"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Құрылыс басқармасы тарапынан 49 жаңа нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде

19.12.2024
Құрылыс басқармасы тарапынан 49 жаңа нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Құрылысқа бөлінген жалпы қаржы көлемі 291 млрд теңгені құрады. Жоспарланған барлық жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов баяндады.

— Білім беру саласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында балабақша мен балалар лагері салынуда. Ал Семей қаласында Оқушылар сарайының және мектептерге қосымша ғимараттардың құрылысы жүргізілуде, — деп атап өтті басқарма басшысы.

Тұрғын үй құрылысы бойынша да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Абай облысындағы 2024 жылы тұрғын үй салу жоспары 404,7 мың шаршы метрді құрайды. Бұл 3 797 пәтер.

— Бүгінде 2 700 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде көпқабатты және жеке тұрғын үйлер бар. Сонымен қатар, несиелік және жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту да назардан тыс қалмады. Жаңа тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандарды сумен, газбен және электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда, — деді спикер.

Шыңғыс Риахановтың айтуынша, денсаулық сақтау саласында ауылдық амбулаториялар, медициналық пункттер мен реанимациялық бөлімшелер салынып, спорт саласында дене шынықтыру кешендері, бассейндер мен стадиондар құрылысы, мәдениет саласында ауылдық клубтар мен мәдениет үйлері, сондай-ақ балаларға арналған орталықтардың құрылысы аяқталған.

— Бүгінде басқарма тарапынан 49 жаңа нысанның жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Осы күнге дейін 102 жоба бойынша оң сараптамалық қорытынды алынды, олардың 72-сі жүзеге асырылуда, 30 жоба өз кезегін күтуде. Барлық құрылыс жоспарлары бекітілген кестеге және бөлінген қаражат көлеміне сәйкес орындалуда, — деп қорытындылады Шыңғыс Риаханов.

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

15 часов бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

16 часов бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

16 часов бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

16 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

17 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

17 часов бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

2 дня бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

2 дня бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

2 дня бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС