адам барамыз. Біздің өңір атынан 3 киіз үй тігіледі. Көшпенділер ойыны өтетін аймақта әр облыстың бутиктері болады. Соған өзімнің кәдесыйларымды, қару-жарақтар мен ұлттық аспаптарды қоямын. Ең ерекшесі – ұзындығы 1 метрлік дабыл болмақ. Оны тамыз айының соңына дейін аяқтап қаламын.

дабыл
дабыл

— Әңгімеңізге рақмет!

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС