"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Ақ жауын» өнерімен тәнті етті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени шаралар аясында көрнекті күйші-композитор, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің қатысуымен «Абай жолы» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды.

08.08.2025
«Ақ жауын» өнерімен тәнті етті
35
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеш барысында күй өнерінің дарабозы Секен Тұрысбековтің сырлы сазға, терең философиялық мазмұнға құрылған шығармалары орындалып, көрермен жүрегінен орын алды. Оның күйлері арқылы қазақ халқының болмысы, табиғатқа, өмірге, адамға деген көзқарасы саз тілімен өрнектелді.

Қала тұрғындары мен қонақтары, өнерсүйер қауым кешке көптеп жиналып, залға лық толған көрермен қазақтың дәстүрлі өнерін ерекше ықыласпен қабылдап, шынайы ризашылықтарын білдірді.

«Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі дәстүрлі саз өнері мен заманауи классиканы шебер ұштастырып, Абай шығармаларына арналған музыкалық интерпретацияларды жоғары деңгейде ұсынды. Оркестр орындауындағы әрбір шығарма көрерменге терең ой салып, әсерлі әуендерімен тыңдаушының жүрегінде ерекше із қалдырды.

«Семей батыры» мықтыларды сынады

Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық онкүндік аясында Семей қаласында, Ертістің жағалауында, «Семей батыры» күштік экстрим турнирі өтті. Қаланың спортсүйер жұртшылығы асыға күткен бұл дода бұған дейін екі рет ұйымдастырылған. Биылғы турнирге еліміздің бірнеше өңірінен келген сайыпқыран спортшылар қатысты.

– «Семей батыры» турнирі – мықты жігіттердің басын қосатын ерекше жарыс. Турнир осыған дейін қала көлемінде екі рет өтті. Спортшылардың жарысты жарақатсыз, сәтті аяқтауына тілектеспін, – деді турнирдің ашылуында сөз сөйлеген Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев.

Жарысқа қатысушылар  70 келілік ауыр қапты көтеріп жүру, 70 келілік зерхерді барынша ұзақ ұстап тұру, 32 келі тартатын гір тасын жұлқа көтеру, 50 келілік бөренені мойнына қойып отырып-тұру, ауыр салмақтағы дөңгелекті аудару, 70 келілік екі гантельмен фермерлік серуен жасап, 20 минут бойы автобус сүйрету сынды сайыстарда күш сынасты.

Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Қуат Исажанов турнирдің аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

— Бұл – спортшылардың шыдамдылығы мен күш-жігерін талап ететін нағыз батырлардың сайысы. Бұған дейін тек Семейдің спортшылары қатысса, биылғы жарысқа Семейден жеті, Өскеменнен үш, Павлодардан бір спортшы келді. Бәріне сәттілік тілеймін, – деді ол.

Турнирде спортшылардың күш-қайраты ғана емес, ептілігі мен шыдамдылығы да сыналды. Көпшіліктің қошеметіне бөленген қатысушылар өз мүмкіндіктерін барынша көрсете білді.

Сайысқа облысымызд атынынан қатысқан спортшылардың бірі Нұрлан Жұмақанов бұл додаға өзін сынап көру үшін келгенін айтады. Ол, жалпы, қол күресімен айналысады екен, дегенмен экстрим жарысқа да қатысып көруге бел буыпты.

Жарыс қорытындысы бойынша, 1-орынды Өскемен қаласының спортшысы Вадим Макарцов, 2- орынды семейлік жерлесіміз Нұрбол Азизов, 3-орынды Өскемен қаласының батыры Темірлан Кенжеханов иеленді.

Жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Кәмшат СЕРІКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

2 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

2 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

3 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

3 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

6 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС