"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Алакөлдің инфрақұрылымы жақсарады

08.08.2025
Алакөлдің инфрақұрылымы жақсарады
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. «Жиында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жазғы маусымға демалыс орындарының дайындығына және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру барысына қатысты берген тапсырмалардың орындалуы, интернетке қолжетімділікті жақсарту мәселелері қаралды»,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Баян ТӨЛЕУҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, аудан және қала әкімдері бейнережимде қатысты.

Алакөл жағалауында атқарылған жұмыстар туралы туризм басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Марат Қабақов, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов, Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаров, Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Мұхаметқалиев баяндады.

Алакөл жағалауының инфрақұрылымын нығайту, санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Демалыс аймағында 70 қоқыс жәшігі мен 50 контейнер орнатылып, қоқыс жинаушылар саны 35 адамға көбейтілді. Жаңа екі техника сатып алынды. Қазіргі уақытта тұрмыстық қалдықтар полигонының жобалық-сметалық құжаттамасы сараптамадан өтіп жатыр. Жағалауға қосымша 7 құтқару мұнарасы, 6 пирс, 30 шешінетін кабиналар мен тыйым салатын белгілер қойылды. 8 жаңа дәретхана орнатылып, олардың жалпы саны 16-ға жетті. Жағалауды нығайту жобасының сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Кәсіпкерлердің көлеңкелі табысын азайту және салықтық түсімді арттыру бағытында жұмыс күшейтілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күн сайын 5 су көлігі мен 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жағалауда 22 қызметкер мен 11 арнайы техника кезекшілік етеді. Көл жағалауында құтқару станциясының құрылысы басталды. Қабанбай ауылында өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр. Облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген. Бүгінде 57 681 түп ағаш отырғызылып, суарудың үнемді жүйесі енгізілді.  Көктемгі екі айлық тазалық шарасы барысында 146,6 мың аула, 2226 саябақ, 947 ескерткіштің аумағы тазартылды. 45,8 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Ғарыштық мониторинг арқылы облыс бойынша 182 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың көбі Семей қаласы, Жаңасемей, Аягөз, Бесқарағай және Бородулиха аудандары аумақтарында орналасқан. Бұл үйінділерді жою жұмыстары жалғасуда. Жиын соңында аймақ басшысы Алакөлдің инфрақұрылымын жақсартуға, өңірдегі демалыс орындарын абаттандыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Алакөл жағалауындағы ретсіз сауданы жою, заңсыз жағажайларды балансқа алып, инфрақұрылым тарту, санитарлық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су полициясын құру және банкоматтарды орнату бойынша салаға жауапты орынбасарлары мен тиісті басқарма, департамент басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Облыстағы барлық туристік сала субъектілерінің салық төлемдерінің ашықтығы мен толықтығына бақылау жүргізуді, аудан-қала әкімдеріне «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

25.08.2026
«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның...

Толығырақ...Details

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

25.08.2026
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

25.08.2026
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21...

Толығырақ...Details

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

18 часов бұрын

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

18 часов бұрын

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

18 часов бұрын

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

2 дня бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

2 дня бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

2 дня бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

2 дня бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

2 дня бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС