"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 48 әлеуметтік нысан бой көтереді

01.04.2025
Абай облысында 48 әлеуметтік нысан бой көтереді
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 48 әлеуметтік нысанның жобалау және құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның 11-і меморандум аясында жүзеге асса, 37 жоба бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов мәлімдеді.

— Биыл облыс аумағында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында 48 жаңа нысан салынады. Оның 21-і – денсаулық сақтау, 12-сі – спорт, 9-ы – мәдениет, 4-еуі – білім беру, 2-еуі – әлеуметтік қамтамасыз ету саласына тиесілі. Бұл нысандар өңір тұрғындары үшін маңызды қызметтерді қолжетімді етіп, өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді. Осы орайда, денсаулық сақтау саласында 21 нысанның құрылысы жоспарланған. Облыс орталығы мен аудандарда алғашқы медициналық көмек көрсету орталықтары, көпбейінді ауруханалар мен жедел жәрдем инфрақұрылымы жаңартылуда, – деді Шыңғыс Риаханов.

Спикердің айтуынша , Жаңасемей ауданында 14 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы бой көтереді. Семейде 300 орындық екі емхана, жедел жәрдем қосалқы станциясы, көпсалалы балалар ауруханасы мен облыстық аурухана салынады.Сондай-ақ, білім беру саласында да 4 маңызды нысан салынбақ. Бүгінде жобалау жұмыстары аяқталуға жақын.

— Биыл Қарауыл ауылында Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының 200 орындық интернаты мен Ақтоғай кентінде жаңа балабақша салу үшін құжаттар әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, Үржар ауылында 240 орындық балабақша және Қарағайлы шағын ауданында 400 орындық «Білім-инновация» лицейінің құрылысы басталады. Бұл нысандар балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, өңірдегі білім беру инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартады, — деп атап өтті басқарма басшысы.

Айта өтсек, өңірде бұқаралық спортты дамыту мақсатында 12 спорт нысаны бой көтермек. Ойшілік, Науалы, Преображенка, Новопокровка, Екпін, Құмкөл және Бақты ауылдарында жаңа спорттық модульдер салынады. Сонымен қатар, мәдениет саласында 9 ірі жоба жүзеге асырылуда. Жаңа мәдениет орталықтары мен ауылдық клубтар салынып, бірқатар нысан жаңғыртудан өтеді. Басқарма басшысының айтуынша , Семейде заманауи конгресс-холл, Үржарда Мәдениет сарайы, Қаратұмада Мәдениет үйі бой көтереді. Бұдан бөлек, Толағай, Көкжыра және Мамай ауылдарында ауылдық клубтар, ал Коростели мен Көктекерде мәдениет үйлері жаңғыртылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС