"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ауысып тұрған атаулар

15.08.2025
Ауысып тұрған атаулар
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осыдан жиырма жыл бұрын аудандағы байырғы білім ордаларының бірі — Ақсуат орта мектебіне мемлекет қайраткері Кәрім Нұрбаевтың есімін беру туралы ұсынысты талқылау үшін жиын өтті. Алайда бұл ұсынысты жұртшылықтың бәрі бірдей қолдай қоймады. Көпшілік осы білім ордасында қырық жылдан астам уақыт еңбек етіп, ауданда алғаш болып Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі атағын алған ұлағатты ұстаз Қабдрахман Оразалиннің есімін беру керек деген пікірде болды. Расында, бұл мектепке Оразалин есімі әбден лайық еді.

Дегенмен нақты шешім шығаруға ауданның Құрметті азаматы, осы жолдардың авторының нағашысы Малдыбай Рахымановтың пікірі ықпал етті. Ол кісі пікірталаста қарсы тарапты сабырға шақырып, Қабдрахман Оразалиннің есімі сол кезде «орыс мектебі» аталып кеткен орта мектепке беріледі деп сендірді.

Алайда уақыт өте келе жағдай басқаша өрбіді. Әлгі орыс мектебіне Қабдрахман Оразалиннің емес, Қожакелді батырдың есімі берілді. Әрине, Қожакелді — бір елдің ұранына айналған тарихи тұлға, ел үшін басын бәйгеге тіккен батыр. Алайда оның өмір жолының білім саласына тікелей қатысы жоқ екені белгілі.

Ой көзімен қарасақ, бұл екі атаудың орны ауысып кеткені байқалады. Тоқабай руынан шыққан Қожакелдідей батырдың  есімін мектепке беру аздық ететін секілді. Батыр есімін мектепке емес, ауылға беру әлдеқайда орынды болар еді. Ақсуаттың іргесіндегі Екпін ауылы, негізінен, тоқабайлардың мекені. Ендеше, дәл осы ауылға Қожакелді батырдың есімі берілсе, тарихи әділет тұрғысынан дұрыс болар еді. Ал Ақсуат мектебіне осы қасиетті шаңырақта қырық жыл тер төгіп, сан шәкіртке білім нұрын шашқан Қабдрахман Оразалиннің есімі лайық болар еді.

Ауысып кеткен екі атау деуіміздің мәнісі осы. Біздікі — пікір ғана. Ал түбегейлі шешімді құдайдан бір жас кіші халық өзі айтады.

Мейрам ОРАЛОВ,

ардагер журналист,

Ақсуат ауылы

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

11 часов бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

12 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

12 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

1 день бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

1 день бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС