"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде шекарашыларға арналған мерекелік концерт өтті

19.08.2025
Семейде шекарашыларға арналған мерекелік концерт өтті
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Гарнизондық офицерлер үйінде шекарашылар күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік шараға департаменттің жеке құрамы, ардагерлер, офицерлер мен әскери қызметшілердің отбасылары қатысты. Кештің басты мақсаты – ел шекарасын күзетіп жүрген сарбаздар мен офицерлердің еңбегін ұлықтау, ардагерлерге құрмет көрсету және жас буынға патриоттық тәрбие беру болды.

Салтанатты жиында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Ахметов Асхат Болатович сөз сөйлеп, жеке құрамды және ардагерлерді құттықтады. Ол өз сөзінде:
– Бүгінгі мереке – тек әскери қызметшілердің ғана емес, барша қазақстандықтардың ортақ қуанышы. Өйткені мемлекеттік шекараны қорғау – еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының басты кепілі. Әрқайсыңыздың қызметтегі жауапкершілігіңіз бен ерліктеріңіз – халықтың сенімі мен мемлекет қауіпсіздігінің негізі, – деп атап өтті.

Шара барысында ҚР ҰҚК Төрағасының, Шекара қызметі директорының және департамент бастығының атынан шекарашыларға құрмет грамоталары табыс етілді. Бұл марапаттар қызметін адал атқарып, кәсібилігімен ерекшеленген әскери қызметшілердің еңбегіне берілген лайықты баға болды.

Кеш қонақтарының арасында “Застава тарландары” республикалық қоғамдық ардагерлер бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалының төрағасы, запастағы подполковник Еркешов Анарбек Еркинович болды. Ол ардагерлердің атынан құттықтау сөзін айтып, қазіргі буынның ерен еңбегіне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Чуримбаев Айдын Амангельдыевич жеке құрамға жүрекжарды лебізін білдірді. Оның айтуынша, шекарашы мамандығы – тек қызмет емес, үлкен жауапкершілік пен елге адалдықты талап ететін абыройлы міндет.

Кеш соңында Гарнизондық офицерлер үйінің өнерпаздары көпшілікке арнап әсем әндер мен әсерлі билерін ұсынды. Ән мен жырдан шашу шашылған бұл сәт қатысушылардың мерекелік көңіл-күйін көтеріп, шекарашыларға ерекше рух берді.

Бұл шара ел қорғаны – шекарашыларға деген қоғамның құрметін тағы бір мәрте айшықтап, болашақ ұрпаққа өнеге боларлықтай мазмұнды кешке айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

10 часов бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

11 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

11 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

1 день бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

1 день бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС