"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесі өтті

24.04.2026
Семейде «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесі өтті
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімдігі мен облыстық прокуратураның бірлесуімен Семей қаласының Ертіс жағалауында «Адал адам – адал еңбек» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Әлеуметтік маңызы жоғары шара жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді бір алаңда тоғыстырып, өзара тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Жәрмеңкеге өңірдегі ірі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, жеке компаниялар мен білім беру ұйымдары қатысты. Шараға 34 жұмыс беруші мекеме қатысып, 135 бос жұмыс орнын ұсынды. Жалпы облыс бойынша 685 жұмыс орны қолжетімді екені айтылды.

– Абай облысының әкімдігі облыстық прокуратурамен бірлесіп, Президент тапсырмасына сәйкес «Адал еңбек – адал азамат» акциясы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Қазіргі таңда 685 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкенің басты мақсаты – әлеуметтік осал топтағы азаматтарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, — деді Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынып, ал жұмыс іздеушілер түйіндемелерін тапсырып, сол жерде әңгімелесуден өтті. Сонымен қатар қатысушыларға кәсіптік бағдар беру, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мәселелері бойынша кеңестер ұсынылды. Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтар, пробация есебіндегі және бас бостандығынан босап келген тұлғаларды жұмыспен қамтуға басымдық берілді. Сондай-ақ колледж бен жоғары оқу орындарының түлектері үшін алғашқы жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасалды.

Шараға прокуратура органдарының өкілдері, әкімдік қызметкерлері, жұмыс берушілер, жұмыс іздеушілер және кәсіпкерлер қатысты.

– Мен 4 курс студентімін, бастауыш сынып мұғалімі мамандығында білім алып жатырмын. Бүгін оқу орнымызбен бірге осы «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесіне келдік. Көптеген мағлұмат алып, өзімізге қажетті ақпараттарды жинадық, — деді студент Адель Бөкешова.

Айта кетейік, биыл облыста 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның үштен бірі бүгінде орындалған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер адал еңбекке сұранысты арттырып, халықтың табысын көбейтуге ықпал етеді.

Семейде «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесі өтті Семейде «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесі өтті Семейде «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесі өтті Семейде «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесі өтті Семейде «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесі өтті

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС