"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 12 жылу қазандығы жөнделеді

17.06.2025
Абай облысында 12 жылу қазандығы жөнделеді
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтіп, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты.

Жиында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейітқанов, Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев, Аягөз және Жарма аудандарының әкімдері баяндама жасады.

27 мамырда өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов жылу маусымына дайындықты 10 маусымға дейін өзектендіруді тапсырған болатын. Алайда бұл тапсырма бірқатар өңірлерде, оның ішінде Семей, Аягөз және Жарма аудандарында тиісті деңгейде орындалмаған. Осыған байланысты облыс әкімі бұл салаға жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы тапсырма берді.

Қазіргі таңда облыста орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін 46 жылу қазандығы бар. Биыл 6,6 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, 12 қазандықты жөндеу, 11,2 шақырым жылу желісін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Семейде алты учаскеде магистральдық және ішкі кварталдық желілер ауыстырылуда.

Аягөз қаласында 29 қазандық жұмыс істейді. Бұл қазандықтар 7 жылу көзіне біріктірілген. Халықтың 60 пайызын жылумен қамтитын «Орталық» қазандығын жаңарту жобасы дайындалған. Қуаты 13,2 Гкал-дан 30 Гкал-ға дейін артады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар қаладағы 10,4 шақырым жылу желісін жөндеу үшін жобалық құжаттар әзірленген.

Жарма ауданының Шуақ ауылында 3 қазандық бар. Қазіргі уақытта 2-қазандықты жөндеу қажеттілігі туындап отыр. Ауылдағы 5,2 шақырым жылу желісінің 68 пайызы тозған. Биыл соның 3 шақырымына күрделі жөндеу жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.

Өңірдің көмірге қажеттілігі 1,2 миллион тонна. Бүгінде облыста 16 көмір сату орны және 32 көмір операторы жұмыс істеп тұр.

Облыс әкімі жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін толық аяқтауды тапсырды. Аягөз және Жарма аудандарының әкімдеріне аталған қазандықтар мен желілердің жағдайын тұрақты бақылауда ұстауды, ал басқарма мен облыс әкімінің орынбасарына тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қадағалауды жүктеді.

– Жылыту маусымына толық дайын болу – өте маңызды міндет. Бұл мәселені Үкімет басшысы жеке бақылауда ұстап отыр. Алдағы үш айда барлық жұмысты сапалы орындап, бөлінген қаржыны тиімді игеруіміз қажет, – деді Берік Уәли.

Сонымен қатар, жылу маусымына дайындық барысын апта сайын баяндап отыру, ал ай сайын жиналыс өткізуді жұмыс кестесіне енгізу тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС