"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қамқорлыққа толы бір күн

30.10.2024
Қамқорлыққа толы бір күн
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында әлеуметтік салада 1800 адам қызмет етеді, оның 816-сы – әлеуметтік қызметкерлер. Мамандардың күнделікті еңбегін көрсету мақсатында «Әлеуметтік сала қызметкерінің бір күні» атты арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды. Аталған шараны облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырып, мүгедектігі бар адамдарға үйден көрсетілетін қызмет түрлері мен олардың сапасын БАҚ өкілдеріне таныстырды.

15 жылдан бері зейнеткерлер мен түрлі топтағы мүгедектігі бар жандарға қамқорлық көрсетіп келе жатқан әлеуметтік қызметкер Зәуреш Алиманова өз жұмысының бір күнін БАҚ өкілдеріне баяндап, әр қызмет алушының мінезіне бейімделіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.

* Әлеуметтік қызметкер ретінде 2009 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Қарауымда 8 адам бар, олардың ішінде бірінші топ мүгедегі Александр Анатольевич бар. Бүгін оны тамақтандырып, күтім жасап болған соң, келесі қызмет алушым, зейнеткер Наталия Константиновнаға барамыз. Таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін орталыққа тіркелген жандарға қызмет көрсетеміз. Әр қызмет алушының мінезі әртүрлі болғандықтан, біз оларға физикалық, моральдық көмек көрсетіп, күнделікті тұрмыстық көмектен бөлек, жан-жақты қолдауға тырысамыз, — деді Зәуреш Алиманова.

Ал әлеуметтік қызмет алушы Александр Анатольевич өз кезегінде көрсетілетін қызметке ризашылығын білдіріп, Зәуреш Алиманованың еңбегін жоғары бағалады.

* Маған көмек өте сапалы көрсетіледі, досым болып кеткен көмекшім Зәуреш Алиманова – өз ісінің шебері, барлық жұмысты уақытында әрі мұқият атқарады. Тіпті, психологиялық тұрғыда қолдау көрсетеді. Оның қамқорлығының арқасында өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін. Әлеуметтік қызметкерлерге алғысымды білдіремін, жұмыстарына табыс тілеймін, — деп ризашылығын жеткізді қария.

Баспасөз турының соңында “Абай облысы Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” КММ бөлім меңгерушісі Бақыткүл Энтебекова орталықтың үш бағытта жұмыс атқаратынын және онда 171 қызметкер еңбек ететінін атап өтті.

* Біздің орталық үш бағыт бойынша жұмыс істейді: күндізгі жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру. Белсенді ұзақ өмір сүру бөлімі кейіннен ашылғандықтан, қазіргі таңда онда 100-ден астам зейнеткер қызмет алуда. Күндізгі жартылай стационарда қызмет алушыларға медициналық және денсаулықты нығайтуға бағытталған спорттық шаралар ұйымдастырылады. Орталықта барлығы 1200 адам қызмет алады, оларға 171 қызметкер көмек көрсетеді. Біздің мамандар өз жұмысына адал әрі жауапкершілікпен қарайды, әрбір қызмет алушының қажеттіліктеріне көңіл бөліп, сапалы көмек көрсетуге тырысады, — деп қорытындылады бөлім меңгерушісі.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС