"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

25.12.2024
2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2024 жылғы су тасқыны елімізде соңғы 80 жылда орын алған ең ірі су тасқыны болды. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, апат салдарынан қираған инфрақұрылым ауқымды қалпына келтіру жұмыстарын қажет етті. Алайда, мемлекеттік құрылымдар, гуманитарлық ұйымдар мен жеке сектор арасындағы нақты үйлестіру мен үйлестірілген жұмыс нәтижесінде Үкімет апаттың салдарын барынша азайтып, зардап шеккендерге жедел көмек көрсете алды.

2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

Азаматтарға қандай көмек көрсетілді

Үкімет тарапынан 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлкі зақымданған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілді. Өңірлерде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және инфрақұрылым салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Мәселен, 36 455 отбасына жалпы сомасы 13,3 млрд теңге, 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. 21 876 отбасына 9,9 млрд теңге көлемінде 150 АЕК-ке дейінгі өтемақы төленді. Биыл төтенше жағдай жарияланған су басқан аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек төлеу отбасылардың материалдық жағдайын жергілікті комиссияның тексеруінсіз автоматты түрде ІІІ тоқсанға ұзартылды. Мұндай шешім нәтижесінде 3,6 мың отбасына 655,7 млн теңге көлеміндегі АӘК төлемі тағайындалды.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде комиссиялар азаматтардың жалғыз баспанасы болған 19 359 су басқан үй мен саяжай құрылыстарын тексерді. Оларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жылжымайтын мүлік нарығынан 5 767 тұрғын үй сатып алынды. Жөндеу жұмыстары 9 156 үйде 100% аяқталды. Бұл мақсаттарға барлығы 54,7 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ қысқа мерзімде 64 млрд теңгеге халық үшін 2 680 жеке тұрғын үй салынды.

Биыл Үкімет резервінен 42,5 млрд теңге бөлінді. Оның 400 млн теңгесі зардап шеккен отбасыларға Қостанай облысының Арқалық қаласынан 31 пәтер сатып алуға бағытталды. 1,4 млрд теңге – Қостанай облысының Арқалық қаласындағы, Амангелді және Жангелді аудандарындағы «Қостанайюжэлектросервис» КМК электр желілерін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 1,1 млрд теңге – Батыс Қазақстан облысындағы жоғары вольтты электр желілерін күрделі жөндеуге; 22,7 млрд теңге – Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жол инфрақұрылымын қалпына келтіруге жұмсалды.

Сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында білім беру нысандарын салуға және жөндеу жұмыстарына – 7,5 млрд теңге; Солтүстік Қазақстан облысында инженерлік инфрақұрылым жобасын іске асыруға – 2,9 млрд теңге, атап айтқанда, Универсальная көшесі бойында «РТЖ» ААҚ темір жолдары арқылы өтетін автожол өткелін салуға бөлінді.  600 млн теңге – Ақмола облысында 7 сумен жабдықтау нысанын жөндеуге, 5,9 млрд теңге – Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге бағытталды.

ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды өтеу үшін 12,1 млрд теңге бөлінді. Зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне толық төлем жасау мақсатында «Демеу» корпоративтік қорынан Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына 2,5 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталды. Аталған қаражат есебінен ШОБ субъектілерінің 40 өтініші бойынша шығын өтелді. Жалпы, өңірлік комиссиялар 14,6 млрд теңгеге 734 кәсіпкерлік өтінімді мақұлдады.

Мал шығыны үшін мемлекет тарапынан көрсетілген көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.

2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

Апаттан құтқару жұмыстарына 63 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылды

Су тасқыны нәтижесінде еліміздің көп бөлігі табиғи апатқа ұшырады, оның ауқымын болжау мүмкін емес еді. Жүзден астам елді мекеннің тыныс-тіршілігіне нұқсан келді. Ең қиын жағдай республиканың батыс аймақтарында және солтүстік бөлігінде болды, онда су тасқыны екі кезеңде өтті.

Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің үйлестіруімен Жедел және өңірлік штабтар жұмыс істеді, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Ауқымды апатты жою және азаматтарды құтқару үшін күштер мен құралдарды тасымалдау бойынша жедел шешімдер қабылданды. Басты міндет азаматтардың қаза болуына жол бермеу болды. Осыған байланысты, бастапқы кезеңде халықты төтенше жағдайлар аймақтарынан жер үсті және әуе тәсілімен кідіріссіз эвакуациялау жүргізілді.

Су тасқыны кезеңінде 120 мыңнан астам азамат құтқарылып, уақытша орналастыру пункттеріне жайғастырылды, оларға барлық қажетті көмек көрсетілді.

Су басқан аймақтарға құқық тәртібін қамтамасыз ету және санитарлық-профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін қосымша күштер жіберілді.

Көлік қатынасынсыз қалған Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін алғаш рет қалқыма көпірлер қолданылды.

Қосымша арнайы инженерлік техника мен тіршілікті қамтамасыз ету заттарына броньды алып тастау жасалды. Бір мезгілде тәулік бойы су тасқынына қарсы және инженерлік жұмыстар жүргізілді.

Барлығы 35 млн м3 астам су сорылды, мың шақырымға жуық уақытша қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды, 7,5 мың шақырымға жуық арықтар мен каналдар тазартылды, 8 млн астам қапшықтар төселді.

Жалпы, апаттан құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен бей-жай қарамайтын азаматтар жұмылдырылды.

Күштер мен құралдардың жалпы топтамасы 63 мыңнан астам адамды, шамамен 7 мың техниканы, 1 мыңнан астам су айдау құрылғыларын, 418 жүзу құралдарын және 38 әуе кемелерін құрады.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің барлық деңгейлерін үйлестіру мен өзара іс-қимылдың арқасында апаттың ауқымының таралуына жол берілмеді және бес жүзден астам елді мекен су тасқынынан қорғалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТЖМ жанынан бақылау функциялары берілген Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды.

2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

Су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жиналды

Жалпы, су тасқыны жағдайы тек жағымсыз салдар әкелген жоқ, сонымен қатар қазіргі уақытта экономика салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинауға мүмкіндік берді. Мысалы, егер өткен жылы су қоймаларынан жалпы су жіберу бүкіл су тасқыны кезеңінде шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда су қоймаларынан жалпы су жіберу 36 млрд м3 астам көлемді құрады.

Бұл ретте республиканың су шаруашылығы құрылыстары ең жоғары шиеленісті кезеңде суды қабылдауды және қауіпсіз ағызып жіберуді қамтамасыз етті, бұл тасқын суларды соңғы жылдары тапшылық туындаған су нысандарына (көлтабандар, су басқан шалғындар, көлдер) жіберуге мүмкіндік берді. Мәселен, Астана су қоймасын тасқын сумен толтыру 2 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді, осылайша су қоймасын  Қ. Сәтбаев атындағы канал арқылы толтыру қажеттілігі жойылды.

Сондай-ақ су тасқыны экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді, тасқын суды көптен бері су бармаған жерлерге бағыттады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн м3 тасқын су жетті.

Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн м3 су жіберілді. Соның арқасында, су жолын қадағалау тарихында алғаш рет Сарысу өзені арқылы су Қызылорда облысының көл жүйелеріне жетті.

Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд м3 су, оның ішінде 3,3 млрд м3 су тасқыны кезінде жіберілді, Каспий теңізіне – 7,4 млрд м3.

2024 жылдың қыркүйек айының басында жедел деректерге сәйкес, су қоймаларынан ауыл шаруашылығына 8,4 млрд м3 су, өнеркәсіпте 3,7 млрд м3 су пайдаланылды.

Сонымен қатар Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданының Чкалов және Садовое (Самарқанд су қоймасының төменгі ағысы), Нұра ауданының Байтуған және Тассуат елді мекендеріне жақын Нұра өзенінің учаскелерін санациялау жұмыстары уақтылы орындалды, сондай-ақ Абай ауданының (Жартас су қоймасының төменгі ағысы) елді мекендерінің маңындағы Шерубай-Нұра өзенінің жалпы ұзындығы 68 км болатын учаскелерін санациялау бойынша жасалған жұмыстар секундына 1,2 мың м3 тасқын суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және елді мекендердің су басуына жол бермеді.

Болашақта тасқын суды жинауды және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін көлемі 2,6 млрд м3 болатын 42 жаңа су қоймасын салу, жалпы жобалық көлемі 3,7 млрд м3 болатын 37 су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ шамамен 14,5 мың км болатын ирригациялық каналдарды салу және реконструкциялау жоспарлануда.

Бұл іс-шаралар Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген.

Биыл екі су қоймасының құрылысы (Бәйдібек ата және Қарақуыс Түркістан облысы) және үш су қоймасын реконструкциясы Ақтөбе (Ақтөбе облысы), Қапшағай (Түркістан облысы), Киров (БҚО) басталды.

580 мыңнан астам тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зардап шеккен нысандарды салуға, реконструкциялауға, қалпына келтіруге және қорғаныс бөгеттерін нығайтуға бағытталған 56 жобаның тізбесі анықталды.

ТЖ кезеңінде оқушыларға білім беру процесін ұйымдастыру жұмыстары

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезінде 236 мыңнан астам оқушы оқитын 313 мектеп әкімдіктермен бірлесіп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қашықтан оқыту салдарынан пайда болған олқылықтарды толтыру үшін биылғы маусым және тамыз айларында жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылды.

Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 44 мектепте аралық және қорытынды аттестаттау тоқтатылды, оқушылардың бағалары жылдық көрсеткіштер негізінде қойылды.

70 мыңнан астам педагогтың аттестаттаудан өту мерзімдері жазғы кезеңге ауыстырылды. Су басқан өңірлердегі 6 мыңға жуық бала сауықтыру орталықтарында тегін демалыспен қамтылды.

Айта кетейік, су тасқыны салдарынан 11 мыңнан астам оқушы білім алатын 40 білім беру нысанына су кірген.

2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру

Көлік қатынасын қалпына келтіру бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды

Қазақстандық әуе компаниялары биылғы 11-20 сәуір аралығында Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларындағы бағыттар бойынша Атырау қаласынан жалпы сыйымдылығы 14,2 мыңнан астам орындық 76 қосымша рейсті орындады.

Сондай-ақ әуе тасымалдаушылармен 1,1 млрд теңге гуманитарлық көмек бөлініп, 100 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.

Поездардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 45 шаюға қарсы поездар құрылып 83 су қоймалары мен бөгеттерге тұрақты мониторинг ұйымдастырылды.

Көпірлердің, құбырлардың, дренажды құдықтардың саңылауларын қардан, мұздан және қоқыстан тазарту, таулы және су бұру арықтарын, науалар мен жыраларды ашу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Халықты эвакуациялау кезеңінде 30 мың жолаушы, оның ішінде «Атырау-Құлсары-Маңғыстау» бағыттары бойынша 12,5 мың жолаушы, Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Астана, Ақтау қалалары бағытында 5,5 мың жолаушы тасымалданды, сондай-ақ ҚР ТЖМ, Ұлттық ұлан, жергілікті атқарушы органдар жеке құрамының 10,5 мың адамы және 1,5 мың бала емдеу-сауықтыру орталықтары мен лагерьлерге барды.

1,1 мың бірлік ауыр техниканы тасымалдау үшін 700 бірлік теміржол платформасы тегін негізде бөлінді.

Қапшағай стансасынан Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарына қалқыма (құрама) көпірлер жеткізілді.

Бұдан басқа, зардап шеккен өңірлерге 10 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек (ауыз су, азық-түлік, матрацтар, гигиена заттары, сондай-ақ апаттан құтқару жұмыстарына арналған қиыршық тас және кесек тас) жеткізілді.

Су тасқыны салдарынан республикалық жолдар бойынша 122 учаскедегі жол жиектері мен жол төсемі шайылып кеткен болатын.

Қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру толық көлемде қарастырылды және нәтижесінде барлық көлік байланыстары қалпына келтірілді.

Ұқсас жаңалықтар

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

15.05.2026
Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

Бүгін Аягөз ауданында алғаш рет «Қазақстан халқына» қорының «JASAMPAZ URPAQ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Digital Urpaq: Ayagoz 2026» ауқымды технологиялық және...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

15.05.2026
Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

✔️Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның арнаулы мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін...

Толығырақ...Details

Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

15.05.2026
Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы заңға құрмет құндылықтарын дәріптеу мақсатында...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

15.05.2026
Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

Абай облысында биылғы жылдың төрт айында тұрмыстық салада 1345 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес негізгі басым бағыттардың...

Толығырақ...Details

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

15.05.2026
Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

15.05.2026
Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

10 часов бұрын

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

11 часов бұрын

Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

11 часов бұрын

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

11 часов бұрын

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

11 часов бұрын

Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

12 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді

12 часов бұрын

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

12 часов бұрын

Облыста «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бастау алды

12 часов бұрын

Облыс әкімі белгілі суретші Қоңыртай Мұхамедиевпен кездесті

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС