"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ВАКЦИНАЦИЯЛАУҒА ШАҚЫРАДЫ                   

22.01.2025
АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ВАКЦИНАЦИЯЛАУҒА ШАҚЫРАДЫ                   
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде жедел респираторлы вирустық инфекциялар және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева баяндады.

— Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап, яғни 2024 жылдың 1 қазанынан бастап облыста  ЖРВИ-дың 47 мыңнан астам жағдайы тіркелді,  науқастардың негізгі бөлігі 54,9 % (25977 жағдай) 14 жасқа дейінгі, оның ішінде 2385  жағдай 1 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Жүкті әйелдер арасында 477 жағдай анықталды. Вирустық пневмониямен 1107 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 877-і 14 жасқа дейінгі балалар. Осы эпидемиялық маусымда COVID-19-ға оң сынамалар анықталған жоқ, тұмаудың зертханалық расталған 50 жағдайы, оның ішінде А(H1N1) типті тұмаудың 40 жағдайы немесе 80 %, В типті тұмауының 10 жағдайы немесе 20 % тіркелді, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында тұмаумен ауырғандардың жалпы санының үлесі 62% құрады (31 жағдай) — деп атап өтті Айгүл Тоқтабаева.
-2024 жылы қызылшамен сырқаттанудың 742 расталған жағдайы тіркелді, 2023 жылы 217 жағдай тіркелген болатын.          Қызылшаның таралуына қарсы тиімді күрес мақсатында халықты қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмыстраы жүргізілді, нәтижесінде жағдай тұрақтанып, өткен жылдың шілде айының ортасынан 2024 жылдың аяғына дейінгі жағдай бойынша облыста қызылша тіркелген жоқ.
Ағымдағы жылдың басынан бері қызылшамен сырқаттанудың 5 расталған жағдайы Семей қаласы бойынша, оның ішінде 1 жағдай 1 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар арасында және 4 жағдай ересектер арасында тіркеліп отыр,-деп атап өтті спикер. Айгүл Тоқтобаевтың айтуынша, 2024 жылы көкжөтелмен сырқаттанудың расталған 55 жағдайы тіркелді, 2023 жылы 6 жағдай ғана тіркелген болатын. 2025 жылдың басынан бастап вакцинациядан бас тартқан 2 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің 1 расталған жағдайы анықталды. Вакцинамен басқарылатын инфекциялар атына сай, вакцинаның көмегімен ғана балаңызды және өзіңізді жұқпалы арулардан қорғай алатын ең тиімді жол, аурудың алдын алудан және асқынуынан сақтайтын спецефикалық профилактикалық шара екендігін атап өтті.
Абай облысының бас инфекционисті Имдат Эфендиев  медицина қызметкерлерінің жетістіктерімен бөлісіп,  аймақ тұрғындарына аурулардың алдын алуға көңіл бөлуге кеңес берді.
– Жақсы жаңалықпен бөліссек, былтыр біз 9 800 науқасты емдедік, олардың ішінде шамамен 8 000-ы – балалар. Ауыр жағдайда түскен барлық балалар қажетті ем алып, сауығып шықты. Атқарылған жұмыс үшін дәрігерлерге шын жүректен алғыс білдіремін. Бұл – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі, – деді Имдат Эфендиев.

Сонымен қатар, инфекционист өткен жылы өңірімізде қызылша ауруыеа шалдыққандар саны көбейгендігін атап өтті.

– Қызылшаға қатысты айтар болсам, өткен жылы бұл ауру пневмония және тыныс алу жеткіліксіздігі түрінде асқынған көптеген жағдайларға әкелді. Дегенмен, ауруханаға түскен барлық науқасқа қажетті емді көрсете алдық. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін вакцинациядан қорқатын ата-аналар бар. Бірақ өз балаңыздың өмірін ойлап көріңіз. Иә, вакцинациядан кейін қызуы көтеріліп немесе ауырсыну сезімі пайда болуы мүмкін. Алайда вакцина салдырмаған жағдайда, егер бала ауырып қалса, оның жағдайы әлдеқайда ауыр болатыны анық, – деді спикер.

Дәрігер жыл сайын балалар мен ересектердің денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін тұмауға ерекше назар аударды.

– Тұмау вирусы өте ауыр ауру, себебі ол қайталама бактериялық инфекцияларға жол аша алады. Пневмония да дамуы мүмкін, ол өздігінен қауіпті әрі балалар үшін өте қатерлі, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Егер балаңыз ауырса, оның қызуы көтерілсе, оны дәрі-дәрмекпен емдеудің қажеті жоқ. Балаға стационарлық ем, соның ішінде вирусқа қарсы терапия қажет, – деп атап өтті Имдат Эфендиев.
Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұмау мен ЖРВИ алдын алудың негізгі шараларын еске салады:
—  жеке гигиенаны сақтау;
— қолды жиі жуу керек, егер қолды сабынмен жууға мүмкіндік болмаса, құрамында спирт бар немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдалану;
— халық көп жиналатын жерлерге баруды шектеу;
— мектеп және мектепке дейінгі балалар мекемелеріне ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды жібермеу;
— салауатты өмір салтын ұстану, жеткілікті ұйықтау, құрамында ақуыздар, витаминдер мен минералдар бар мүмкіндігінше көп тағамдарды жеу, физикалық белсенділікті арттыру.

Құрметті Абай облысы тұрғындары, егер қоғамда егілмегендер мен вакцинадан бас тартқандар көбейсе, ұжымдық иммунитет төмендейді, сондай-ақ қоршаған ортада инфекцияның қоздырғышы көбейгеннен күшейіп, ауру адамдар арасында өрши бастайды.
Демек, ҚР әр азаматы қырағылық танытып, жауапкершілікпен халық арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың таралуының алдын вакинациялаумен алған жөн!

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

2 дня бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

2 дня бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

2 дня бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

2 дня бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

3 дня бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

4 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

4 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

4 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС