"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Самұрық-Қазынадан» Ерекше жандарға Ерекше сый

08.08.2025
«Самұрық-Қазынадан» Ерекше жандарға Ерекше сый
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған он күндік мерейтойлық шаралар жоғары деңгейде өтуде. Онкүндік аясында Семей қаласы мен облыстың барлық аудандарында әдеби кештер мен шығармашылық кездесулер, көрмелер мен байқаулар, спорттық жарыстар, марафондар ұйымдастырылуда.

«Самұрық-Қазынадан» Ерекше жандарға Ерекше сый

Мерейтойдың алтыншы күні Семей қаласында көру қабілеті шектеулі азаматтарға арналған арнайы кітапхананың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов және зиялы қауым өкілдері қатысты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет» деп атап өткен болатын. Бұл жаңа кітапхана – ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың білімге құлшынысы мен ізденістеріне тиісті жағдай жасауда айрықша маңызға ие. Олардың білім алу, шығармашылықпен айналысу, мәдени және рухани даму мүмкіндіктерін кеңейтуде ерекше рөл атқарары сөзсіз. Кітапхана заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда Брайль қарпіндегі әдебиеттер, дыбыстық кітаптар, арнайы техникалық құрылғылар мен сандық ресурстар кеңінен қолжетімді. Кітапханада 41 000-нан астам кітап қоры бар. Мұның барлығы инклюзивті қоғам құру жолындағы нақты әрі маңызды қадам болып саналады, – дей келе облыс әкімі «Самұрық-Қазына» қорына өз ризашылығын білдірді.

Жылына 15 мыңнан астам келушіні қабылдайтын инклюзивті кітапхана «Самұрық-Қазына» қорының Абайдың 180 жылдығына орай өңір халқына жасаған ерекше сыйы болып отыр. Жоба «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен 410 миллион теңгеге қаржыландырылды. Бұл – еліміздегі өңірлік деңгейдегі ең ірі және заманауи инклюзивті мәдени-әлеуметтік нысандардың бірі.

«Самұрық-Қазына» қоры соңғы бес жылда облысымызда білім, спорт және әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытында жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын 14 жобаны жүзеге асырған.

– Қазіргі таңда облыс әкімдігімен бірлесіп Семейдің Ұшақтар шағын ауданында 900 млн теңгеге үстел теннисі орталығын салу жоспарлануда. Бұл жерде 4 мыңға жуық тұрғын спортпен айналыса алады. Бұл – аймақтық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамаларымыздың бірі, – деді  «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 852 шаршы метр. Нысан зағип және нашар көретін жандардың қажеттіліктеріне бейімделген. Кітапхана заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған. Тифлотехнология кабинеті, Брайль жүйсімен оқу-жазу бөлмесі,  дыбыстық әдебиеттер қоры, коворкинг және оқу залдары, библиографиялық ақпараттар бөлімі, әдебиеттерді өңдеу және толықтыру бөлімі бар.

— Кітапханамыздың жаңа ғимараты заманауи талаптарға сәйкес салынған деп ойлаймын. Бұл ерекше кітапхана екен. Өте қуаныштымыз,- дейді. «Шамшырақ» зағип және нашар көретін қорының меңгерушісімін зағип жан Марат Әлиасқаров.

Мұнда ерекше жандардың кедергісіз жүріп-тұруына, білім алуына барлық жағдай жасалған, арнайы тұтқалар да орнатылған. Келешекте кітапхана базасы толық электронды каталогқа көшірілмек. Қазіргі күні кітапхана қорында 41 мыңнан астам кітап бар.

— Бүгін ерекше күн болып тұр. Қазақ «Жанарымды алғанша, жанымды ал» демей ме. Бүгінгі шара дәл осы сөздің салмағын терең ұғындыратын тағылымды оқиға болды. Көз жанарынан айырылғанымен, көкірек көздері ояу, жүректері нұрға толы жандарға арналған орталықтың ашылуына келіп тұрмыз. Жаратқан бір мүмкіндікті алса, екінші бір қасиетті артығымен береді деген тәмсілдің растығына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Тағдыр сынына мойымаған жандардың бойынан қайсар рухты байқап келеміз. Жаңа ғимараттың салынуына қолдау білдірген «Самұрық-Қазына» қоры мен облыс басшылығына алғысымыз шексіз. Сіздер жарық дүниенің нұрына зәру жандарға үміт пен мейірімнің сәулесін сыйлап отырсыздар. Бұл – нағыз адамгершіліктің, шынайы жанашырлықтың көрінісі,- деді ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов.

Семей қаласы әкімдігі ғимарат маңын абаттандырып, шырша отырғызып, кіреберіс жолдарға асфальт төселді.  Кітап қоры толық көшіріліп, кабинеттер мен сөрелер ретке келтірілді.

Кәмшат Серікқызы

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

10 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

10 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

1 день бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС