"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Курчатов қаласының дамуы – назарда: облыс әкімі тұрғындармен кездесті

12.07.2025
Курчатов қаласының дамуы – назарда: облыс әкімі тұрғындармен кездесті
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласына арнайы жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы қаладағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлар жайлы баяндап, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдады.

Курчатов – стратегиялық маңызы бар қала

Кездесудің басында Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдірәлиев 2024–2025 жылдарға арналған даму көрсеткіштерімен таныстырды. Артынша сөз алған облыс әкімі қаланың ерекше маңызына тоқталды.

– Курчатов – шағын болса да, стратегиялық маңызы зор шаһар. Бұл – Ұлттық ядролық орталық орналасқан қала. Қазіргі уақытта «Ғылымды қажетсінетін аумақтарды» дамыту туралы заң жобасы дайындалып жатыр. Алдағы жыл Курчатов үшін тарихи жыл болады деп сенеміз, – деді Берік Уәли.

Жылу, су, жол, баспана – басты назарда

Аймақ басшысының айтуынша, облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 пайызға өсіп, 3,2 трлн теңгеге жеткен. Ал Курчатовтағы инфрақұрылым мәселелерін шешуге нақты қадамдар жасалуда:

  • Жылу маусымына дайындыққа 3,5 млрд теңге бөлінсе, оның ішінде қаланың қазандықтары мен желілерін жөндеуге 381,6 млн теңге қарастырылған. Қалада бірыңғай жылу көзі салынбақ. Жобаның болжамды құны – 18 млрд теңге.

  • Ауыз сумен қамту бойынша 33 жоба жүзеге асуда. Сорғы-сүзгі станциясын жөндеуге 188,5 млн теңге бөлінген.

  • Қала жолдарының 36 пайызы ғана қанағаттанарлық жағдайда. Биыл көшелерді реконструкциялауға Ұлттық қордан 700 млн теңге бөлінді.

  • Курчатовқа 70 жалға берілетін пәтер берілмек. 4 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған, №3 мектепке пәндік кабинет сатып алынады.

Медицина мен мәдениетке де көңіл бөлінуде

Қалалық аурухананың 4-ші қабатын жөндеуге – 196,9 млн теңге, құрал-жабдықтарға – 102,4 млн теңге бағытталған. Облыс бойынша 6,9 млрд теңгеге медициналық техника сатып алынбақ.

Мәдениет үйінің қасбеті жаңарып, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Балалар лагері де жөнделетін болады.

Халықтың ұсыныстары ескерусіз қалмайды

Кездесу соңында тұрғындар жас мамандарға арналған тұрғын үй салу, бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану сынды ұсыныстарын жеткізді. Облыс әкімі бұл ұсыныстардың барлығы ескерілетінін және Курчатовтың дамуы алдағы уақытта да басты назарда болатынын айтты.

– Курчатов қаласының болашағы зор. Қолдау көрсетеміз. Халық саны артып, қала қарқынды дамитын болады, – деді Берік Уәли.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС