"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштер қабылдау басталды

10.10.2024
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштер қабылдау басталды
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне 2021 жылдан бастап беріліп келеді. Бүгінге дейін елімізде грант аясында 90 азаматқа 6 бағыт бойынша гранттар табысталған.

Ағымдағы жылы берілетін гранттарға өтініштер 7 қазанда басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Гүлнұр Ыдырышева мәлімдеді.

— Абай облысында биылғы жылы облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты берілетін болады. Грант «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылып отыр. Облыс бойынша үздік 5 жобаға 1 000 000 теңге көлемінде қаражат тағайындалған, — деп атап өтті Гүлнұр Ыдырышева.

Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі №469 «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру туралы» қаулысына және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бекіткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жасалып келеді. Конкурсқа 14-35 жас аралығындағы жастар ғана қатыса алады.

— Гранттар келесі 5 бағыт бойынша беріледі. Атап айтар болсақ: ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа бағыттары. Жобаның басты мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыру және жаңа жоба бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсету болып табылады. Сондай-ақ конкурстың негізгі міндеттері: талантты және талапты жастарды қолдау, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық тудыратын жастардың инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін анықтау, жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап-жобаларын іске асыруға жәрдем көрсету және жастар арасында шығармашылық қызметті танымал ету, — деп қорытындылады спикер.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 7 қарашаға дейін жалғасады. Әлеуметтік желілерде жарияланған арнайы форма бойынша дайындалған өтінімдерді белгіленген электронды почтаға құжат қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін жіберу қажет. Конкурстың шарты, өтінім беру формасы мен құжаттар жіберілетін электронды почта туралы толық ақпарат интернет порталдарда, әлеуметтік желілердегі облыстық парақшаларда және «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы мен «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» қоғамдық қорының ресми парақшасына орналастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

15 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

15 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

15 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

5 дней бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС