"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘУЕЗОВТЕГІ ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ

Әуезов кентінде бастауыш ардагерлер ұйымдарына арналған аудандық семинар өтті.

15.08.2025
ӘУЕЗОВТЕГІ ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Есболовтың бастамасымен бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған семинардың жұмысына ауданның шалғай ауылдарынан бастауыш ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен мүшелері келіп қатысты. Қай уақытта, қай жаста болсын, қоғамдық істерден шет қалмайтын ардагерлер бұл жолы да ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін көрсетті. Семинарға Аягөз ауданымен шектесетін Үшбиік ауылынан Мерғали Қабаев, Аршалыдан Нұрбек Ақбаев, Жарма кентінен Тәуірбек Наушабаев, Қаратөбеден Жұмағазы Нұрғалиев, Шар қаласынан Тоқтарбек Айқынбеков, Божығұрдан Құрманғали Бұқаров сынды ардагерлер, сондай-ақ жаңадан сайланған төрағалар келді.

Бұл жиынның Әуезов кентінде өтуі бекер емес. Бүгінде жылдан-жылға көркейе түскен бұл кенттің тіршілігі жанданып келеді. Мұндағы ардагерлер кеңесін зейнеткер ұстаз, көп жылдан бері қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген Елеусіз Жангөбекова басқарады. Кеңес мүшелері Шаяхметов Төлеуғазы, Ысқақов Серікхан, Рахымбаев Серікхан, Әзілжанов Дулат сияқты азаматтар төрайыммен бірге ұйымшылдықпен жұмыс жүргізіп, барлық маңызды мәселелерді ақылдаса отырып шешеді.

Кент ардагерлеріне әкімшілік ғимаратынан арнайы орын берілген екен. Кеңседегі құжаттардың ұқыпты сақталуы, жұмыс мәдениеті семинарға қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Шараға жиналғандар кенттегі ардагерлер кеңесінің  жұмысымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинардан соң қонақтар кентті аралады. Алдымен Мұхтар Әуезовтің ескерткішіне барып жазушының рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Осы ескерткіштің ашылу салтанатына кезінде жазушының ұлы Мұрат Әуезовтің өзі қатысып, «Әкемнің мүсіндерінің ішінде дәл өз бейнесіне ұқсайтыны осы» деп жоғары баға берген екен.

Осыдан соң ардагерлер белгілі меценат Қалиев Оразхан Амалханұлы салдырған зәулім мешітке барып, Құран оқыды. Бүгінде Ресейде тұратын кәсіпкер Оразхан Амалханұлы жерлестеріне үнемі қолдау көрсетіп келеді. Келесі кезекте аға буын өкілдері Орталық саябақты аралап, Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне қойылған ескерткіштің жанында батырлардың рухына тағзым етті.

Семинарға қатысушылар Бақыршық орта мектебіне де бас сұқты. Мектепте жаңа оқу жылына дайындық жүріп жатыр екен. Білім ошағы қазіргі заманға сай жабдықталған. Абаттандырылған кең алаңда ауылдың барлық іс-шаралары өтеді екен.

Кенттегі жаңа үлгіде салынған мәдениет үйі мен Бақыршық Мамайұлының  биік ескерткіші қонақтардың назарын бірден өзіне аударды. Ескерткіште Бақыршық бай елін жоғарыдан барлап тұрғандай. Мүсінді меценат Жомарт Садуақасов жасатқан екен.

Кентте атқарылып жатқан игі істердің басында демеуші кәсіпорын – Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны тұр. Осы кәсіпорынның қоғаммен байланыс директоры Тимур Өткелбаев семинарға арнайы келіп қатысып, мекеменің әлеуметтік жобалары жайлы айтып берді. Кәсіпорында мыңнан астам адам жұмыс істейді, қосымша мердігерлермен бірге екі мыңға жуықтайды. Жұмысшылардың 80 пайыздан астамы  – Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары, оның ішінде 34 пайызы  Жарма ауданынан.

Тимур Өткелбаевтың айтуынша, қазіргі күні кәсіпорын Жарма техникалық колледжімен бірлесіп, мамандар даярлауда. Білім беру ұйымдарына гранттар бөлініп,  оқушылар тәжірибеден өтеді. 2022 жылдан бері әлеуметтік-экономикалық меморандум аясында кентке 460 млн теңгеден астам қаржы бөлінсе, 2024 жылы бұл сома 765 млн теңгеге жеткен. Аталған қаржы мәдениет, білім, инфрақұрылым, медицина салалары мен қайырымдылық шараларға жұмсалған.

Әуезов кентінің көшелері жөнделіп, балабақшалар, балалар алаңдары, мектептер, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, әкімшілік ғимараттары жаңартылып жатыр. Аталған кәсіпорын “Батыр” хоккей командасына демеушілік қолдау көрсетіп келеді,  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы аналарға да көп көңіл бөлінеді.

Семинар соңында қатысушыларға дастарқан жайылып, концерт ұйымдастырылды. Әуезов кентінің Әжелер ансамблі ұлттық әндерден шашу шашты. Ансамбль жетекшісі Күміс Сейітқазинова әже 70 жасқа келсе де қимылы ширақ. Оның жетекшілігіндегі ансамбль облыстық байқауда жүлделі 3-орынды иеленген. Өнер ұжымы Әуезовтің мәдени өміріне серпін беріп келеді. Кенттегі бірде-бір мәдени іс-шара Әжелер ансамблінің қатысуынсыз өтпейді деуге болады. Күміс апай мен оның ансамблі шипажайда да өнер көрсетеді. Ресейлік басылымда да Әжелер жайлы мақала жарық көрген.

Іс-шара соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Есболов семинарға қатысқан ардагерлерге алғысын жеткізді.

Әуезов кентінің байлығы – жерінде, ырысы – бірлігінде. Ауызбіршілікпен атқарылған істердің нәтижесінде кенттің әлеуеті артып, бүгінде көпке үлгі боларлық игі бастамалардың ошағына айналып отыр.»

Жұмабақыт РАХМЕТОВА,
Қалбатау ауылы, Жарма ауданы

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

26.08.2026
1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

Қазақстанда сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау кезең-кезеңімен енгізілуде. 1 қыркүйектен бастап жаңа талаптар шыны бөтелкелерге құйылған өнімдерге қолданылады....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

26.08.2026
Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

Семейде Semey Hub ұйымдастырған «GovTech саласындағы жасанды интеллектіні дамытудың перспективалары» тақырыбында дәрістік-практикалық workshop өтті. Оған мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, ведомстволық...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

26.08.2026
2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – террористік сипаттағы қатерлерге жедел ден қоюға тартылатын күштер мен құралдардың әзірлігін арттыру. Іс-шара аясында нақты жағдайларға...

Толығырақ...Details

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

25.08.2026
«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның...

Толығырақ...Details

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

25.08.2026
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

25.08.2026
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

8 часов бұрын

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

8 часов бұрын

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

8 часов бұрын

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

1 день бұрын

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

1 день бұрын

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

1 день бұрын

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

2 дня бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

2 дня бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

2 дня бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС